Стандарт №1 Конвульсиялық синдром



бет3/4
Дата11.09.2023
өлшемі0.97 Mb.
#477151
1   2   3   4
Стандарты чс

В сатысы:

  1. Баланың аузына және мұрнына дәке салыңыз.

  2. Терең дем алып өз аузыңызды тығыздап орналастырыңыз: баланың аузының және мұрынының үстіне (бір жасқа дейінгі балаларға);баланың аузының немесе мұрнының үстіне (ересек жастағы балаларға)

  3. Жеткілікті мөлшердегі ауа көлемі баланың кеудесі ақырын көтерілгенге дейін.

  4. Қайталап дем беруді өздігінен дем алғанға дейін жалғастырыңыз.

С сатысы:
Баланы қатты, тегіс жерге жатқызыңыз.
Қолды төс сүйегіне орналастыру орны:
а) жаңа туған балаға – үлкен
басбармақтың алақан бетін төске,
басқа саусақтарын арқасына қою;
б) 1-12 айлық балаға - 2 және 3 саусақ
ұштарын төске қояды;
в) 6-7 жастағы балаға – бір алақанның
проксимальды бөлігін төске қояды;
г) 7 жастан жоғары балаға – екі алақаның
проксимальды бөліктерін, айқастырып, көбелек тәрізді төс сүйегіне қояды.
Төс сүйегіне төмен басу арқылы 0.5 сек ұстап тұрыңыз.
Жүрекке тікелей емес массаждың нәтижесі бір минут ішінде бағаланады (нәтижесі оң болса, жүрек соғысы қалыпқа келеді, қарашықтары кеңейеді, цианоз жойылады)
Балаға ылғалды оттегін беріңіз.

Ескерту. Жүрекке тікелей емес массажды жасанды дем берумен қатар өткізген жағдайда: бір мейіргер 15:2 қатынаста жүргізеді.


Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.


Стандарт №4 Алгоритм: «Гипертермия кезіндегі балаларға жедел көмек көрсету» Мақсаты: дене қызуын түсіру. Іс – шара алгоритмі:
1.Баланы төсекке жатқызыңыз..
2. Кеудесін қысып тұрған киімін шешіп босатыңыз. 3.Таза ауамен қамтамассыз етіңіз. 4.Дене қызуын өлшеңіз:
а) егер дене қызуы 37,0 – 37,5С болса, көп мөлшерде сұйықтық ішкізіңіз;
б) егер дене қызуы 37,5 – 38,0 С болса:
- баланы шешіндіріп, физикалық суыту жүргізіңіз: 1:1 қатынаста спиртті сумен араластырып, баланың денесін сүртіп, жауып қойыңыз;
- маңдайына суық компресс қойыңыз;
в) егер дене қызуы 38,0 – 38,5 С немесе одан жоғары болса, - дене қызуын түсіретін препараттар беріңіз – панадол, парацетамол, ибупрофен т.б.
5. Оксигенотерапия жүргізіңіз..
6. Көмек көрсетіліп басталғаннан алғашқы 20 – 30 минут ішінде баланың зәр шығаруын қамтамассыз етіңіз.
7. Әр 20 – 30 минут ішінде дене қызуын өлшеп тұрыңыз.
8. Қайталау термометрияның көрсеткішіне байланысты, көрсетілген көмекті бағалаңыз.

Құжаттандыру:
1. 18 қыркүйек 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Кодексі.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 23 сәуір 2013 жылғы № 111 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 24 ақпан 2015 жылғы № 127 бұйрығы.
4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 28 ақпан 2015 жылғы № 176 бұйрығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет