Стандарт №1 Қантты анықтауға зәрді жинау Мақсаты



Дата07.09.2023
өлшемі16.4 Kb.
#476838
Стандарт сд


Стандарт №1


Қантты анықтауға зәрді жинау


Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: бір рет қолданылатынконтейнерді,сыйымдылығы 3л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты,қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.

  2. Анасын ем шараның мақсатымен таныстырып, келісімін алыңыз.

  3. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді босатуы қажет.

  4. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

  5. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

  6. Қолғапты киіңіз.

  7. 3 литрлік банкідегі бір тәуліктікдиурезді(зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

  8. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

  9. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

  10. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз(бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, күнін,бір тәуліктебөлінген зәрдің жалпы мөлшерін,мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

  11. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

  12. Қолғапты шешіп,контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.


Стандарт №2 Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау


Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.
Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.


Іс -әрекет алгоритмі:



  1. Науқастың аты- жөнін сәйкестендіріңіз.

  2. Анасын ем шараның мақсатымен таныстырып, келісімін алыңыз.

  3. Ыдысқа зәрді жинауға анасына үйретіңіз.

  4. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

  5. Резеңке қолғапты киіңіз.

  6. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

  7. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

  8. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

  9. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту:



Стандарт №3 Алгоритм:Гипогликемиялық кома кезінде балаларға жедел көмек көрсету.

  • Гипогликемиялық кома-қандағы қант мөлшерінің 3,0 ммоль/л төмен болуынан жағдайының нашарлауы мен комаға әкеледі.

  • Себебі:инсулин мөлшерінің шамадан тыс көп болуы,инсулин қабылдаған соң тамақты дұрыс қабылдамау, физикалық күш түсіру,бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі,инсулинома,гипотиреоз,гипопитуитаризм,гипокортицизм.

  • Клиникалық белгілері:кома тез басталады,ашуланшақ болады,басы ауырады,басы айналады,кенеттен аштық сезімінің болуы,тершеңдік,қол-аяқтың дірілдеуі,қорқыныш сезімінің болуы,АҚҚ жоғары көтерілуі,бұлшық ет тонусының төмендеуі,сіңір рефлекстерінің төмендеуі.

  • Параклиникасы:қандағы қант мөлшері 2,2-2,8 ммоль/л,нәрестелерде-1,7 ммоль/л төмен,зәрде ацетон мен қанттың болмауы,қанның РН қалыпты.

  • Іс-әрекет алгоритмі:

  • 1.Бастапқы кезеңде есі жоғалмаса ақ нанмен тәтті шәй ,шырынқабылдау,қажетінше көмірсуларды қабылдауды 10-15 минуттан кейін қайталау.

  • 2.Есін жоғалтқандадифдиагностика мақсатында шұғыл түрде 20-50 мл 40% глюкоза ерітіндісін көк тамырға енгізу керек.


  • Құжаттандыру:

  • 1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.

  • 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.

  • 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.

  • 4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министірлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет