Стан археологиясы



Pdf көрінісі
бет3/157
Дата02.03.2023
өлшемі2.57 Mb.
#470258
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157
Қазақстан археологиясы

қамтитын Қазақстан археологиясындағы бірінші кезең кӛзге айқын тҥседі.


25 
1917 
жылғы 
революциядан 
кейін 
археологиялық 
зерттеулер 
жалғастырылды, бірақ олар мемлекеттік негізде жҥргізілді. 1919 жылы 
Санкт-Петербургте Материалдық мәдениет тарихы академиясы, ал 1920 
жылы Ташкентте Музей ісі мен кӛне ескерткіштерді, ӛнер мен табиғатты 
қорғаумен шҧғылданатын Тҥркістан комитеті (Туркомстарис) қҧрылды. 
В.В.Бартольдтың ҧсынысы бойынша, комитеттің ең таяудағы міндеті 
археологиялық карта жасау болды. Сӛйтіп, ежелгі ескерткіштерді есепке 
алудың, зерттеудің, сақтаудың негізі қаланды. 
Революциядан (тӛңкерістен) кейінгі алғашқы жылдардағы еңбектер 
ішінен археологтар П.П.Ивановтың Сайрамда және В.Д.Городецкийдің 
Жетісуда, Қазақстанның оңтҥстігінде жҥргізген ізденістерін, Орта Азия 
ертедегі тарихының ең ірі зерттеушісі М.Е.Массонның Сайрам қалашығы 
мен Тҥркістандағы Ахмет Ясауи кесенесі туралы мақалаларын атауға 
болады. Батыс Қазақстанда 1926 жылы М.П.Грязновтың Киргильд-1 және 
Киргильд-2 қабірлерін, Орал-Сай мен Қҧнанбай-сайды ашып, қазба 
жҧмыстарын жҥргізуі бай материалдар берді және андрон мәдениеті тек 
Батыс Сібірге тән деп орнығып келген тҧжырымдаманы тҥбірімен ӛзгертті.
30-жылдары бірқатар ірі экспедициялардың зерттеулері республиканың 
кӛптеген аудандарын қамтыды.
Далалық ізденістер Павлодар аумағында да жҥргізілді. Мысалы, 
П.Драверт Баян-ауыл (Баянаула) елді мекенінен солтҥстік-батысқа қарай 7 км 
жерде орналасқан Жасыбай кӛлі маңындағы жазуы бар ҥңгірді қарап шықты. 
Кӛлдің шығыс жағынан ол ӛзектастар, пышақ тәрізді тілікшелер, жебе 
ҧштары, қырғыштар, шлак кесектерінің топтамасын және мыс заттар 
жиыстырып алады. Мҧндай материалдарды ол Сабынды кӛлінің тӛңірегінен 
де ҧшырастырған, ал Баянауылдан оңтҥстік-шығысқа қарай 5 км жерден 
кӛлемді обалар тобын кездестіргенін жазады. 
1930 жылы Қазақстанның солтҥстік облыстарындағы археологиялық 
зерттеулерді Б.Н.Граков жҥргізді. Ақтӛбе облысынан ол 500-ден аса 
ескерткіштер тауып, картаға тҥсірген, олардың басым бӛлігі қола дәуіріне 
жатады.
Ақмола облысындағы жинақтау және тіркеу жҧмыстарына Л.Ф.Семенов 
басшылық жасады. 
1930-1936 жылдары Қостанай облысындағы Алексеев қонысы мен 
қорымында, ғҧрыптық орында қазба жҧмыстарын жҥргізген О.А.Кривцова-
Гракованың жҧмыстарының ғылыми мәні жоары болды. Ӛзіне дейінгі 
әріптестеріне қарағанда О.А.Кривцова-Гракова бір кезеңге жататын 
жекелеген бірнеше ескерткіштерді тҧңғыш рет қатар зерттеді, бҧларды 
кешенді тҥрде зерттеу мҧнда ӛмір сҥрген тайпалар шаруашылығын
тҧрмысын, материалдық және рухани мәдениетін толыққанды қарастыруға 
маңызды мҥмкіндік тудырған еді. 
1932-1933 жылдары П.С.Рыков жетекшілік еткен Материалдық мәдениет 
тарихы академиясының (Ленинград) экспедициясы Орталық Қазақстанда 
кӛне мҧраны зерттей бастады. Экспедицияның М.П.Грязнов, М.И.Артамонов 
және басқалар мҥшелері қола дәуіріне жататын қоныстар мен қорымдар, 


26 
скиф заманындағы обалар, ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы мола қҧрылыстарын 
тауып, зерттеді. 
Орталық Қазақстан ескерткіштерін зерттеуге В.А.Селевин басқарған 
жаратылыстану-тарихи Бетпақдала экспедициясы (1935) да ӛзіндік ҥлесін 
қосты, ол сусыз далада кездескен шақпақтастан және металдан жасалған 
қҧралдары, қыш ыдыстары бар бірқатар орындарды анықтады, мазар секілді 
сәулет ӛнерінің ескерткіштерін қарап шықты.
1935 жылы КСРО Ғылым академиясы Материалдық мәдениет тарихы 
инситутының С.С.Черников басқарған экспедициясы қҧрылып, ол 1937-1939 
жылдары Шығыс Қазақстандағы қалайы, мыс пен алтын ӛндірген кен 
орындарын зерттеді. Ол металл ӛндірудің әрқилы тҥрлерін бӛліп кӛрсетті, 
кен алу техникасы мен ежелгі кеншілердің қҧралдарын суреттеп жазды. 
Ежелгі кен ӛндірген орындардың кӛпшілігін ол қола дәуіріне жатқызылды. 
Степняк қаласының тӛңірегін зерттеу мақсатында С.С.Черников 1938 жылы 
барлау жҧмыстарына шығып, қола дәуірінің бірқатар қоныстарын зерттеді, 
алтын ӛндірген ежелгі кен орындарынан б.з.б. І-мыңжылдыққа жататын 
біршама материалдар жинап алды. 
1938 жылы С.В.Киселев Қарағанды облысындағы Бесоба, Жаңауыл 
жерлерінде археологиялық ізденістерін жҥргізді. Бҧл жҧмыстардың 
нәтижесінде топырақ ҥйіндісінен тҧратын сақиналар, тас ҥйіндісінен 
тҧрғызылған обалар, «мҧртты» обалар мен тастардың қаландылары секілді 
кӛптеген 
археологиялық 
ескерткіштер 
табылады. 
Қола 
дәуірінің 
материалдары алынған Бесоба қорымында қазба жҧмыстары жҥргізіледі. 
Сарыарқа ежелгі ескерткіштерін, әсіресе кӛне тау-кен ісі мен мыс қорыту 
ӛндірісін зерттеуге Қ.И.Сатпаев та ӛзіндік ҥлесін қосты. 
Қазақстан археологиясының бҧл кезеңіндегі кең кӛлемдегі ізденістер
А.Н.Бернштам басқарған Жетісу археологиялық экспедициясымен де тығыз 
байланысты. Екінші дҥниежҥзілік соғысқа дейінгі тӛрт далалық маусымда 
бҧл экспедиция тарихи-археологиялық жағынан қызықты бірқатар қалаларда 
тікқазба (шурф) арқылы барлау жҧмыстары мен стационарлық қазба 
жҧмыстарын ҥйлестіріп, қызықты материалдар жинастырды. Ауқымы кең 
қазба жҧмыстары ортағасырлық Тараз қаласы мен оның тӛңірегінде 
ескерткіштерде жҥргізілді. Жҧмыс нәтижесінде алынған археологиялық 
материалдардың кезеңдестірілуі жасалып, ғылыми жҧртшылыққа ҧсынылды, 
қала дамуының негізгі кезеңдері анықталып, мәдениетінің қалыптасу 
жолдары анықталды. Бҧл, Қазақстан археологиясы ҥшін ортағасырлық 
қаланы тарихи-археологиялық тҧрғыдан кешенді тҥрде зерттеудің алғашқы 
тәжірибесі болған еді.
Сол кездері қҧрылысы жҥріп жатқан Ҥлкен Шу каналы ӛткен Шу алабы 
да интенсивті тҥрде зерттелінді. 
Археологиялық материалдар негізінде сол кездері жасалған Жетісу 
археологиялық ескерткіштерінің сыныптамасы мен кезеңдестірілуі уақыт ӛте 
келе толықтырылғанымен және нақтыланғанымен айтарлықтай ӛзгерістерге 
ҧшырай қойған жоқ. 


27 
1939 жылы Іле алабындағы ортағасырлық ескерткіштерді зерттеу 
басталды. Олардың орнын белгілеумен қатар, экспедиция Талғар және 
Дҥнгене қалаларының ҥйінділеріне тікқазба (шурф) тҥсірді. Бҧл зерттеулер 
солтҥстік-шығыс Жетісу ортағасырлық мәдениетін тереңдете қарастыруға 
нақты жол ашты. Экспедиция жҧмыстарын қорытындылаған мақаласында 
А.Н.Бернштам мҧндағы отырықшылық-егіншілік мәдениеттердің даму 
жолдары туралы бірқатар пайымдаулар жасады. Жетісудың ежелгі және 
ортағасырлық археологиясына мейлінше ден қою экспедицияға қысқа 
мерзімде ірі кӛлемдегі барлау және қазба жҧмыстарын жҥргізуге мол 
мҥмкіндіктер туғызды. 
Жаңа материалдарды жҥйелеу ортағасырлық қалалардың тарихи 
географиясына, соғдылықтар мен тҥріктердің мәдени байланыстарына, 
қалалардың қалыптасуына қатысты сауалдарды ғылыми тҧрғыдан негіздеуге 
жол ашты. Мәселен, жаңа ескерткіштердің ашылуы, олардың дәлме-дәл 
мерзімін анықтау ӛз кезегінде А.Н.Бернштамға бірқатар қалаларды шынайы 
сәйкестендіруге мҥмкіндік берді.
Қазақстан ғылыми мекемелерінің осы жылдарда қызметі жандана тҥсті. 
Қазақстанның Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсоқ табылған 
олжалардың есебін алу ісін және шағын қазба жҧмыстарын жҥргізеді. 
Баспасӛзде Кӛксу ӛзеніндегі қалашық орны туралы және Жетісу 
ескерткіштері, бақанастық қалалар жайлы М.Тынышпаевтың және 
В.Д.Городецкийдің Талғар қонысы туралы мақалалары шығады.
1938 жылы Оңтҥстік Қазақстан ескерткіштерін қорғау мақсатында 
Жамбылда Г.И.Пацевич басқарған Археологиялық пункт ҧйымдастырылады. 
Г.И.Пацевич 10 жылдан астам уақыт бойы кӛне мҧраларды тіркеуге алып 
отырды, Тараз бен оның тӛңірегіндегі қазба жҧмыстарына жетекшілік етті 
және кездейсоқ табылған олжаларды жинақтады. Пункт Жамбыл облысының 
оңтҥстік аудандарына және Шу ӛзенінің орта ағысындағы аудандарға 
экспедиция ҧйымдастырды, ортағасырлық Тараздан Испиджабқа (Сайрам 
ауылы) дейінгі керуен жолдарының бойында орналасқан материалдық 
ескерткіштерді, яғни қала, бекініс қирандыларын, қоныстар мен обалы 
қорымдарды зерттеп, картаға тҥсірді. Одан басқа, олар Ҥшбҧлақтау, Кӛйке-
Білтау тауларының солтҥстік сілемдері мен Жабағлы тауында барлау 
жҧмыстарын жҥргізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   157




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет