Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Орталық Азия Инновациялық Университеті
ЭССЕ
Тақырыбы: Педагогтың сыртқы көрінісі және авторитет.
Сән (мода ) және мұғалім
Орындаған:Ахмет Т.
Тобы: 102-18
Қабылдаған:Нурмахамбетова А.
Шымкент, 2021 ж.
Әр оқушыға жол сілтеп, оның бойына жақсы қасиеттер сіңіретін бірден-бір жан болса, ол – ұстаз. «Шәкірттің жақсы болмағы – ұстазынан» деп дана халқымыз айтқандай, ұстаз оқушыларды білім нәрімен сусындатып, қолынан келгенін үйретіп, бағыт-бағдар беріп қана қоймай, сыртқы келбетімен, киім киісімен, өзін ұстау әдебімен үлгі бола білуі тиіс. Себебі, оқушылар мұғалімнің біліміне ғана емес, жоғарыда аталған қасиеттеріне де ерекше көңіл бөліп, тәлім алады.
Шаштың сәні де, костюмі де, әшекей бұйымдары да мұғалім киіміндегі барлық уақытта педагогикалық міндеттерді шешуде бағынышты болуы керек – тәрбиеленушінің тұлғасына қалыптасуына нәтижелі ықпал етуі тиіс. Косметикаға, сәнді киім кию құқын иемдене отырып, мұғалім барлығына да шектен аспай, жағдайды түсініп тәртіп сақтауы керек. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет әлпетінің қаншалықты жылылығын, қимыл-қозғалыстағы ұстамдылығын,сыртқы келбетіндегі және жүрісіндегі жинақтылығын білдіреді. Оларға қарама-қарсы құбылмалылығы, әбіржушілік, жасандылық және немқұрайдылық. Керек десеңіз, сіз балаларға қалай кіріп келесіз, қалай қарайсыз, қалай сәлемдесесіз, қалай орындықты жылжытасыз, қалай сынып ішінде жүресіз – осы бір майда әрекеттердің өзінде сіздің балаға әсер ететін күшіңіз бар. Сіздің барлық қимыл-қозғалысыңыздан, мәнеріңізден, көзқарасыңыздан балалар өзіне деген өте үлкен сенімділікті, ұстамдылықтың күшін сезіне білетіндей болуы керек. Ұстамды, мейірімді, сенімді болудың арқасында – сіз мәнеріңіз жеткілікті адамсыз және осындай болу арқылы -сіз тәрбиеші ретінде күштісіз.
Бүгін біз қазіргі заман мұғалімінің киіну мәдениеті мен келбетіне тоқталмақпыз.
1. Түстерді дұрыс үйлестіре білген жөн. Ұстаз киіміндегі құптауға лайық түстер ақ және қара түс болып есептеледі. Сонымен қатар ақ сары, қошқыл көк, қоңыр түстерді де қолдануға болады. Өте ашық түстер аталған салада ерсі көрінеді.
2. Егер де киімде өрнектер болса, олар классикалық киім үлгісіне сай болуы тиіс. Мысалы, торкөздер немесе түзу сызықтар. Киімдегі жазулар, көз тартатын шимай-шатпақ өрнектерден бас тартуға тура келеді.
3. Мұғалімнің өзіне сенімді, білімді, тәжірибелі екені қоғамда өзін ұстау әдебінен, өзгелермен сыпайы сөйлесе білуінен көрініп тұрғаны жөн. Сонымен қатар бұл бейнеңізді сәнді көзілдірік, сағатпен, талғаммен таңдалған сөмкемен толықтыра түссеңіз – нұр үстіне нұр.
4. Мұғалімнің шаш үлгісі өзіне жарасымды болғаны дұрыс. Психологтардың пайымдауынша, өз келбетінің артықшылығын толықтырып, кемшілігін жасыра білетін адамдарды айналасындағылар жоғары жетістікке жеткен, өзіне сенімді тұлға ретінде қабылдайды.
5. Мұғалім мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек. Адамдар үйлесімділікке баса назар аударатынын есте сақтаңыз. Мәселен, қалай болса солай жасалған шаш үлгісі талғамға сай жейдеңіздің сәнін кетіреді.
Осы нәрселерді шебер үйлестіре білген білікті ұстаз шәкірттерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өскелең ұрпақтың өзіне қарап дұрыс бой түзеуіне, тұлға болып қалыптасуына септігін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |