Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға



Дата19.12.2023
өлшемі12.94 Kb.
#487149
Эссе Айдос Фатима


Эссе: «Мұғалім. Жетекшілік ету - қуаныш.»
“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.”,- деп Абай атамыз айтқандай жауапкершілік жүгін арқалаған бұл маман иесі - күллі дүниенің бастауы болмақ. Сыртынан жеңіл болып көрінгенімен, әр күні түрлі қызыққа толы. Мұғалім болу үшін төзімділік һәм адамгершілік басты орында болуы шарт. Алдыңа келген әр шәкірттің сырын біліп, ішіне үңіле алуың керек. Бұл істі жаныңды салып жасап, өз жүрек қалауыңмен таңдау маңызды.
Әр адам мұғалім бола алмайды. Ал сол жүкті арқалаған, сол жолды таңдаған жан қандай бақытты екенін сөзбен айту мүмкін емес. Шәкірт тәрбиелеп, болашақ ұрпаққа жол көрсету - еліміздің дамуындағы басты қадам. Сол үшін де мұғалімге қояр талап та жоғары, соған сай мәртебесі де биік. Иә, қазіргі таңда бір қыңжылтатыны бұл мамандықты екінің бірі таңдап қадірін қашыруда. ҰБТ баллы жетпей қалған әр оқушы осы салада өз білімін жалғастыра алады, бірақ жүрек қалауымен емес. Мамандық - өмірде қателеспеу керек істің біріншісі. Демек, ата-ана яки сырттың пікірімен таңдау жасау қате. Жоғарыда айтып өткендей, бұл сала үлкен жауапкершілікті талап етеді, болашақ өнер иесі де, құрылыс ісі де т.б өмірлік мамандықтың бастауы дәл осы мұғалімнің алдынан өтеді. Ал, бұл саланың басқа мамандықтардан ерекшелігі: әрқашан ізденіс пен тәжірибені талап етеді. Бір орында бір дипломмен қызмет атқармайсың әр жылда өз біліміңді шыңдап, тәжірибеңді дәлелдейсің.
Міне, қысқаша ғана айтқанда, мұғалім болу - жүректің батырлығы. Әр адам қолынан келмейтін бұл іс салмағы ауыр, берері көп, алғысы шексіз мамандық. Сол үшін де осы саланы таңдаған әр жан жүрегінде ұстаздықтың мәртебесін биік ұстап, жауапкершілік жүгін арқалауға лайық болуы шарт.

Айдос Фатима


ЕАГИ колледжі, КЯЛ-21 тобының студенті

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет