1)Педагогикалық шеберлікке жетілдіру ол:
а) оқу-тәрбие жұмысының компоненттерін бір-бірімен үйлестіре жүргізу арқылы педагогакалық іс-әрекетте нәтижеге жету болып табылады.
ә) Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тєсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу.
б) мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
2) "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болғанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" кімнің сөзі?
а) А.С.Макаренко
ә) М.Горький
б) Фомин Юрий Павлович
3) Педагогикалық шеберлікті жетілдірудегі негізгі мақсат:
а)мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
ә) мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
б) Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық іс-әрекетті жоғарғы педагогикалық мамандық негізінде басқара білу.
4) Қарағанды өнер мектебінің директоры кім?
а) Бучин Валентин
ә) Очнур Елена Афанасьевна
б) Фомин Юрий Павлович
5) Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз:
а) мұғалімнің оқу-тәрбие істерін нәтижеге жеткізетін әрекеттер құрылымы.
ә) мұғалімдік мамандық бойынша өзінің алдына қойған мақсатты педагогикалық іс-әрекеті деңгейіне жеткізе нәтижелі түрде іске асыра білу.
б) оқу-тәрбие жұмысының компоненттерін бір-бірімен үйлестіре жүргізу арқылы педагогакалық іс-әрекетте нәтижеге жету болып табылады.
6) Іс-әрекет субъектісі:
а) Тәрбиеленуші және жас жеткіншектерге тәрбие жөнінен әсер етушілер: педагогтар, жанұя, педагогикалық ұжым және жұртшылықтар болып табылады.
ә) Адамдардың қалыптасуының объективтік негізін - қоғамның материалдық-техникалық базасы, қоғамдық қатынастар, тұрмыс салалары, табиғи орта және адамның туа біткен қасиет-нышандары сияқты адамдардың еркі мен санасына тәуелді емес факторлар құрайды.
б) адамдар, заттар, табиғаттың және айнала қоршаған қоғамдық өмірдің құбылыстары осының барлығы оның санасы мен мінез-құлқына, оның рухани әлпеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |