Халықаралық talis қуатты құрал



Дата06.02.2024
өлшемі14.48 Kb.
#490951
ТАЛИС


Халықаралық TALIS – қуатты құрал 12.04.20180 Оқылды: 4 115 Функционалдық сауаттылық – білім мен адамның көпжоспарлы іс-әрекеті арасындағы біріккен, жеке тұлғалық қалыптасуының көрсеткіші. Өсіп келе жатқан ұрпақтың ой-өрісін дамыту мақсатын алға қойған Қазақстан 30 дамыған елдің қатарына қосылмақ. Біз оқушылардың білім сапасын ауқымды бағалау мен талдау жүргізетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысу арқылы анықтай аламыз. Солардың бірі – TALIS – мұғалімдердің жұмыс жағдайы мен мектептегі білім ортасы туралы пікірлерін айқындайтын алғашқы халықаралық зерттеу. Мектеп процестерінің тиімділігін қамтамасыз ететін саясатты анықтау үшін мезгілді және шынайы салыстырмалы деректерді ұсыну арқылы білім беру саясатын талдауға үлес қосады. Сонымен қатар, мектептің білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. TALIS зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорларына халықаралық келісілген сауалнама жүргізу арқылы өткізіледі. Зерттеу шеңберінде мұғалімдердің фондық сипаттамасы, қолданатын технологиялары мен оқыту әдістері, әдеттері және көзқарасты, мұғалімдерге көрсетілген кәсіби дамуы мен әдістемелік қолдаулары, олардың мұғалімдер және оқушылар арасындағы қарым-қатынасы, мектепішілік басқару сұрақтары қарастырылады. Зерттеу ұстаздарды парасатты бағалау және кері байланыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ, олардың жұмысын көтермелеу, тиімді оқытудың қалыптасуына, дамуына және оны ынталандыруға көмектесетін қуатты құрал болады. TALIS -тің болжамынша, инновациялық оқыту әдістеріне ерекше мән беретін бағалау мен кері байланыс жүйесі өзіндік тиімділіктің жоғары болуына байланысты. TALIS – зерттеуіне біздің республика бойынша 333 мектеп, Қарағанды облысы бойынша 19 мектеп, Жаңаарқа ауданы бойынша – Б.Амалбеков атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебі іріктеуден өтті. Біздің мектебімізде арнайы жоспарға сай TALIS халықаралық зерттеуіне қатысуға жұмыстар жүргізілді. «Сабақ беру мен оқытудың халықаралық TALIS зерттеуі» тақырыбында ақпараттық, тақырыптық стендтер ұйымдастырылды. Мектеп мұғалімдеріне арналған семинар өтіп, «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Наурыз айының басында Мектеп директоры С.Бибосынов және 20 ұстаздардың қатысуымен TALIS – зерттеуі үлкен ұйымшылдықпен өтті. ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ақпараттық-талдау орталығынан» келген өкілдер өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп директорына Алғыс хат тапсырды. Қорыта келгенде, бұл берері көп зерттеу, себебі ұстаздар өзінің тиімділігін сезгенде, оқушылардың үлгерімі жақсаратындығын көрсетеді. А.СӘдУАҚасова, Б.Амалбеков атындағы мектеп базасындағы тірек мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Материалдар көшіріліп басылған ретте «Ortalyq Qazaqstan» сайтына сілтеме жасау міндетті. https://ortalyq.kz/haly-araly-talis-uatty-ral/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет