Стиль – сөйлеушінің, жазушының белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы Стильдердің қолданылу аясы - Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда, лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
- Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе құжаттарында қолданылады.
- Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен митингілердегі сөздерде қолданылады.
- Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда қолданылады.
- Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде қолданылады
- Ғылыми стиль: дәлелді, зерттелген, сөзді тура мағынада алу.
- Ресми іс-қағаздар стилі – ресми, анық, дәл, нақты.
- Публицистикалық стиль: шақыру, үндеу, нақтылық.(мақала)
- Көркем әдебиет стилі: образды, эмоционалды, экспрессивті.
- Ауызекі сөйлеу стилі: сөздер мен сөз тіркестерінің еркін қолданылуы, күнделікті сөйлесу стильі
Стильдердің тілдік құралдары: - Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.
- Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы өйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.
- Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.
- Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.
- Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді
Стиль түрлеріне қатысты мысалдар: - Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылы-сүйгіш ағаштар қатарына жатады.
| | - Жәкіш қып-қызыл болып кетті. Алғашқыдағы-дай тұмсығы тершіп, қыбыжықтай берді.
| | - Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын.
| | - Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді?
- Ережелерді жаттауға берді.
| | - 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыз-дың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді.
| |
Достарыңызбен бөлісу: |