Стандарттау, метрология және сертификатау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралдары болып табылады



бет16/86
Дата19.09.2023
өлшемі2.8 Mb.
#477974
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86
Акишев

4.4. Стандарттардың түрлері
Стандарттау обьектісінің ерекшелегіне және оған белгіленген талаптардың мазмұнына байланысты стандарттарды мына түрлері әзірленді:

  • негізге алынатын стандарттар;

  • өнімге (көрсетілген қызметке) стандарттар;

  • процеске стандарттар;

  • бақылау әдістеріне (сынау,өлшеу,рәсімдеу) стандарттар.

Негізге алынатын стандарттар – қолданылу саласы кең немесе
техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар. Олар басқа стандарттарды шығаруға негіз болатын стандарттар немесе әдістемелік құжаттар түрінде қолданылады.
Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарт біркелкі өнімдер (көрсетілген қызметке) топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді.
Өнімге, көрсетілетін қызметке әзірленетін стандарттар әр түрлі болады: жалпы техникалық шарттар түрінде, техникалық шарттар түрінде. Бірінші жағдайда стандарттар біркелкі өнімдер (көрсетілетін қызметке) топтарына қойылатын жалпы талаптарды, ал екінші жағдайда – жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы
жағдайды - жекелеген өнім түрлеріне қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттар жалпы жағдайда мынадай бөлімдерден тұрады: жіктеу, негізгі параметрлер мен мөлшерлер, жалпы техникалық талаптар, қабылдап алу, таңбалау, буып-түйю, тасымалдау және сақтау ережелері. Біркелкі өнімдер топтарына шағын сұраныстары стандарттар әзірленуі мүмкін: техникалық талаптар стандарттары: қабылдап алу ережелерінің стандарттары, таңбалау, буып-түйю, тасымалдау және сақтау ережелерінің стандарттары.
Процестерге стандарттар әзірлеу, дайындау,сақтау, жүк тасу, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үдерістерінде әр түрлі жұмыстарды орындау әдістеріне (орындау жолдары, тәсілдері, режимдер, нормалар) негізгі талаптарды белгілейді.
Жаңа өнімді игеруді жеделдету жұмыстарында автоматты жобалау жүйелеріне байланысты әзірленген стандарттардың атқаратын рөлі үлкен. Мысалы, осындай стандарттарды қолдану негізінде Жапонияда жеңіл машиналар шығаратын фирмалар жаңа модельдерді жобалауға жұмсалатын уақытты 2-8 есе қысқартқан.
Саудада тамақ өнімдерін сақтау және сату алдындағы дайындау әдістеріне қатысты стандарттар маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өнім (қызмет) сапасын қамтамасыз ету жүйелерінің шеңберінде қолданылатын басқару процестеріне қатысты стандарттар – құжаттарды сатып алуды, мамандарды дайындауды, т.б. басқару стандарттарының маңызы артып отыр.
Бақылау әдісіне стандарттар өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынақ, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.
Әрбір әдіске олардың ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді:
а) сынау құралдары және басқа да керекжарақтар; б) сынауды өткізуге дайындалу тәртібі; в) сынауды өткізу тәртібі; г) сынау кезінде алынған деректерді өңдеу ережелері; д) сынау нәтижелерін дайындау ережелері;
е) сынау қателігінің мүмкін деңгейі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   86




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет