Сұрақтар мен тапсырмалар: Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын атап, ерекшеліктерін санамалап көрсетіңіз



бет1/5
Дата29.11.2023
өлшемі234.26 Kb.
#484917
  1   2   3   4   5
f6075c201096e7


Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Есімдіктің басқа сөз таптарынан айырмашылығын атап, ерекшеліктерін санамалап көрсетіңіз.
Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын,олардың аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындаладығ
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

  1. жіктеу есімдіктер;

  2. сілтеу есімдіктер;

  3. сұрау есімдіктер;

  4. өздік есімдіктер;

  5. белгісіздік есімдіктер;

  6. болымсыздық есімдіктер;

  7. жалпылау есімдіктері;

Есімдік сөздер сөйлемнен тыс жеке-дара тұрғанда да, сөйлем ішінде қолданылғанда да мағыналары нақтылы емес жалпылама қалыпта болып отырады.
Есімдіктердің негізгі ерекшеліктері:
1) қай сөз табы болмасын, оның өзіне тән (немесе жартылай тән) сөз жасау жүйесі болады. Осындай жүйе есімдіктерде жоқ. Жалпы бүгінгі тіл заңдылықтары тұрғысынан есімдіктер басқа сөздерден жасалмайды;
2) есімдіктер тек грамматикалық өзгерістерге ғана ұшырайды, септік, көптік, тәуелдік жалғаулары арқылы түрленеді.
3) тек есімдіктерге ғана тән грамматикалық, категориялар жүйесі жоқ.
Бұл ерекшеліктер ҮІ-ІХ ғасыр түркі жазба мұралары тіліне де, қазіргі түркі тілдеріне де ортақ.
Есімдіктің морфологиялық ерекшеліктері.

  • Есімдік те –өзіндік түрлену жүйесі жоқ сөз табы. Алайда заттық мағыналы есімдіктер сияқты зат есімге тән қосымшаларды да қабылдай алады. Сондай-ақ белгі мағыналы есімдіктер заттанып, зат есімдердің қосымшаларымен түрлене береді. Мысалы, Ол оқи да, жаза да білмеуші еді. Мұны көріп тұрған Берікбол мен Малтабар сарттың дүкенінен шықты.

  • Есімдіктерді өзге сөз таптарынан бөліп, жеке даралап тұратын морфологиялық ерекше белгісі –есімдіктердің бәріне бірдей, бәріне тең ортақ заңдылық деп қарауға болатын белгілі бір формалар немесе өзгеру тәсілдерінің жоқтығы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет