ТӨЛҚҰжаты ақсукент – 2015 жыл Сайрам ауданының қысқаша тарихы



бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#178199
  1   2   3   4



Сайрам ауданының

әлеуметтік-экономикалық даму

ТӨЛҚҰЖАТЫ

АҚСУКЕНТ – 2015 жыл
Сайрам ауданының қысқаша тарихы
Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі. Ауданның тарихы 1928 жылдан басталады. Сол жылы қаңтардың 17-інде Манкент-Сайрам ауданы шаңырақ көтеріп, әкімшілік орталығы Манкент ауылы болды, ал маусым айынан орталық Сайрам ауылына көшірілді. 1930 жылғы желтоқсанның 17-інде Сайрам ауылдық ауданы қайта құрылды, 1934 жылы ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды селосы болды, село 1996 жылы Ақсу ауылы, ал 1997 жылдан Ақсукент ауылы деп аталды.

Аудан орталығы Ақсукент ауылы облыс орталығы Шымкент қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Ақсу өзенінің оң жақ жағалуында орналасқан.

Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан орталығы арқылы халықаралық «Алматы-Бішкек-Ташкент-Орынбор» магистралы мен «Алматы-Ташкент-Мәскеу» темір жол желісі өтеді. Яғни ежелгі «Жібек жолының» бойындағы керуен сарайлары мен әйгілі көне Сайрам жерін халықаралық маңызға ие аймақтардың қатарына жатқызуға болады.

Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін үш өзен мен бірнеше шағын көлдер негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлемінде «Манкент» шипажайы жақсы танымал.

«Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №371 қаулысы және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/177-V Бірлескен шешіміне сәйкес, ауданның 6 ауыл округі 31 елді мекенімен 2014 жылы Шымкент қаласының аумағына өтті.

Халық саны 2013 жылы 319,3 мың адам болса, жоғарыда аталған қаулыға сәйкес 2014 жылы 195,5 мың адам, 2015 жылы 198,8 мың адам болды, бұл жалпы облыс халқының 7,0 пайызы. Ұлттық құрамы: қазақтар - 24,9%, өзбектер – 66,9%, орыстар – 2,9%, басқа ұлттар – 5,3%. Аудан орталығы Ақсукент ауылының халқы 33,9 мың адам.

Сайрам ауданы халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы күрделі, әрі даму потенциалы аса жоғары, көпұлтты аймақ. Ауданның аумағы 114761 га, 11 ауылдық округті біріктіретін 42 елді мекен бар.

Аудан әкімі – Қайназаров Уалихан Анарбайұлы, атаулы лауазым иесі болып 2010 жылдан бастап қызмет етеді.
Сайрам ауданында 56 өнеркәсіп мекемелері жұмыс істейді, оның ішінде: ірі жоқ, 3 орташа, 47 шағын және 6 қосалқы кәсіпорындар.

Шағын кәсіпкерлік дамыған. 2015 жылы ауданда жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 14039 бірлікке жетті, оның ішінде 466 заңды тұлға, 6402 шаруа қожалықтары, 7171 жеке кәсіпкер тіркеліп, оларда 22381 адам жұмыспен қамтылған.

71 жалпы білім беру мектептерінде 47 922 оқушы бар. 77 мектепке дейінгі мекемелерде 9672 бала тәрбиеленіп, қамтылу пайызы 80,0 құрап отыр. Оның ішінде 8 мемлекеттік балабақша, 47 жекеменшік балабақша, 15 жекеменшік шағын орталықтар.

Аудан тұрғындарына 46 медициналық-санитарлық ұйымдары қызмет көрсетеді. Оның ішінде 5 аурухана, аудандық туберкулезге қарсы диспансер және Ақсукент, Қарабұлақ аудандық емханалары, 2 ауылдық емхана, 9 дәрігерлік амбулаториясы, 12 фельдшерлік – акушерлік, 18 медициналық пунктері. Одан басқа ауданда оннан астам жеке-меншік медициналық ұйымдар қызмет көрсетуде.

Ауданда 314 спорт ғимараттары бар, оның ішінде 2 стадион, 7 жабық футбол алаңы, 5 жүзу бассейндері, 62 спорт залдары (мектептерде 51, спорт мектептерінде–1, колледждерде – 4, мекеме және жеке меншіктерде–4), 1 спорт кешені, 2 ату тирлері, 242 спорт алаңдары (футбол алаңдары–68, баскетбол және волейбол алаңдары–174), 2 теннис корты, оқу-жаттығу жиындарын өткізетін орталықтар–1.

Ауданда 328 сауда кәсіпорындары бар, онда 975 адам жұмыс істейді, сонымен қатар 536 сауда орындық 10 базар, 175 қоғамдық тамақтану орындары бар.

Ауданда 30 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетеді, оның ішінде 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 7 ауылдық клуб, 19 кітапхана.

Аудан көлемінде 1128,7 шақырым автокөлік жолдары болса, оның ішінде 22 шақырымы Республикалық, 190,9 шақырымы облыстық, 132,9 шақырым аудандық маңызы бар, ал 774,9 шақырымы ішкі шаруашылық автомобиль жолдары бар.

1 көлік мекеме жолаушыларды тасымалдаумен айналысады.

Сайрам ауданында 4 пария 7 ұлттық мәдени орталық, 26 үкіметтік емес ұйымдар, 148 діни бірлестіктер тіркелген.

Ауданда “Elnur TV” телеарнасы бар. «Исфиджаб» ЖШС “Мәртөбе”, «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» атты газеттерді басып шығарады.
2015 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 104,2 млрд.теңгені, жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 524,2 мың теңгені құрады. Жалпы өнім көлемі ішінде өнеркәсіп өнім көлемінің үлесі 17,5 пайызды, ауыл шаруашылық өнім көлемінің үлесі 36,6 пайызды құрап отыр. Жыл бойында 19,1 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстары 19,5 млрд.теңгені құрап, 17607 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды.

Ауданның 2015 жылға арналған бюджетінің кірістері 13 325,3 млн.теңгеге (өзіндік кірістер 2 383,7 млн.теңге) бекітіліп, жыл бойында 6 рет нақтыланып, кірістер жоспары 17 143,9 млн. теңгені (өзіндік кірістер 2 428,4 млн.теңге) құрады. Өзіндік кірістер жыл басынан 44,7 млн.теңгеге көбейтілді.

2015 жылы бюджеттік түсімдердің жоспары контингент бойынша 129,8 пайызға, аудан бюджеті 139,9 пайызға артығымен орындалды. Аудан бюджетінің шығыстар бөлігі жыл қорытындысымен нақты 99,9 пайызға игерілді. Жалпы шығыстардың 73,2 пайызы білім беру саласына, 3,6 пайызы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа, 4,5 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.

Аудан бойынша белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 14039 бірлікке жеткен, өсім 2,4%. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 40,6 млрд. теңгені құрап, өсім 4,0 % жетті. Бұл салада 22,4 мың адам жұмыспен қамтылған. Төленген салық төлемдері 1034,6 млн.теңге.

«Аймақтық инвестициялық орталық «Максимум»» ЖШС арқылы 167 жоба 912,2 млн.теңгеге нақты қаржыландырылып, 183 жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2015 жылы 14 жоба (10 жоба субсидиялау, 2 жоба кепілдендіру, 2 жоба инфрақұрылым бойынша) 22,5 млрд.теңге көлемінде қолдау алған.

2015 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 18,2 млрд.теңгені құраса, өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 14,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Нақты көлем индексі 103,0 %.

Былтырғы жылы «GOLDEN NOMAD» маркалы тігін фабрикасы, «STRATUS OIL» ЖШС-гі «Мұнайды сақтайтын және өңдейтін кешен құрылысы», "J.F.M. Company" ЖШС «Балық түрлерін өңдеу және консервілеу», “Балғын сүт” ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты ірі жобалар іске қосылып, 390 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Индустрияландыру картасына инвестиция көлемі 5,2 млрд.теңгелік 9 жоба енген, оның 7 жобасы іске қосылып, өнім өндіруде. Олар : синтетикалық тазартқыш заттар шығаратын "Swed Kaz" ЖШС –722 тонна, сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт» ЖШС – 2168 тонна, электр сымдарын өндіретін «KaZ tel» ЖШС – 3833 шақырым кабель, бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал және кебек өндіретін "Bio Grain" ЖШС -4187 тонна өнім өндірген. Сонымен қатар, қуаттылығы 1 мВт күн электростанциясы «Ақсу Энерго»- 1 МВт, «Жеміс және көкөніс консервілерін өндіретін» «Глобус плюс» ЖШС, өнеркәсіптік үлгідегі интенсивті бау «Грейн Ленд» ЖШС-рі жұмыс істеуде.

Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылы 38,0 млрд.теңгеге жалпы өнім өндіріліп, өсім 101,6 пайызды құрады. 48360 гектар жерге егістік егілген, 35 860 тонна дәнді дақыл өндіріліп, орташа есеппен әр гектардан 22 центнерден өнім алынған. Майлы дақылдар 8445 гектар жерден орташа әр гектарынан 8,0 центнерден өнім алынып, жалпы түсім 6756 тоннаны құраған. Сонымен қатар, 140 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, 5 га жерге жылыжай салынып, жылдық жоспар орындалды. Нәтижесінде өсімдік шаруашылығында 18,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 100,2% құрады.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 382 бас мүйізді ірі қара мал, 75 бас етті бағыттағы бұқа сатып алынса, «Құлан» бағдарламасы арқылы 30 бас жылқы алынды. 2015 жылы 10 басқа арналған 78 бірлік бордақылау алаңдары, 15 бастан жоғары 392 бірлік бордақылау алаңдары іске қосылды. Нәтижесінде мал шаруашылығында 19,6 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылмен салыстырғанда 3,6% артқан.

Сайрам ауданы бойынша 2015 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8891,3 млн.теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 101,0 %-ды құрады. Ал, көтерме сауда тауар айналымы 10986,9 млн. теңгені құрап, 100,1 %-ды құрады.

Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 1217,3 млн.теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 117,3 %-ды құрады.

Білім беру саласына 2015 жылы 12,7 млрд.теңге жұмсалды, оның ішінде аудандық бюджеттен 183,2 млн.теңгеге 3 мектепте (№20 С.Сейфуллин, № 1 гимназия, №13 Навои ОМ-рі) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Білім қорына 81,8 млн.теңге қаралды, білім беру мекемелері үшін 244,1 млн.теңгеге оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер сатып алынды. Аудандық бюджет есебінен 19,8 млн.теңгеге 47 мектепке бейнебақылау камералары орнатылды. Тасымалдауды қажет ететін мектеп оқушыларын 100% қамтуға 20,2 млн.теңге жұмсалды.

Республикалық бюджеттен 2015 жылға 2 білім беру нысандарының құрылысына 364,2 млн.теңге қаржы қаралып, Қарабұлақ ауылындағы 900 орындық және Манкент ауылындағы 600 орындық Рашидов атындағы орта мектептерінің құрылыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Ұлттық қордан 3 мектепке: Көлкент ауылындағы 600 орынға арналған №65 Мұзрапов атындағы, Қарабұлақ ауылындағы 600 орындық №81 Ұлықбек атындағы және 600 оқушы орынға арналған №101 ЖОМ-нің құрылыстарына барлығы 850,0 млн.теңге қаржы қаралып, қаржы толығымен игерілді. Нысандар 2016 жылға өтпелі.

Аудандық бюджет есебінен 2015 жылға 2 білім беру нысандарының құрылысына 498,6 млн.теңге қаржы қаралып, оның ішінде Машат ауылындағы 200 оқушыға арналған Машат атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы (154,4 млн.теңге) аяқталып, пайдалануға тапсырылды, ал Таскешу ауылындағы 200 оқушы орынға арналған Тілендиев атындағы орта мектеп құрылысы (344,2 млн.теңге) 2016 жылға өтпелі.

«Балапан» бағдарламасы аясында 1,5 млрд.теңгеге 77 мектепке дейінгі мекемелердегі 7883 орынға мемлекеттік тапсырыс беріліп, оның ішінде 1495 орын жаңадан іске қосылды. Нәтижесінде 9672 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту пайызы 80,0 % болды.

2015 жылы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға 780,3 млн.теңге жұмсалды,оның ішінде 3,4 млн.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 234,4 млн.теңгеге 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 18,5 млн.теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді, аз қамтамасыз етілген емделуге мұқтаж жеке санаттағы 63 азаматқа 1,2 млн. теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленді.

2015 жыл қорытындысымен жұмыспен қамту көрсеткіші 160,4 пайызға артығымен орындалды. Бағдарламаның 1-ші бағыты шеңберінде 45 адам жұмысқа жолданса, 2-ші бағыты бойынша 68 азамат 193,0 млн.теңге көлемінде шағын несие алды, 3-ші бағыты бойынша тұрақты жұмыспен 1899 адам қамтылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 98 адам, 435 адам кәсіби және қайта даярлауға, 123 адам жастар практикасына жолданды.

2015 жылы 5963 нәресте туылып, бір жасқа дейінгі 54 бала шетінеп, жас нәрестелер шетінеу көрсеткіші 9,0 құрады. Жалпы өлім көрсеткіші 3,4. Аудан бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Туберкулезбен аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 17,9-ды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда төмендеген.

Аудан бойынша 30 мәдениет ошағы халыққа қызмет етеді. Нәтижесінде жыл басынан жоспарланған 65 мәдени іс-шаралар өткізілген. Республикалық, облыстық байқаулардан аудан таланттары жүлделі орындарға ие болған.

Аудан тұрғындарының 22,6 пайызы денешынықтыру және спортпен айналысады. Аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі 231 спорттық іс-шаралар өткізілген.

Ауданда 24 елді мекен табиғи газбен қамтылмаған. 2015 жылы 394,8 млн.теңгеге Қарабұлақ ауылының ішкіорамдық газ өткізгішінің құрылысы жүргізілді, нысан 2016 жылға өтпелі. 1415,9 млн.теңгеге «Бейнеу-Шымкент» магистральді газөткізгішінің Түлкібас ауданындағы 1420 шақырымынан Арыс ауыл округі аумағындағы №20 «Жаңақоғам» АГТС және №20 «Жаңақоғам» АГТС құрылысынан Қарабұлақ елді мекені арқылы Көмешбұлақ елді мекеніне дейінгі газөткізгіш құбырының құрылысы жүргізіліп, аяқталды.

Аудан аумағында 42 елді мекеннің 36-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілсе, 5 елді мекенге ауыз су кестемен беріледі, 1 елді мекен тасымал суын пайдаланып отыр. Аудандық бюджеттен 10,3 млн.теңгеге Қарасу ауылының сумен жабдықтау жүйелері құрылысының және облыстық бюджеттен 11,4 млн.теңгеге Манкент ауылындағы сумен жабдықтау желілері құрылысының ЖСҚ-ры әзірленді.



Ауданда тіркелген 4 аймақтық партиялар жүйесінің филиалдары, 26 үкіметтік емес ұйым, 7 ұлттық этно-мәдени орталықтардың және 147 діни бірлестіктердің өкілдері жұмыс жүргізіп, ауданның қоғамдық өміріне ат салысуда. Жалпы аудан бойынша қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты.
Жалпы мәлімет







2010

2011

2012

2013

2014

2015

1.

Жер аумағы, мың ш. км

1,7

1,7

1,7

1,15

1,15

1,15

2.

Халық саны, мың адам

294,9

302,5

310,7

319,3

195,5

198,8

3.

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі






















- елді мекендер, саны

72

73

73

42

42

42




- ауылдық округтер, саны

17

17

17

11

11

11

4.

Этникалық құрамы, (%)






















қазақтар

27,1

31,4

31,4

31,5

24,9

24,9




өзбектер

65,0

60,8

59,4

67,1

66,9

66,9




орыстар

1,9

2,4

2,4

2,8

2,86

2,9




басқалары

6,0

5,4

6,8

5,0

5,34

5,3

5.

Жергілікті уәкілетті орган, саны

1

1

1

1

1

1




- Сенат депутаттары

1

1

1

1

2

2




- Мәжіліс депутаттары

1

1

-

-

-

-




- жергілікті мәслихат депутаттары

24

24

24

24

24

24




- облыстық деңгейдегі депутаттар

6

6

6

6

6

6


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет