Стандарт №1
Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді,сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.
Анасын ем шараның мақсатымен таныстырып, келісімін алыңыз.
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді босатуы қажет.
3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
Қолғапты киіңіз.
3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).
Лабораторияға жолдаманы жазыңыз(бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін,бір тәуліктебөлінген зәрдің жалпы мөлшерін,мейірбикенің қолын көрсетіңіз).
Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
Стандарт №2 Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.
Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.
Іс -әрекет алгоритмі:
Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.
Анасын ем шараның мақсатымен таныстырып, келісімін алыңыз.
Ыдысқа зәрді жинауға анасына үйретіңіз.
Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.
Резеңке қолғапты киіңіз.
Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.
Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.
Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Стандарт №3 Алгоритм:Гипогликемиялық кома кезінде балаларға жедел көмек көрсету.
Гипогликемиялық кома-қандағы қант мөлшерінің 3,0 ммоль/л төмен болуынан жағдайының нашарлауы мен комаға әкеледі.
Себебі:инсулин мөлшерінің шамадан тыс көп болуы,инсулин қабылдаған соң тамақты дұрыс қабылдамау, физикалық күш түсіру,бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі,инсулинома,гипотиреоз,гипопитуитаризм,гипокортицизм.
Клиникалық белгілері:кома тез басталады,ашуланшақ болады,басы ауырады,басы айналады,кенеттен аштық сезімінің болуы,тершеңдік,қол-аяқтың дірілдеуі,қорқыныш сезімінің болуы,АҚҚ жоғары көтерілуі,бұлшық ет тонусының төмендеуі,сіңір рефлекстерінің төмендеуі.
Параклиникасы:қандағы қант мөлшері 2,2-2,8 ммоль/л,нәрестелерде-1,7 ммоль/л төмен,зәрде ацетон мен қанттың болмауы,қанның РН қалыпты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Бастапқы кезеңде есі жоғалмаса ақ нанмен тәтті шәй ,шырынқабылдау,қажетінше көмірсуларды қабылдауды 10-15 минуттан кейін қайталау.
2.Есін жоғалтқандадифдиагностика мақсатында шұғыл түрде 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу керек.
Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.
Достарыңызбен бөлісу: |