Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін тигізеді. Ойын
Ойын технологиясы
Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін тигізеді.
Ойын – балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға жəне шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді.
Ойын – əрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нəрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» – дейді.
Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар.
Психолог А.С.Выготский: «бала ойнау барысында өзінің кішкентай екеніне қарамастан оның ойлауы, іс-əрекеттері көп жағдайда ересек адам сияқты көрінеді» - дейді.
Я.А.Каменский «ойынды рухани жəне дененің даму қозғалысы»
- деді. Ойындар баланың жасына, халықтың əдет-ғұрпына сəйкес болу керектігін айтты.
К.Д.Ушинский сабақ үйрету барысында ойын элементтерін орынды қолдану оқушылардың білім алу процессін жеңілдетеді – деді.
Жоғарыда айтылған мəселелерді теория жəне практика жүзінде ұлы педагог В.А. Сухомлинский терең жəне жан-жақты қарастырған. Ойын үстінде оқушылар өзі үшін жаттығулар орындап, оқумен жаттығады жəне ойын үстінде салыстыру арқасында тапсырмаларды орындауға тырысады, ойын оқушыларды ізденуге, жеңіске жетуге ынталандырып, бұдан оларды тез қимылдауға, тез ойлауға, тез шешім қабылдауға жəне тапсырманы нақты орындауға əкеледі.
Əрине, бұл жерде ойын ережесі сақталуы керек.
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса, оқу-тəрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.