Есімдік. Бастауыш сыныптарда атаушы есімдерді оқыту



Дата20.05.2022
өлшемі258.74 Kb.
#458229
17 билет дұрысы


17-билет
Есімдік. Бастауыш сыныптарда атаушы есімдерді оқыту
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттардың атын, сынын, санын я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың орнына жұмсалады. Сондықтан оларды орынбасар сөз табы деп те атайды. Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді.


Бастауыш сыныптарда зат есім, сын есім, сан есім жəне есімдіктерді оқыту төмендегідей мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді: грамматикалық ұғымды таныту; сұрақ қою арқылы атаушы есімдерді таптырту; кісінің аты- жөні, жер-су аттарының т.б. бас əріппен, күрделі есімдердің жазылуы, сан есімнің жазылу емлесін дағдыға ендіру; есім сөздердің түрленетінін таныту жəне қолдана білуге үйрету; сөз таптарының меншіктік мəнін, оның тəуелдік жалғауларын таныту; синтаксистік қызметін түсіндіру, дұрыс қолдануды игерту; формаларының өзгеруіне байланысты емлелерін меңгерту; сөздерді талдау, салыстыру, анықтау тəсілдерін дұрыс қолдана алуға үйрету т.б.


Атаушы есімдерді оқытуда көзделетін мақсат барлық білім-дағды, білік берерліктей міндеттермен өзекті байланыс тауып отырады. «Сөз» деген грамматикалық ұғымды оқушыларға таныту кезінде мұғалім алдымен таныс, күнделікті сөйлеу тілінде қолданылатын сөздерді алып, жан-жақты талдап, оның тұлғалық, мағыналық ерекшеліктерін сұрақ-жауап əдісімен түсіндіреді. 1-сыныптан бастап-ақ оқушылар сөздердің бірнеше топқа бөлінетінін байқайды. Сөздердің осындай топтарымен іс жүзінде танысқан соң «сөз» деген ұғымның «зат», «сан», «сын», «есімдік» деген ұғымдармен байланысын анықтайды. 2-сыныпта аталған тақырыптар меңгертіліп болған соң, 3- сыныпта зат есімнің тəуелденуі, оның тəуелдік жалғаулары, олардың меншікті мəні мен үш жақ бойынша түрленетіні, сонымен қатар тəуелдік жалғау, оның жекеше жəне көпше түрлері, олардың емлесі көрнекілік, талдау-жинақтау, бақылау, салыстыру тəсілдерін қолданып оқытуды қажет етеді. 4-сыныпта зат есімнің септелуі, емлесі, тəуелденген сөздердің септелуі, көптік жалғаулы сөздердің септелуі жалғаудың мəнін, сұрауларын, емле ережелерін үйретуді талап етеді. Мұнда «септік» деген ұғымды себі тию, байланыстыру деген сөздермен мəндес деп қарастырған жөн. Септік атауларының өзі оның мағынасын ашатынын аңғартқан жөн. Мысалы: ілік – сөздердің бір-бірімен іліктестігін көрсетсе; барыс-бару; табыс-табу; жатыс – орын, мекен; шығыс – шығу; көмектес – жəрдемдесу, көмек ету деген ұғымдарды меңзейтіні практикалық жолмен түсіндіріледі. Бұл ұғымдар нақтылы мысалдарға сұрақ қою арқылы танытылады. Септік жалғауларын оқушыларға тиянақты білдіру үшін мынадай жаттықтыру жұмыстары ұйымдастырылады:
1. Зат есім сөздерді септеп, жалғауларды атау;
2. Өз беттерімен септік жалғауларын сөздерге жалғау, сұрақ қою, мəтіндегі септеулі сөздерді тауып жалғауларын ажырату, астын сызу, ауызша талдату;
3. Септік жалғауларын түрлі ойын түрлері арқылы да өзара оқыту əдісімен меңгерту, оқушы атайды, қарсы оқушы септік түрін атап, мысал келтіреді.
Зат есімнің жіктелуін, жіктік жалғаулардың формалық, мағыналық, синтаксистік қызметі жөнінен танысудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жіктік жалғауларын үйрету ісі синтаксиспен, яғни сөйлеммен байланысты қарастырылады. Зат есім баяндауыш болғанда, жіктік жалғаудың жалғануы зат есімнің жіктелуі деп атайтынын түсіндіреді. Жіктеу жақпен қатысты болғандықтан, «жақ» деген ұғымды жете таныстырып алу керек. Бұл сөздің көп мағыналы екеніне мəн бере отырып, жақ-грамматикалық айырма екенін түсіндірген абзал. Соның ішінде адамның аты-жөні, мамандығы, кəсібін, туыстығын көрсететін зат есімдер ғана жіктелетінін атап көрсеткен дұрыс. Оқушылардың түсінігіне қиындық келтіретін тағы бір мəселе - жіктік жалғау мен тəуелдік жалғауды ажырату жолы. Ол үшін бақылау, салыстыру, талдау əдістерін қолданып, мысалдар арқылы айырмашылығын түсіндіру қажет.
1-сыныпта зат есім, сын есім, сан есімдер тек заттық атаулармен байланысты екені ғана түсіндіріледі. 2-сыныптан бастап нақты ұғымдарды меңгерту жұмысы қолға алынады. Соның ішінде сын есімнің сөз табы екендігін, оған тəн тұрақты белгілер:заттың сындық-сапалық қасиеттерін білдіретінін; қандай? қай? сұрақтарына жауап беретінін; шырай жұрнақтарымен түрленетінін, соның ішінде, салыстырмалы шырайдың ерекшелігін; құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінетінін қарапайым болса да, ғылыми тұрғыдан меңгерту əрбір мұғалімнің шығармашылық деңгейіне байланысты. Сын есімді зат есіммен байланыстыра отырып, сұрақ қойғызу, оның астын ирек сызықпен сызғызып үйрету синтакситік ұғыммен байланысты қарастыру екенін ескерген жөн. Заттардың сындық-сапалық қасиеттерін меңгерту оқушының сөздік қорын молайтып, əдемі сөйлеуге де төселдіретіні анық. Оның тұрақсыз белгілерінің бірі - жалғау жалғанған кезде заттанатыны, сын есімнен зат есімге ауысатыны. Сұрақ қойып, айырмашылығын аңғарту жағы қарастырылғаны жөн. Жаттығу жұмыстары мен грамматикалық талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу - сын есімнің басқа сөз таптарынан айырмашылығын аңғартудағы нəтижелі іс.
«Қазақ тілі» пəні - бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) меңгертетін жəне олардың ақыл-ойын дамытатын пəн. Сан есім туралы ұғым оқушыларға қоршаған ортадағы заттарды санау, ретіне қарай қою, диалог құру т.б. белсенді əдістер арқылы меңгертуге мəн беру қажет. Ең бастысы, төмендегідей мəселелер меңгертілуі шарт:
1. Сан есім –сөз табы
2. Заттың санын білдіреді
3. Қанша? Неше? Нешінші? сұрақтарына жауап береді.
4. Дара, күрделі түрлерін ажырата білу т.б. сан есімді меңгерту зат есіммен байланысты ұғындырылады. Сөйлем ішінде таптыртып, оны ирек сызықпен сызғызу, құрамына қарай дара, күрделі түрін, тұлғасына қарай түбірі мен қосымшасын ажырату жұмыстары шартты белгілер арқылы үйретілгені жөн.
4-сыныпта есімдік туралы, жіктеу есімдіктері, олардың септелуі туралы ұғым-түсінік талдау, салыстыру, жаттығу жұмыстары арқылы меңгертіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет