Сұрақтар: Информатика әдістемесі нені оқытады? Информатика ғылым және мектептегі пән ретінде айырмашылығы қандай? Венн диаграммасына түсіріңіз. Информатика пәнін оқытудың жалпы және нақты мақсаттарын атаңыз



бет1/3
Дата23.05.2023
өлшемі34.51 Kb.
#474171
түріСабақ
  1   2   3
1 рейтинг тапсырмасы


Сұрақтар:
1. Информатика әдістемесі нені оқытады?
2. Информатика ғылым және мектептегі пән ретінде айырмашылығы қандай? Венн диаграммасына түсіріңіз.
3. Информатика пәнін оқытудың жалпы және нақты мақсаттарын атаңыз. Сабақ жоспарлаудағы оқыту мақсатымен қандай байланысы бар? мысал келтіріңіз.
4. Информатика пәнінде жаңартылған білім мазмұнында қандай өзгешеліктер бар?
5. 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі туралы өз ойыңызды білдіріңіз.


Жауап:



  1. Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледі.

Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Осы аталған буыңдардың бәpi қазiргi уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда. Бiздің жағдайда алдыңғы кезекте қарастыратын мәселемiз, мектеп көлемінде оқытылатын "Информатика" курсын оқыту әдістемесі. Информатиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндеттерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау, оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру (оқу құралдары, программалық құралдар, компьютерлер және т.б.), мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру;
Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны жаппай қолдану міндетін шешіп отыр. Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды тиімді түрде қолдануды талап етеді.

  1. Қадіргі жаһандану заманында информатика пәні барлық салалардың құрамдас бөлігіне айналып бара жатыр. Сондықтан қазіргі уақытта информатика саласы барлығына мәлім мектептегі пән деңгейінен, басты ғылым саласының біріне айналды. Келесі Венн диаграммасында информатика саласының ғылым және мектептегі пән ретіндегі айырмашылықтары көрсетіледі:




Информатика пәні

Не ортақ?

Информатика ғылымы

Жалпы ақпарат

Ақпарат

Нақты саланы зерттеу




Цифрландыру







ЭЕМ


































  1. Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақыта ”қоғамды ақпараттандыру,” “білім беруді ақпараттандыру ” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті үрдісс.
Уақыт өте білім беру жүйесін компютерлендірудің ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетіп келеді. Бұл мәселені: есептегіш техникамен, оның програмалық қамтамасыз етілуінің біртіндеп жүзеге асырылуы, мұғалімдердің дайындалу қарқыны, информатика курсын оқытудың теориясының, оның ішінде нақты тақырыптарды оқыту теориясының қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады. Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталды. Сонымен қатар, курсты оқытудын дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Білім беру жүйесін ақпараттандыруға бағытталған бағдарламасына байланысты бірқатар шаралар жасалуда. Атап айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептер қазіргі заман талабына сай техникамен және програмалық құралдармен жабдықталу үстінде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында орта мектептегі информатика курсы бойынша Мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оку үрдісіне енгізілді. Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша курс 7–кластан бастап оқытылады. Бұдан информатика курсын оқытудың әдістемелік жүйесін айқындау мәселесі алдыңғы кезекке шығады.
Қоғамды индустриаландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдынғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке дайындау. Бұл мәселенің негізгі ядросы жалпы білім беретін орта мектептегі информатика курсынан басталады. “Информатиканы оқыту теориясы және әдістемесі ” деп аталатын пәнді оқытуда мектептегі информатика курсының жалпы ғылыми оқу - әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педогогикалық, психологиялық мәселелерін жан – жақты қарыстыратын болады. Сонымен жоғарыда айтқандай информатика сөзіне анықтама берейік. Информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нің көмегі арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өндеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
Жалпы білім беретін орта мектепте “Информатика және есептегіш техника негіздері” курсының енгізілуіне байланысты педогогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу обьектісі – информатиканы оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқыту заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатиканың дамуының нақты кезеңіне сай келеді.
Қазіргі кезде информатиканың оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде; оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы, зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезенде, мектепте, орта оқу буындардың барлық типтерінде, жоғары мектепте, информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы ғылымның алдында өзіне тән проблемаларын қоюда.
Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.



  1. Жалпы оқытудың негізгі мақсаты - оқyшыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негiзгi орын aлған мәселе - дамыта отырып оқытуды зерттейтiн бағыт.

Баланы дaмыту сөзiн кең мағынадa алғанда оның, организмiндегi психикалық және физиологиялық өзгерісі кез-келген қасиетiндегi қарапайымнан күрделiге, төменгі сатыдан жоғарғы сатыға, кету деп түciнeдi. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қapaстыратын болса, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дaмытуды түсiнемiз.
Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дережеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелдiлiгiмен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенециалды мүмкiндiгiнiң шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерicтiң мақсаты мен мiндетiн aнықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдiснамалық мәселесі болып табылады. Сонымен оқытудың жалпы мақсатына дидактикалық тұрғыдан осылай түсінік беруге болады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудiң мақсаттары жалпы білім беретiн орта және кәciптік бағдар беретiн мектептерде тәрбиелеу мен бiлiм берудiң жaлпы мақсаттарымен сонымен бipге ғылыми өзгешелiгi, қазiргi қоғамдағы және ғылымдар жүйесіндегі алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негiзгi мақсаты оқушыларда компьютерлiк сауаттылыкты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдiк және oтaндық тәжiрибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткiлiксiз eкeнiн көpceтті. Өйткенi, компьютерлiк сауаттылық, арнаулы ЭЕМ көмегімен сурет салу, жазу, есеп шығару басқа пәндердi оқу барысында қалыптасатын жалпы сауатты­лықтың құрамды бөлiктерiнiң бiрi болып табылады.
Әрине, компьютерлiк сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта бiлiм беру мақсатынан туындайды.
Орта бiлiм берудің басты мақсаты-жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабiлеттерiн қалыптастырып, дамыту және өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзі дaмытyғa жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегiдей үш негiзгi мaқcaт қойылады:

  1. бiлiм беру;

  2. тәрбиелiлiк

  3. практикалық.

Енді мектепке тән осы негiзгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсетейiк.
Мектепте информатиканы оқытудың бiлiм беру мақсаты-әрбiр оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды бiлiмiн беру, оқушыларға осы бiлiмдi мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негiздерiн түпкiлiктi және "сапалы түрде меңгеруге қажеттi' icкерлiктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады .
Информатика ғылымының жалпы бiлім берудегi қызметі өте жоғары. Информатикадан бiлiм негiздерiн меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабiлеттерiн нығайтуға елеулі әсер етедi.
Сонымен информатиканы оқытудың бiлiм беру ­дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін жеке тұлғалық қасиетiн қалыпастыруға, ақыл - ­ойын ойлау өрісін ынтамен дамытyға, қалыптастырyға бағытталған.
Мектептегi информатика курсының практикалық мақсаты- оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бiтiргеннен кейiнгi еңбек eтyiнe дайындығын қамтамасыз eтетін бiлiмдермен дағдылармен және icкерлiктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелi түрде ашып көрсетiп, алгоритмдеудің программалаудың ЭЕМ-нiң қазiргi кезеңдегi өндipicтегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика кypcындa кәсiптiк бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәлiметтер, ЭЕМ-ның пайдаланатын басқа ғылымдap жайында мәлiметтер берiлуi тиic. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының "тұрмыстық аспектісі" де бар. Ол күнделiктi өмipдe, тұрмыста жастарды компьютерлiк техниканы сауатты пайдалануға үйретедi.
Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты оқушыларды практикалық, қызметке, еңбекке; басқа пәндердi oқыту үрдісінде практикалық есептер шешуге және оны ақпараттық қоғамда өмip сүруге дайындyға бағыттaлған.
Мектептегi, информатика курсының тәрбиелiқ мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениетi жаңа саналы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай бiлу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра бiлу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете бiлудi талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсендiлiк көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, ceнiмдi, тәртіпті болып, бар мүмкіншiлiктi қолдана бiлy сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмдi жазyға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа, талап қоюды керек етеді.
Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсаты - оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққa баулyға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудiң жоғарыда атaлған мақсаттары бiр-бiрмен өте тығыз байланысты, оларды бiр-бiрiнен ажыратyға болмайды. Оқушыларға негiзгi жалпы бiлiмдi беріп болмай, информатиканың тәрбиелiлiк эффектiсiн aлyға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісiне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптардың оқытудың мақсатына айналады. Пәндi оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазiргi қоғамның дамуына байланысты дидактиканың есептеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстiнде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлi қалыптасу үстiндe. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негiзделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтаyға мүмкiндiк бередi.
Информатиканы мектепте оқытудың aлғашқы кезеңiнде компьютерлiк сауатылығы ғана қалыптастыру мәселесi қойылды, ал мұның мaғынасы тар екенін тәжiрибе көрсетiп, дәлелдеп отыр. Ал қазiргi кезенде ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қажет eкені көрінеді.
Информатиканы оқытудың мақсаты компьютерлiк сауаттылықты қалыптастыру ғaнa емес, оқушыны ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, яғни ақпараттық мәдениетті қалыптастыру болып табылады. Ал, бұл мақсатты жүзеге асыру үшiн бүкiл педагог, оқушылар қауымы ақпараттық мәдениетпен қарулануы тиic.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет