Сүректі ағаш селекциясы орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау


Жапырақты түрлердің құрғақ және шырынды жемістерінен дәндер алу



бет4/7
Дата29.06.2016
өлшемі0.52 Mb.
#165609
1   2   3   4   5   6   7

Жапырақты түрлердің құрғақ және шырынды жемістерінен дәндер алу. Жапырақты түрлердің құрғақ жемістерінің тұқымдық ішкі заттарынан дәндер алып оларды қоспалардан бөледі.

Қайыңның дәндерін сырға гүлді уқалап алады. Қабыршықтарынан бөлу үшін 2 мм елеуіштен өткізеді, ал қанатсыздандыру үшін - 1 мм елеуіштен.

Қараған, қармала бұршақбастарын кептіріп, бастырады және ұшырады. Жапырақты түрлердің дәндерін алғанда оларды қанатсыздандыруға болады, ол үшін дән тазалағыш «СУМ-1» машинасын қолданады.

Талшын және жаңғақтылардың жемістерін сыртқы қабықтарынан арылтады, сосын қоспалардан тазартады.

Жарамды желудтерді жарамсыздардан бөлу үшін оларды суға салады. Сапасыздарды су бетіне шығады, ал сау желудтер түбіне түседі, оларды жинай кептіреді.

Талдардың дәнін алу үшін сырға гүлдерді 5 - 7см қалыңдықпен құрғақ, желдетілетін орынға жазады. Қауашақ жеміс ашылып ұлпа бөледі, оларды елеуіште дәндерден алшақтатады.

Шекілдеуікті дақылдардың ірі жемістерін жеміс езгіш, жеміс кескіш орындарында өңдейді.

Шырынды жемістер - дәнек жемістілер, жемістер, сүйек жемістер, тұт ағашының жеміс шоғырын сүйек бөлгіш немесе жеміс езгіш машиналарда өңдеп дәндерін жуып алады. Алынған дәндерді жуып араластырып кептіріп отырады немесе арнайы кептіргіште кептіріде, темпрература алма мен алмұртқа 35° С жоғары болмау керек, сүйек жемістілерге 25° С жоғары болмау керек.



Дәндерді қанатсыздандыру, тазалау және сорттау. Тұқым шикі затынан дәндерді алған соң оларды қоспалардан тазартады, сорттайды, ал қанаттыларды қанатсыздандырады. Орман шаруашылығында қанатсыздандыратын ОВС-2, СУМ-1 және тазартып сорттау машинасы МОС-1 қолданылады.

Қанатсыздандыру щеткесі бар барабандарда жүргізіледі. Ол жерде бөлу мен қатар тазарту және сорттау жүргізіледі.

Қарағай мен шырша дәндерін қанатсыздандырғанда, дәндерді жайып сулайды, сосын кептіріп араластыра отырып бөледі.

Сақтауға дайындау және ұйымдастыру

Қылқан жапырақтылар бүрілерін өңдегенде келесі талаптар сақталу керек: бүрілерден дамыған дәндер толық алыну керек; кептіру айналымын азайту және жоғары өнімділік; дәндердің егістік сапаларын сақтау. Бүрілердің ылғалдылығы көп мағыналы, ол жинау мезгілімен байланысты. Негізгі кептірудің алдында бүрілер алдын-ала кептіріліп ылғалдылығы 20-25% аспау керек.

Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, бал қарағайдың т.б. түрлердің бүрілері 4 - 6 жыл, өнгіштігін төмендетпей, сақталуы мүмкін.

Ерте мезгілде жиналған бүрілердің ылғалдылығы 45-60% болады, сондықтан сақтауға салар алдында ашық жерде құрғақ ауа райында, көлеңкеленген немесе жел соғатын жерде 0,3-0,5 м қалыңдықпен жайып кептіреді. Кептірілген бүрілерді 1,5-2м қалыңдықта сақтауға болады.

Қамба және басқа сақтау орындары келесі талаптарға сәйкес болу керек:

- бүрікептіргіштер тоқталмай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бүрілер сақтайтын орын болу керек;

- барлық келіп жатқан бүрілер партияларын бөлек сақтайтын қоймалар керек;

- мүмкіндік болғанша бүрі кептіргіштерге жақын болу керек,

- бүрілер зеңденуді және дәндер шіруді болдырмау үшін жақсы желдетілетін болу керек;

- қамбалар өзі желдетілетін, желдеткіш шахталар арқылы, ылғалды ауаны шығаратын болу керек.

Еменнің жемісін (желудь) ұзақ (1,5 жылдан көп) сақтайтын 150 т. қойма. Бұл жерде самырсындық қарағайдың т.б. дәндерін сақтауға болады. Қойма 3 тоңазытқыш камералардан құрастырылған жылу беретін, компрессорлардан, тұрмыстық т.б. қабырғалары кірпіштен, төбесі бетон, жемістерді құммен араластырып ағаш жәшіктерде сақтайды. Тоңазытқыш камераларда ауа температурасы -2 ден +2 С дейін болу керек.

«411-1-6 типтік жоба» -10т дейін қойма, температура құбылмалы, қылқан жапырақтылар дәндерін 3-5 жыл сақтауға болады. Дәндерді ауа болмайтын шыны ыдыстарда сақтайды. Бұл жобамен салынатын қоймалар температура құбылысы -30 +40 С болатын аудандарда салынады. Бұл жобаның кемшілігі тоңазытқыштары жоқ.

Тұқымдарды сақтау ұзақтығына көп жағдайлар әсер етеді:

- қандай түрге жататыны;

- пісу кезеңі;

- сақтар алдындағы өңдеу;

- сақтау кезеңіндегі өміршеңдігі және ылғалдылығы;

- ауаның ылғалдылығы мен температурасы;

- аэрация;

- саңырауқұлақ және бактерийлермен зақымдану.

Кейбір жұмыстарда тұқым сақтауды ағымды 1-жылға дейін, ауыспалы 1-2 жыл, ұзақ 3-5, одан көп жылдар деп бөледі. Бірақ та ағаш түрлерінің биологиялық ерекшеліктерімен анықталатын сақталу мерзімі болады. Сондықтан аталып кеткен мерзімдер биологияны ескермейді. Тұқымдарды сақтауды екі категорияға бөлген дұрыс болады: қысқа және ұзақ мезгілді.

Жәйлі жағдайларда сақталған дәндер өміршеңдігімен 3 класқа топтандырылады:

- микробиотиктер, өмір ұзақтығы 3 жылға дейін;

- мезобиотиктер, өмір ұзақтығы 3-15 жыл;

- макробиотиктер, өмір ұзақтығы 15 жылдан көп.

Дәннің ылғалдылығы шешуші жағдайлардың біреуі, өміршеңдігіне тік және жанама әсер етеді, яғни саңырауқұлақтар мен бактерий құрамдарына. Егер дәндердің ылғалдылығы 12% көп болмаса, патогендік микрофлора дамуын төмендетіп көбеюі тоқтайды.

Екінші шешуші жағдай ортаның температурасы, ол өміршеңдікті ұзартады. Температура жоғарылаумен дәндердің физиологиялық процестері тездетіледі. Бірақ та, егер ылғалдылық төмен болса, дәндердің өміршеңдігі де төмен.

Бақылау сұрақтары
1. Орман тұқым шикізатын қабылдау және есептеу.

2. Қылқан жапырақтылардың бүрілерінен дәндерді алу, өңдеу.

3. Құрғақ және шырынды жемістерден дәндерді алу, өңдеу.

4. Орман дәндерін сақтау және тасымалдау.

5. Бүрі кептіргіштер типтері, құрамы, жұмыс істеуі.

6. Тұқым қоймалары, типтері.

7. Басты ағаш тұқымдарының тұқымдарын дайындау ерекшеліктері.


16 Тұқымдардың физиологиялық жағдайы
Ағаш және бұта түрлерінің дәндері даму және пісу кезінде өте жоғары физиологиялық белсенділікпен көзге түседі. Олардың құрамында көптеген көмірсулар және азоттық құрамдар бар, дәндер пісе келе олар крахмал, ақуыз, майлар түрінде жиналады. Дәндер піскенде физиологиялық белсенділік төмендеп, ұрық өсуін тоқтатады, қоректік заттар қозғалуын тоқтатады, судың көлемі азаяды.

Барлық дәндер тыныштықта болады, бірақ та ол әр түрлі болады. Кейбір түрлердің дәндерінде жағдайлық тыныштық болады, яғни керек жағдайлар болмаса өнбейді. Егер дәндерге жағдайлар жасалса, тыныштықтан шығып өнеді.

Кейбір түрлердің дәндерінде терең тыныштық болады, олар арнайы дайындықсыз өнбейді.

Терең тыныштық тудыратын жағдайлар:

- дән қабығының қаттылығы;

- ұрықтың айрықша физиологиялық жағдайы;

- ұрықты қоршайтын ұлпаларда ерекше заттардың болуы.

Қараған, қармала, жөке ағашының дәндерінің қабығы су жібермейді, ал шаған мен веймутов қарағайы - оттегін.

Кей түрлерде дәндердің ұрығы піспейді, оларды пісіруге біраз кезең керек. Ұрық морфологиялық піседі, ал физиологиялық өнуге дайын емес.

Терең тыныштықты тудыратын заттар - ингибиторлар 100ге жуық түрлерде бар.


Бақылау сұрақтары
1. Дәндер тыныштығының теориялық негіздері.

2. Дәндердің терең тыныштыққа кету жағдайлары.



17 Тұқымды егуге дайындау
Қазіргі ауқытта тұқымды егуге дайындау тәсілдері тек терең тұқымдық тыныштықтан шығу үшін істелмейді, сонымен қатар тұқымның өну энергиясын , өну және өскіндеу жағдайларын жақсартуға, аурулар және зиянкестермен күресуге, аурулар мен зақымдануларды болдырмауға арналады.

Тұқымдарды өңдеудің келесі түрлері болады: тұқымның өніп шығуын жеңілдету, тұқымды зақымдау, қарға орау, тұқымды сумен өне бастауына жеткізу, тұқымды микроэлементтер және өсу үдеткіштерімен өңдеу, қатты қабықтарға гидротермиялық, механикалық және химиялық әсер ету, улау және уытсыздандыру.



Тұқымның өніп шығуын жеңілдету

Еккен жылы өскін бермейтін түрлерде қолданылады (долана, итмұрын, кәдімгі шаған, жаңғақтар ж.т.б.). Қазіргі уақытта тұқымды төсемікпен араластыру тәсілі қолданылады.

Бұл тәсілді көктемгі егіске қолданылатын тұқымдарға пайдаланды. Жүргізу ұзақтығы және температуралық тәртіп түрдің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты.

Төсемік - жуылған ірі өзендік құм, еленген құрғақ шымтезек. Суланған тұқымды үш есе көп төсемікпен араластырып ылғалдылықты 50 - 60% жеткізеді. Яғни дайындау жұмысы сақтаумен бірге атқарылады.

Жәшікке салынған қосындыларды жер қоймасына салады. Жәшіктер ағаштан жасалады, қабырғалары мен түбіне 0,5-1 см тесіктер істеледі, олар 5 см ара қашықтықта, ал қатарлар 10 см ара қашықтықта орналастырлады. Әр 10-15 күннен кейін қоспаларды араластырып керек болса суландырып отырады. Егер дәндер ерте өне бастаса, онда жәшіктерді қардың астына салады.

Тұқымның орларда өніп шығуын жеңілдетудің 2 түрі бар: жылы орларда (дәндердің тыныштық кезеңі 3-4 айлардан көп); суық орларда (дәндердің тыныштық кезеңі 3-4 айларға дейін).

Жазғы орларды жаңа жиналған, жазда пісетін дәндерге (шие, итмұрын), және өткен жылы жиналған күзде егілетін немесе қысқы мерзімде өңдеуді жалғастыру үшін қолданады. Жазғы орлардың тереңдігі 0,3-0,35 м, жалпақтығы 0,5 м. Дәндерді құм немесе шымтезекпен араластырып, орларды толтырады, бетін тақтайлармен жабады, үстіне 10-15 см қалыңдықпен сабан салады. Әр 10 күннен кейін араластырып керек болса сулап отырады.

Тұқымды зақымдау

Дәндердің қабығын механикалық әсермен немесе зақымдаумен тырнау, ол арнайы машиналармен немесе құммен жасалады. Зақымдағаннан кейін дәндерді суда 12 сағат ұстайды, сосын егеді.



Химиялық әсер ету

Химиялық әсерді қышқылдармен жасайды, сондықтан су және ауа сіңетін болады.

Қарға орауды төмен температурада өнетін дәндерге қолданады. Бұл тәсілмен қылқан жапырақтылар және кейбір жапырақтылар түрлерінің (қарағай, шырша, май қарағай, қараған) дәндері өңделеді.

Тұқымды суда ұстау - тыныштығы бар дәндерді егуге дайындаудың бір тәсілі. Үй температурасындағы суда ұстаған соң дәндерді кептіріп егеді.

Қарағайдың, бал қарағайдың, шыршаның дәндерін күннің көзінде 1-2 сағат ұстаған жақсы көрсеткіштер береді. Қолданылатын су әр түрлі болуы мүмкін: кәдімгі, қардың суы, газсыз, магнитталған, жаңбыр суы.

Қабығы қатты дәндерге гидротермиялық әсер етуді қолданады (зақымдаудың орнына қолдануға болады). Дәндерді қапшыққа салып 1 минутке ыстық суға, сосын 3 минутке суық суға салады, оны 3 рет қайталайды. Негізінде ағаштың түріне байланысты, сондықтан ыстық суда 5 секунд және жоғары ұстауға болады.

Микроэлементтермен тұқымдарды өңдеу. Дәндерді микроэлементтер (B, Cu, Mg, Zn, Mo, Co, I, Ni т.б.) бар ерітінділерде 12-24 сағат ұстайды. Микроэлементтердің өз әсерлері бар: бор өсімдіктердің өсіп - дамуына, әсіресе тамыр жүйесінің; марганец дәндердің өнуін тездетеді; дем алуды және өсімдіктердің ассимиляциясын жақсартады.

Тұқымдардың өнуін үдеттіргіштермен өңдеу. Үдеттіргіштер дәндерге айрықша әсер етеді, өсімдіктердің бастапқы кезде дамуына, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсартуға, олар әр түрлі болады. Концентрациясы мен өңдеу уақыты да әр түрлі: гибберилин, аминоспирт, янтарлық және басқа да қышқылдар. Өңдегеннен кейін дәндерді сумен шаяды.

Дәндерді физикалық тәсілмен өңдеу. Бұл тәсілде дәндерді лазер сәулесімен, рентген сәулелермен, ультра-дыбыспен, электромагниттік күштермен және т.б. өңдейді. Ол әсерлермен дәндердің өнгіштігі және өну энергиясы жоғарылайды.
Бақылау сұрақтары
1. Тұқымды егуге дайындау.

2. Тұқымның өніп шығуын жеңілдету тәсілі.

3. Тұқымды зақымдау тәсілі.

4. Физикалық, химиялық, механикалық әсер ету тәсілдері.



18 Зертханалық жұмыстар
1 – 2 зертханалық жұмыстары. Тұқым сапасын анықтауға орташа үлгі сұрыптау
Бұл сабақты студенттер орман – тұқым бақылау станциясындағы жалпы жұмыс тәртібімен, тұқым тексерудің тарихымен, тұқым зерттеуге арналған мемлекеттік стандарттармен (МСТ), негізгі терминдердің анықтамаларымен, орман шаруашылықтарында тұқым жинап, оларды сақтау және құжаттау тәртібімен танысады. Содан кейін ағаш түріне қарай тұқым партиясының салмағы қандай болатынын және олардан алынатын Жұмыстың барысында тұқымдардың арнайы паспорты мен этикеткасын (1,2 қосымшалар) және орташа тұқым үлгісінің сұрыптау актісін (3 қосымша) толтырады.

1 кесте - Тұқым партиясының шекті салмағы мен орташа үлгісінің салмағы


Тұқым түрі


Партияның шекті салмағы, кг


Орташа үлгінің салмағы, г

Кәдімгі қарағай

50

50

Кәдімгі шырша

50

50

Шренк шыршасы

50

75

Сібір балқарағайы

50

75

Сібір майқарағайы

100

100

Сібір самырсыны

500

1000

Қотыр қайың

75

25

Кәдімгі шегершін

100

50

Бұтақты шегершін (қарағаш)

100

75

Бұтақты шегершін (қарағаш)

200

400

Татар үйеңкесі

200

300

Ұсақжапырақты жөке

200

300

Боз жиде

200

500

Терек

30

15

Жабайы алма

100

150

Орташа үлгіні сұрыптау жұмыстары «Ағаштар мен бұталардың тұқымдары» атты мемлекеттік стандарттар арқылы жүзеге асырылады. Ол стандарттардан ешқандай ауытқуға болмайды, сондықтан мына негізгі терминдердің – тұқым партиясы, ойма, бастапқы үлгі, орташа үлгі – мәнін берік ұғып алу қажет.



Тұқым партиясы деп салмағы нақты алынған, біркелкі бір ағаш не бұта түрінен құралған, паспорты мен этикеткасы бар тұқымдарды атайды. Тұқым партиясы өз құрамына байланысты біртектес болуы шарт:

а) өсіп - өну жағдайлары бірыңғай-бір орман тип тобында; таулы жерлерде теңіз деңгейіндегі бір биіктікте және бір бағыттағы беткейлерде, ал жас шамасы да бір топтағы ормандардан – балауса ағаштардан, орта жастағы, жетілуге жуық әлде әбден піскен немесе ормантұқымдық учаскелерден жиналған;

б) шыққан тегі бірдей – табиғи немесе екпе ормандардан дайындалған;

в) ормандылық құндылығы бірдей – таңдаулы, жақсартылған немесе әдеттегідей;

г) жинау мезгілі (мерзімі) де бір уақыттағы;

д) тұқымдарды немесе жемістерді жинау және өңдеу тәсілдері де бірдей;

е) тұқымдарды бүрлерінен шығарып алу мерзімі бірдей – 2 аптаның ішінде;

ж) сақталу жағдайлары бірдей – ыдыс түрі де, қоймасы да;

з) тұқымның түсі, жылтырлығы, ылғалдылығы, зақымдануы бірдей.

Тұқым сапасын анықтау үшін ең алдымен тұқым партиясынан оймалар алынады, олардан бастапқы үлгі құрастырылады, ал ол үлгіден орташа тұқым үлгісі сұрыпталып, бақылау станциясына жіберіледі.

Ойма дегеніміз азғантай мөлшердегі партияның әр жерінен алынатын тұқым.

Бастапқы үлгі – барлық оймалардың жиынтығынан құралған тұқым.

Орташа үлгі – бастапқы үлгіден зертханалық зерттеуге алынатын нақты мөлшерлі тұқым бөлігі.
Оймаларды сұрыптау
Тұқымдардың түрі мен сақталу жағдайларына байланысты оймалар алу қолмен немесе қармауышпен (щуп) арқылы жүзеге асырылады.

Түрлі жәшіктерге салынған ұсақ және орташа өлшемдегі сусымалы тұқым партиясынан оймалар конусты немесе цилиндрлі қуыс қармауыш көмегімен, болмаса қолмен әр 3 қабаттың (үстіңгі, ортаңғы және төменгі) 5 жерінен алынады. Сонда жалпы оймалар саны 15 болады.

Ірі дәнді тұқым партиясынан (жаңғақтар, сүйек жемістілер, т.б.) оймаларды әр қабаттың 10 жерінен 30-дан кем алынбайды.

Ауызы тігулі қаптардан оймаларды әр қабатынан арнайы қармауышпен тесу арқылы алады, ал ауыздары тігілмеген қаптардан қолмен де алуға болады.

Оймаларды алу тәртібі:

а) тұқым партиясы 10 қаптан аспаған болса, әр қаптан 3 ойма (3 қабаттың әр қайсысынан 1 ойма) алынады;

б) тұқым апртиясы 10 қаптан артық болған жағдайда әр қаптан 2 оймадан алады (ойма алатын жерлерін ауыстырып отырады).

Шыны мен металл ыдыстарына салынған немесе сусымайтын тұқымдардан оймалар сұрыптау үшін тұқымды тегіс жерге төгеді, әбден араластырып, жаймалап тегістегеннен кейін әр ыдыстағы тұқымның 5 жерінен оймалар қолмен алынады.

Еменнің шошқажаңғақ партиясынан оймалар әр жерінен 5-тен кем алынбайды.
Бастапқы үлгі құрастыру
Әр тұқым партиясынан жиналған оймалар тегіс жерге бөлек-бөлек төгіледі, сосын алдымен түр-түсі, иісі, жылтырлығы және басқа да көрсеткіштері бойынша салыстырылады. Осының нәтижесінде тұқымның біртектестігі анықталғаннан кейін, оймалардың өте бір үлкен айырмашылығы байқалмаса, олар біріктіліп араластырылады. Содан кейін осы оймалардан бастапқы үлгі жасалынады.

Бастапқы үлгінің салмағы орташа үлгі салмағынан 10 еседей артық алынады. Тек тұқым партиясы өте аз болған жағдайда бастапқы үлгі жасалмай-ақ орташа үлгі жарты салмағына тең етіліп алынады.


Орташа тұқым үлгісін жасау
Бастапқы үлгіден бір орташа үлгі құрастырылады. Сол арқылы тұқымның тазалығы, 1000 данасының салмағын, өсу қуаттылығын, өнгіштігін, өміршеңдігін, т.б. сапа көрсеткіштерін анықтауға болады.

Тұқымның ылғалдылығын анықтау қажет болған жағдайда ғана бастапқы үлгі қалдығынан стандартқа сәйкес етіліп екінші үлгі жоғарыда келтірілгендей бөлініп алынады.

Орташа үлгі тұқымдарын бөліп алу алдында бастапқы үлгі тұқымы әбден араластырылады да таза тегіс брезент, фанера немесе тегіс тақтай бетіне төгіледі. Осыдан кейін орташа тұқым үлгісі крест тәсілімен болмаса арнайы тұқым бөлгіш құралы арқылы бөліп алынады.

Кресттеп бөлу. Бастапқы үлгі тұқымдары тегіс жерге қалыңдығы 3 см етіліп (ұсақ тұқымдар), ал ірі тұқымдар үшін 10 см-ге дейін шаршылап жинақталған соң, сызғышпен диагональдар бойымен 4 үшбұрышқа бөлінеді. Екі қарама-қарсы жатқан үшбұрыштағы тұқымды алып ыдысқа саламыз, ал қалған екеуін біріктіріп, тұқымдарын араластырып тағы да қайтадан крестеп бөлеміз. Осылай бөлу орташа үлгіге қажетті тұқым салмағы қалғанға дейін қайталана береді.

Орташа үлгіні тұқым-бөлгіш құралы көмегімен алу. Ұсақ және орташа өлшемдегі сусымалы тұқымдарды бастапқы үлгіден арнайы тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу өте қолайлы. Бұл бөлгіштің ерекшелігі оған салынған тұқым екіге қақ бөлініп екі ожауша – ыдысқа түсіп отырады. Тұқыммен бірге оның ішіндегі әр түрлі қосындылар мен басқа да құрамындағы заттар тең екіге бөлініп отырылады.

Бөлгіштің жұмысы дұрыс деп бағаланады, егер ожаулардағы тұқым салмағы бір-бірінен 5 проценттен артық ауытқы қоймаса.Бастапқы үлгі тұқымдарын өзімізге керекті орташа үлгі салмағы бір ожауда қалғанша өткізе береміз.


Орташа үлгілерді тексеруге жіберу
Бөлініп алынған орташа үлгіні тұқымдық сапалылығын анықтауға жібереде оларды тығыз матадан тігілген , алдын-ала суда қайнату арқылы дезинфекциядан өткізілген таза қалталарға салады. Қалтаның ішіне орташа тұқым үлгісімен бірге этикеткасын салып, аузын мықтап байлаймыз.

Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған орташа үлгіні таза, құрғақ шыны ыдысқа салып, аузын жақсылап тығындап, бекітіп жібереді.Этикетканың бір данасын шыны ыдыс ішіне салып, екіншісін сыртына жапсырады.

Бөлініп алынған орташа үлгілер орман тұқымдарын бақылау станциясына жібергенге дейін тұқым партиясымен бірге қоймада сақталынады.

Орташа үлгіні сұрыптауға орман шаруашылығының инженерлері, агрономдар және басқа да арнайы үйретілген мекеме мамандары ғана жүзеге асыруға тиіс. Бұған міндетті түрде тұқым сақталуына жауапты адам да қатысуы керек. Іс жүзінде орташа үлгіні алуға арнайы комиссия құралады. Мекеме бастығының бұйрығы бойынша оған кіретіндер: 1) орман шаруашылығының немесеорманшылықтың қызметкері; 2) орманшы не оның орынбасары немесе учаскенің технигі; 3) тұқымдардың сақталуына жауапты адам-қоймашы немесе орман қорушысы.

Бөлініп алынған үлгілерге белгіленген актінің (3 қосымша) 3 данасы толтырылып, оған қатысқан адамдардың қолдары қойылады және мекеменің мөрі басылады.

Актінің біреуі паспорт көшірмесімен бірге тұқым бақылау станциясына жіберіледі, екіншісі мекеме іс қағаздарында сақталынады, ал үшіншісі өндірістік зерттеуге кеткен тұқымдарды есептен шығару үшін бухгалтерияға өткізіледі.

Тұқымдардың орташа үлгілерін (қапшықтардағы және шыны ыдыстағы) тексеруге ағаш жәшікке немесе берік қорапқа салып, мықты бекітіп жібереді. Егер бірнеше орташа тұқым үлгілері бір жәшікке салынған жағдайда, олардың әрқайсысына тұқым түрі, паспортының нөмірі көрсетіледі.

Қанатты тұқымдарды зақымданудан сақтау үшін орташа үлгілерін нығыздамай салады. Стратификациядан өткен құм аралас тұқым үлгілері арнайы қағазбен тығыздалып оралып, жәшікке салынып жіберіледі.

Орташа үлгілер сұрыптап алынғаннан кейін тұқым бақылау станциясына екі тәулік ішінде жіберілуге тиіс.
Тұқым бақылау станциясының орташа үлгілерді қабылдау
Тұқым бақылау станциясының мамандары тексеруге келіп түскен орташа үлгілердің алдымен құжат қағаздарын тексеріп көреді.

Сонымен қатар ыдыстардың бүтіндігіне, пломбы не мөрдің бұзылмағандығына көз жеткізеді.Содан кейін орташа үлгілердің өзара және тұқым партиясының салмақтарына сәйкестігін, олардың дер кезінде зертханалық зерттеуге түсуін қадағалайды.

Жоғарыда келтірілген талаптардың біреуі сақталмаған жағдайда орташа үлгілер тексеруге қабылданбайды. Ол тұқым кері қайтарылады, ал ол жөнінде 3 күн ішінде тұқым жіберушіге үлгілердің қабылданбаған себеп-салдарын көрсетіп, хабарланады.

Тексеруге қабылданған тұқым үлгілері таразыда өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Тіркеу нөмірі үлгі салынған қапшықтарға немесе ыдыстарға және осы үлгіге қатысы ьар құжаттардың барлығына қойылады.

Орташа тұқым үлгілерінің белгіленген салмақтан (1 кесте) ауытқуы +5 проценттен аспауы керек.

Әр звеноға (3-4 студент) қажетті құралдар мен материалдар тізімі:

1) бастапқы тұқым үлгісі;

2) тұқым-бөлгіш;

3) сызғыш;

4) матадан тігілген қалта, байлау жібімен.

5) тұқым паспорты

6) тұқым этикеткасы

7) орташа үлгі сұрыптау актісі

8) таразы

9) тегіс тақта

10) ожауша

11) қармауыш
3 – зертханалық жұмыс. Өлшеме бөліп алу және тұқым тазалығын анықтау
Өлшеме дегеніміз орташа үлгіден тұқым сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін алынатын тұқымдардың белгіленген бір бөлігі.

Өлшемені төменгі келтірілген тәсілдердің бірін қолданып дәл мөлшерде тұқым түріне байланысты (2 кесте) бөліп, өлшеп алады.



1. Оймалар тәсілі. Орташа үлгіні араластырып, тегіс үстелге немесе тақтайға тұқым дәндерінің өлшемдеріне қарай қалыңдығы 0,5 см-ден 5,0 см-ге дейін тегістеп төгеді. Содан кейін бір-біріне қарсы қаратылған екі қалақшаны түйістіріп, орташа үлгі тұқымдарының 10-20 жерінен оймалар алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет