Сабақтың мақсаты: Оқушыны оқушы көзімен тану Оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтау



Дата13.06.2016
өлшемі151 Kb.
#133505
түріСабақ
12 жануар.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыны оқушы көзімен тану

2. Оқушылардың қарым-қатынас деңгейін анықтау.

3. Сыныптағы беделді лидер,топ басшысын табу.

№1. Аю – ойы баяу, жайбасар.

№2. Қасқыр – ызақор,ашуланшақ

№3. Түлкі – қу, айнымалы.

№4. Қоян – қорқақ,қобалжығыш

№5. Арыстан – ақылды,айбатты

№6. Ешкі – ұйымдастырғыш,бастамашы

№7. Сиыр – момын,айтқанға көнгіш

№8. Қой – көпшіл

№9.Жылқы – ақылды,ұқыпты

№10. Есек – ақымақ,ерме

№11. Мысық – жалқау,өзімшіл

№12. Ит – адал,тұрақты,сенімді.

Кілті:

Дала жануары 3-6 ұпай – сырттау

Үй жануары 3-6 ұпай – жақын тарту.

1) Арыстан,ешкі 50 -100 % - басшы,лидер.

2) Жылқы, қасқыр 50-100 % - ашуланшақтық, ызақорлық,

тәкаппарлық

3) Түлкі,мысық 50-100 % - қу,тапқыр,тұрақсыз

Ескерту: 1. Бір –біріне не жазғанын айтпау,көрсетпеу

2. Сыртқы келбетіне,ұқсастығына қарап теңеу жасамау

№1. Аю – ойы баяу, жайбасар.

№2. Қасқыр – ызақор,ашуланшақ

№3. Түлкі – қу, айнымалы.

№4. Қоян – қорқақ,қобалжығыш

№5. Арыстан – ақылды,айбатты

№6. Ешкі – бастамашы, ұйымдастырғыш.

№7. Сиыр – момын,айтқанға көнгіш

№8. Қой – көпшіл

№9.Жылқы – ақылды,ұқыпты

№10. Есек – ақымақ,ерме

№11. Мысық – жалқау,өзімшіл

№12. Ит – адал,тұрақты,сенімді.



«Қобалжу» сауалнама

1. Тақта алдында жауап беру 0.1.2.3.4

2.Бейтаныс адамның үйіне бару 0.1.2.3.4

3. Байқауға, олимпиядаға қатынасу 0.1.2.3.4

4. Мектеп директорымен әңгімелесу 0.1.2.3.4

5. Өз болашағы туралы ойлану. 0.1.2.3.4

6. Мұғалім кімнен сұраймын деп журалға қарады 0.1.2.3.4

7. Сені сынайды, кіналайды 0.1.2.3.4

8. Сен бірдеғе істеп жатқанда саған көз алмай қарайды 0.1.2.3.4

9. Есеп шығару жұмысы кезінде бақылайды 0.1.2.3.4

10. Бақылау жұмысынан кейін, мұғалім бағамын дауыстап таныстырады 0.1.2.3.4

11. Саған көңіл аудармайды 0.1.2.3.4

12. Сенің қолыңнан бір нәрсе келмейді. 0.1.2.3.4

13. Ата-аналар жиналысында ата-анаңды күтесің. 0.1.2.3.4

14. Саған сәтсіздік қаупі төніп тұр. 0.1.2.3.4

15. Артыңнан күлкіні естейсің. 0.1.2.3.4

16. Мектепте тест тапсырасың. 0.1.2.3.4

17. Саған ренжиді (неге екені белгісіз) 0.1.2.3.4

18.Көпшілік алдында сөйлейсің. 0.1.2.3.4

19. Алдыңызда маңызды іс тұр. 0.1.2.3.4

20. Мұғалім түсіндіргенін түсінбейсің. 0.1.2.3.4

21. Сенімен келіспейді, саған қарсы дау айтады. 0.1.2.3.4

22. Өзіңді басқалармен салыстырасың. 0.1.2.3.4

23.Сенің қабілетіңді тексереді. 0.1.2.3.4

24. Саған кішкене бала сияқты қарайды. 0.1.2.3.4

25. Мұғалім саған күтпеген жерден сұрақ қояды. 0.1.2.3.4

26. Сен жақындағанда бәрі үндемей қалады. 0.1.2.3.4

27. Сенің жұмысыңды бағалайды. 0.1.2.3.4

28. Өз жұмысың туралы ойлайсың ба ? 0.1.2.3.4

29. Сен өзің үшін шешім қабылдауың керек. 0.1.2.3.4

30. Үй жұмысын орындауға қабілетің жетпейді. 0.1.2.3.4

Еңбектің түрін “әйілдікі”, “ердікі” деп ешқашан бөлмеңіз.Кез келген жұмыс керек, қажет.



Егер балаңызды орта адамы, мәдениетті адам ретінде көргіңіз келсе:

А) Балаңыздың мектептегі жетістігіне қуана біліп, қолдау көрсетіңіз.Сабақтан қалмауын қадағалаңыз.

Б)Балалармен бірге мәдениетті демалуға қаражат, уақытыңызды аямаңыз.Театр, кино,көрме,концерт,мұражай,т.б. бірге барып, талдаңыз. Ең бай адам- эмоциясы бай адам!

В) Кітап оқуға (бірге және өзіңіз де) уақыт тауып, балаларға да кітап оқуға сүйіспеншілігін қалыптастырыңыз.Ең жақсы сыйлық- ақылды кітап. Кітап оқып отырып күлімдеп, күліп,ең қызық жерін оқып беріңіз, ұнаған жерімен, алған әсеріңізбен бөлісіңіз. Мақтаныңыз. (Бала қызығатын болады).

Г) Баланың мәдени хоббиін, құштарлығын қолданыңыз.Әсемдікке талпынысын, ынтасын жойып алмаңыз.Көмектесіңіз, өзіңіз де сонымен айналысыңыз. (Мысалы:әдеби кітап жинау, шахмат ойнау,т.б.)
Егер балаңызды қатал, еш нәрсеге қызықпайтын “жүрегі жоқ қатыгез” болмасын десеңіз:

Өзгелерге, өзіне жақсы қарым-қатынасқа тәрбиелеңіз.Өзгелер туралы өсек айтпаңыз, оған да айтқызбаңыз.Қызғаншықтық, екіжүзділік, жағымпаздық, даңғойлық сияқты қасиеттер ата- анадан берілетінін ұмытпаңыз.



Балаңыз мейірімді,сенімді,сіздің қарттығыңызды сыйлайтын терек болсын десеңіз:

А)Өзіңіз ата-анаңызға,үлкендерге,ағайынға мейірімді,қайырымды болыңыз.Оларға көмекті балаларыңызбен бірге жасаңыз.Жылы қарым-

қатынас,ізгілік өзіңізгеқайтыпоралады.Осыдан түйін,бүкіл тәрбие екі ғана қағидаға негізделген:

1.Сіздің жеке бас үлгі-өнегеңіз;

2.Балаға қолайлы жағдай жасау.

Сынып жетекшісіне кеңес


1. Баланың жетістігін байқап, көре беру керек.

2. Жақсы сынып жетекшісі болғың келсе, онда талмай ізден, ешқашан жалықпа.

3. Балаларды бетінен қақпа, ақылмен жол көрсет.

4. Бұйрық бергеннен гөрі иландыруға, түсіндіруге тырыс.

5. Эстетикалық талғамың жоғары болсын, балаларды өнердің озық үлгілеріне, жарасымдылыққа, жарастыққа, сәнге жетелей біл.

6. Балалардың қателескенінен қорықпа, ол келешекке сабақ олады.

7. Өз уақытыңды да, балалардың уақытын да бағалай біл.

8. Балаларға өз істерінің түпкі нәтижесін көретін істерді тапсыр.

9. Жас боп қалғың келсе, оќушыларының арасында ұзаќ жылдар жұмыс істе.

10. Өз жұмысыңды күн көріс қамы деп ұқпа, жұмыс орнында өзіңді дүниенің патшасындай сезін.

11. Баланың ісіндегі әрбір қайшылықты көре біл, кейде байқамаған бол.

12. Үнемі кінәліні іздеп, нақақтай берме.

13. Неғұрлым әділ болсаң, соғұрлым мәртебелі боласың.

14. Оқушыға жұмыс тапсырсаң, ол ынтасымен атқаратындай етіп қызықтыра біл.

15. Өзің оңаша жұмыс істеме, барлық уақытта балалармен кеңесіп отыр.

16. Ашулансаң, ашуың ұзаққа созылмасын. Тез ұмытуға тырыс.

17. Мектеп – қоғам – отбасы – осы 3 ұғымның беріктігін сақта.

18. Мұғалім – оқушы – ата – ана арасындағы жақындастықты үзбе, керісінше нығайта түс.

19. Баланың тағдырына ойланып қара.

20. Баланы таң қалдыруды ұмытпа. Даналыққа ұмтылу – таң қалудан басталады.


Сыныпта тұлға аралық ұнамды қарым-қатынас қалыптастыру.

(Б.В.Куприянов)

Кез келген топ өзіндік әлеуметтік-психологиялық құрылымнан тұрады.

Социометриялық тұрғыдан қарағанда бұл құрылым: жұлдыздар, қабылданатындар мен шеттетілгендер деп бөлінеді. Адамдар аралық қатынасты анықтауда социометрия әдісі көмектеседі.Балаларды бақыласаңыз, оларды алақанға салғандай көруге болады.Олар үшін кімнің қасында отыратыны, асханаға кіммен баратыны, бәрі маңызды.

Сыныптағы лидерлерге сүйену маңызды. Алайда, ол лидерлер өзіндік жоспарын іске асыруы үшін, ойдағыдай өз орнын табу үшін, жасайтын жұмыстарын сәтті орындауға кеңестер, өтініштер, ұсыныс-нұсқаулар беру арқылы бағыттау- сынып жетекшісінің құзырында.

Мұғалім тарапынан болатын ашушаңдық, кейігіштік, салғырттық, ұсақшылдық, күйзелістер балалар ұжымын «ауыртады», яғни, мұғалім балалар ұжымындағы шиеленістерге өзі кінәлі. «Адамдарға мейірімділікпен қарау» заңы осы ортада негізгі заң болуы керек.

Кейде мұңалім мен оқушы арасында да проблема туындайды, оның себебі әр мұғалімнің өзіндік стилі мен балаға деген ұнату не ұнатпау сезімдері болады. Барлық уақытта мұғалімнің стилі сыныппен үйлесіп жатпауы мүмкін, әсіресе басқа мұғалімнің стилін ұнататын жағдайда, салыстыру өз нәтижесін көрсетеді. Міне, осындай жағдайда сынып жетекші сыныпқа жалпы оң бағыт-бағдар беріп, кез келген жағдайда ұнамды көзқараспен қабылдауды ұйымдастырғаны жөн. Барлық адамдар бір-бірінен дұрыс қуат алады, ұнамды эмоцияларымен алмасады, сондықтан сынып жетекшісі өзінің сыртқы түріне, көңіл-күйіне, не айтып не қойғанына мән беруі керек

Ортадан шеттетіліп қала беретіндерді (аутсайдер) қолдау, қорғау қажет. Кез келген ортада осындай адамдар болады. Оның себептері өте қиын. Тұлға аралық қарым-қатынасты реттеуде әзіл-шыны аралас «партия жиналысын» жасап тұруға болады. Ол туындағанмәселе туралы ашық және талқылау түріндеболмауы керек, мысалы, бір баланың ісі ұнамады, онымен не істеу керек деген сұрақты талдау тиімді емес. «Халқым, мені мынадай ой жегідей жеуде...», «Қыздар , мен сендермен бір нәрсе туралы сыбырласқым келеді», «Жігіттер, бір әңгіме бар, сыр шашпайды деп сенемін» деген сөзбен бастап, әрі қарай тұлға аралық қатынастағы олқылық туралы ойды өрбітуге болады. Алайда, әңгімені қалай аяқтауды да ойластырған жөн. Мұндай жиында мұғалімнің монологы тиімсіз, ұжымның өзара сенімі мен құрметі көп рөл атқарады.

Өз балаңызға жақсы денсаулық тілесеңіз, отбасында өмір сүруде төмендегі ұстанымдарды қолданыңыз:

А) еңбек етудің, демалудың,тамақтанудың белгілі бір режимін ұстаныңыз,атап айтсақ:уақытында ұйқыға жатып,ерте тұру,қонымды ауқаттану,кешкі 7-ден кейін тамақ ішпеу.Тамақ құрамы өсімдік және белоктық құрамнан тұрғаны дұрыс,тәтті,майлы,ащы,тұзды заттардан аулақ болғаны жөн;Жартылай дацын тағамдарының(тез дайындалатын, гендік инженерия арқылы дайындалған тағам өнімдері) психика мен жалпы денсаулыққа теріс әсер ететінін ұмытпаңыз!

Б) Таңертең күйіңізді дене шынықтыру гимнастикадан бастап (30 минуттай), таза ауада жүгіріп, одан соң душ қабылдап, мұздай суды денеңізге құйып шынығыңыз.

В) Темекіні тастаңыз. Балаларыңызға темекі шегу- өзін- өзі өлтірудің бір әдісі екенін түсіндіріңіз. Ішімдікті мүлдем азайтыңыз(Әсіресе, баланың көзінше ішпеген дұрыс).

Г) Теледидардың құлы болып кетуден қашыңыз. Одан да табиғатпен қарым-қатынас жасауға тырысыңыз ( таза ауа, қимылды еңбек, ойын).

Е) Бос уақытыңызды балалармен бірге спорттың бір түрімен қызыға айналысыңыз, балаларыңыз сізге құрметпен қарайтын болады.

Ж) Сіздің барлық әдетіңіз баланың үйреншікті ісіне айналатынын ұмытпаңыз!

Егер балаңыздың еңбекқор,енбексүйгіш болғанын қаласаңыз(ал бұл оның өмірде өзінің орнын табуының көзі)мына ережелерді ұстаныңыз:

А)Балаларыңыздың отбасылық жұмыстардың қандай да бір түрінен аулақтатпаңыз.Еңбек дағдысы әдетке айналғанда ғана нәтиже береді.Ондай адам болашақта өз отбасына береке әкеледі.

Б)Отбасы мүшесінің іс-әрекетіне ешқашан жаман баға беріп, кемсітпеңіз, қолдап, ынталандырып отырыңыз.жасаған еңбегінен рақат сезімін алу баланы шығармашылыққа әкеледі.

В)Үйдегі болған келеңсіздікті ешкімге айтып жаймаңыз,жанұяның әр мүшесінің беделіне,жақсы атына нұқсан келтірмеңіз.“Жаманын жасырып...)



Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйыктық, өз ойына шомуға бейім тұрушылык, орынсыз ибалылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.

Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, түрақты, ширак тип ойнақы, еті тірі, бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды. Былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның кемшілігі — іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалгыштығынан туатын жайттар

Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмакты, сабырлы келеді. Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, сезімдері сыртка шықпайды десе де болады. Осы темпераменттін бір кемшілігі — қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірак мұнын ұстамдылығы, салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын касиет болып табылады.

И. П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті, бірі екіншісіпе тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйытқымалы, қимыл-козғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын тұратын күйгелек адамдар. Істі бұркыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераментінің өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.

«Бәйтерек» тренинг

Мақсаты:

Қазіргі кезде баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-анамен баланың қарым-қатынасын қалыптастыру.



Құралдар: карточкалар, қағаздан құралған жүрекшелер.

Барысы:

Ұйымдастыру кезең:

Тренингтің қатысушыларды шеңбер жасап отырғызу. Сәлемдесу рәсімдерін жүргізу.

-Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгінгі кездесуіміз мазмұнды болуы тиіс. Бүгінгі тренинг тақырыбы ‘Бәйтерек’ деп аталады. Мақсат баланың қарым-қатынасын арттыру. Сонымен қатар өзін-өзі тануға, өзінің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесу.

Негізгі бөлім.

1-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырып “Мен” деген сөзді ары қарай жалғастырады.

- Мен....

- Мен...


2-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде әкесі туралы таныстырып, “Әкем-асқар тау” деген сөзі жалғастырады.

- Әкем-асқар тау....

-

-
3-тапсырма.

Нұсқау: әр қатысушы 30 секунд ішінде анасы туралы таныстырып, “Ана-бақыт” деген сөзі жалғастырады.

- Ана-бақыт

-

-



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»
Шығыс ғұламасы Әл-Фараби

«ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТА МЕН ҚАНДАЙМЫН?» ТЕСТІ

Коммуникабельдік

Мақсаты: қарым-қатынас деңгейін анықтау

Нұсқаулық:

Берілген тесттің сұрақтарын ынтамен оқып, шынайы және ашық жауап беріңіз. Берілген жауаптардың бірін «иә», «иә, жоқ», «жоқ» деген жауап үлгісімен дөңгелектеңіз. әрбір сұраққа аса көп бөгелмеңіз. Тағы да сұрақтарға шын ниетіңізбен жауап беруіңізді сұраймыз, өйткені бұл алдымен сізге қажет. Ал енді сұрақтарға көшейік:



Сенің достарың көп пе?

Иә иә, жоқ жоқ



Сен достарыңның ортасында әңгімені ылғи қолдап отырасың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Сен адамдармен қарым-қатынас кезінде тұйықтық пен қысылуды жеңе аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Өзің жалғыз қалған кезде саған көңілсіз бола ма ?

Иә иә, жоқ жоқ



Өзіңе таныс адамды кездестірген кезде сен белгілі бір тақырыпқа сөз қозғай аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Өзіңе жағымсыз адаммен кездескен кезде өзіңнің тітіркенгеніңді жасыра аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ




Нашар көңіл-күйіңді жақындарыңа сездірмей үнемі жасыра аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Досыңмен ренжіскеннен кейін ең бірінші болып достасуға қадам жасай аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Өзіңе жақын адамдармен қарым-қатынаста шұғыл ескертулер жасаудан бас тарта аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Қарым-қатынаста мәмілеге келе аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Қарым-қатынас кезінде өз көзқарасыңды білдіре аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Таныстарыңның сыртынан әңгіме қылған кезде өзіңді ұстай аласың ба?

Иә иә, жоқ жоқ



Егер қызықты бір нәрсе естісең, оны достарыңа айтуға тырысасың ба?

Иә иә, жоқ жоқ




Нәтижелерді өңдеу:

«Иә» - 3 ұпай,

«иә, жоқ» - 2 ұпай

«жоқ» - 1 ұпай


Нәтижелер интерпретациясы

30 - 39 ұпай:

Сен жақындарыңмен, таныстарыңмен және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде өте үлкен ләззат алатын араласуға дайын адамсың. Қарым-қатынаста өте қызықтысың, бәрінен бұрын «қоғам жанысың», достарың мен таныстарың сені оларды тыңдап, түсініп, кеңес бере алатының үшін бағалайды. Өз мүмкіндіктеріңді жоғары бағалап жіберме, кейде сен тым сөзшең болып кетесің. Серіктесіңе зейінді бол, өз іс-әрекетіңді бақылап отыр, тым әсерлене берме.


20 – 29 ұпай:

Сен өз шамаңа қарай араласатын адамсың, бірақ қарым-қатынаста кейбір қиыншылықтарды бастан кешіресің. Достарың аз, таныстарыңмен үнемі ортақ тіл табыса бермейсің. Кейде әңгіме барысында өзіңді-өзің ұстай алмай, қызбаланып кетесің. Өз серіктестеріңе шынайы, ілтипатты, қайырымды болған жөн. Сонымен қатар, өзіңіздің кейбір сенімсіздіктеріңізді жоюға тырысқан дұрыс болар еді.


20 – ға дейінгі ұпай:

Сен ұялшақ, тұйық адамсың, таныстарыңның ортасында үндемей отырып, адамдармен қарым-қатынаста жалғыз болғанды қалайсың. Бірақ бұл сенің достарың мен таныстарың мүлде жоқ деген сөз емес. Шындығында, олар сені тыңдағаның, түсінгенің және кешіргенің үшін бағалайды. Ал егер, сен өзіңнің көзқарасыңды еркін айтқың келсе, бәрімен бірдей сөз таластырғың келсе, қызықты серіктес болғың келсе, онда өз ұялшақтығыңды жою қажет, пікірталаста шынайы болып, әңгімені белсенді түрде қолдап отырған дұрыс.

Ал сенің айтқандарың жөнсіз болып көрінбеу үшін қарым-қатынас дағдыларын дамытып, жетілдіру керек. Сонымен бірге, сен өзіңе, өзіңнің біліміңе, білігіңе, қабілеттеріңе тым сыни көзбен қарайсың.


СЫНЫПТЫҚ ҰЖЫМНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ

(В.С.ИВАШКИН, В.В.ОНУФРИЕВА)

Шкалалар: психологиялық ахуал: эмоциялық, моральдық, іс-әрекеттік.

Тесті дайындау: әдістеме эмоциялық, моральдық және іс-әрекеттік – үш критерийлері бойынша психологиялық ахуалды анықтауға бағдарланған.

Жауаптары: • Үнемі толғандырады , Жиі толғандырады , • Жағдайлардың жартысында толғандырады , • Жиі толғандырмайды , • Еш толғандырмайды

1. Сіздердің сыныптарыңыздағы оқушыларды бір-бірлеріңіздің жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз үнемі толғандыра ма?

2. Сіздердің сыныптарыңыздағы оқушылар бір-бірлеріңізге сабақта үнемі көмектесесіздер ме?

3. Сіздердің сыныптарыңыздағы оқушылардың барлығы сабаққа жауапкершілікпен қарай ма?



Нұсқаулық:

«Әрбір сұрақ бойынша өз сыныбыңызды бес баллдық жүйе бойынша бағалаңыз».


• Үнемі толғандырады – 5.

• Жиі толғандырады – 4.

• Жағдайлардың жартысында толғандырады – 3.

• Жиі толғандырмайды – 2.

• Еш толғандырмайды – 1.
Тест нәтижелерін өңдеу мен интерпретациялау
Топтың орташа баллы есептеледі:

Х=(А+Б+В)/3П; онда

А, Б, В – сұрақтар бойынша баллдық бағалар;

П – сынаққа алынатындар саны
Тест нәтижелерінің интепретациясы

• Х >= 4,5 балл, психологиялық ахуалдың көрсеткіші жоғары, бағасы 3 балл.

• 3,5 < Х < 4,5 – психологиялық ахуалдың көрсеткіші орташа, бағасы 2 балл.

• Басқа жағдаяттарда психологиялық ахуалдың көрсеткіші төмен, бағасы 1 балл.



ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ ДЕҢГЕЙІ

Мақсаты: өзін-өзі бағалаудың деңгейін анықтау.

1. Айтылған сөздер үшін өкініш қаншалықты жиі болып тұрады?

а) өте жиі б) кейде



2. Егер жанып тұрған және тапқыр адаммен қарым-қатынаста болсаңыз, Сіз:

а) оны ой ұшқырлығы жағынан женуге тырысасыз

б) жарысқа кіріспейсіз, бірақ оған ілтипаттық білдіріп әңгімелесуден бас тартасыз

3. Өзіңізге жақын бір пікірді таңдайсыз:

а) жол болушылық үлкен тырысушылық пен еңбектенудің нәтижесі

б) жетістіктер көп жағдайда қолайлы жағдайларға байланысты.

в) қиын жағдайда ең бастысы — адамның жол болушылығы емес, керісінше мақұлдайтын адамның қолдау сөзі.



4. Сізге әзіл-сықақ немесе пародия көрсетсе. Сіз:

а) Сіз өзіңіздің ерекшелігіңіздің болғанына күлесіз және қуанасыз .

б) өз серіктесіңіздің күлкілі жағын табуға және оны күлкіге айналдыруға тырысасыз .

в) ренжисіз, бірақ ренжігеніңізді білдірмейсіз.



5. Сіз үнемі асығасыз, Сізге үнемі уақыт жетіспейді немесе бір адамның шамасынан асатын үлкен тапсырмалар жүктемесін алып отырасыз?

а) иә б) жоқ в) білмеймін



6. Сіз өз құрбыңызға немесе досыңызға қандай иіс суын таңдайсыз?

а) өзіңізге ұнайтын

б) өзіңізге ұнамайтын, бірақ құрбыңыздың немесе досыңыздың талғамына сәйкес

в) жақын арада жарнамада көрсетілген иіс суын бересіз



7. Сіз өзіңіздің шынайы болмысыңызға сәйкес келмейтін, өзіңізге тән емес қылықтарды түрлі жағдайларда елестеткенді ұнатасыз ба?

а) иә б) жоқ в) білмеймін



8. Егер Сіздің әріптестеріңіз (әсіресе жастар) көп жетістіктерге жетіп, Сізден артық жұмыс жасаса ренжисіз бе?

а) иә б) жоқ в) кейде



9. Біреуге сөз қайтару мүмкіндігі Сізді қуанта ма?

а) иә б) жоқ в) білмеймін



10. Көзіңізді жұмыңыз және 3 түсті елестетіп көріңіз:

а) аспан көк (ашық көк) б) сары в) қызыл


Ұпайлар есебі:

50-ден 38-ге дейінгі ұпайлар (өте жоғары өзін-өзі бағалау). Өзіңізге көңіліңіз толады және өзіңізге сенімдісіз. Сізде өзгелерден басым болу қажеттілігі бар, өз Меніңізді және ойыңызды білдіргенді ұнатасыз. Өзіңіз туралы өзгелердің пікірін елемейсіз, бірақ басқа адамдарға сын айтуға бейімділігіңіз бар. Неғұрлым көп ұпайлар жинасаңыз, соғұрлым «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ өзгелерді ұнатпайсыз». Сізде бір кемшілік бар: өзіңізге өте үлкен талап қойып қарайсыз, ешбір сын тұрғысындағы мәліметті қабылдамайсыз. Тест нәтижелері ұнамаған жағдайда, «бәріне күнтізбе кінәлі»-деп өзіңізді жұбатасыз. Өкінішті...


37-ден 24-ке дейінгі ұпайлар (адекватты өзін-өзі бағалау). Өзіңізді жақсы білесіз және өзіңізге сенесіз. Сіздің бойыңызда жеке дара сипатындағы және қарым-қатынас барысындағы қиын жағдайлардан шығудың құнды білігі бар. Өзіңізге және өзгелерге деген Сіздің қатынасыңыздың формуласын келесідей сөздермен білдіруге болады: «өз-өзіме және өзгелерге қанағатпын». Сізде толыққанды нормадағы өзін-өзі бағалау байқалады, Сіз өзіңізге қолдау көрсете аласыз, өзіңізге күш-қуатыңыз жетеді.
23-тен 10-ға дейінгі ұпайлар (өзін-өзі бағалаудың төмен деңгейі). Өзіңізге көңіліңіз толмайды, өз интеллектіңізге, қабілеттеріңізге, жетістіктеріңізге, сыртқы келбетіңізге, жасыңызға, жынысыңызға және т.с.с. күмәніңіз бар және қанағаттанбайсыз.... Тоқтаңыз! «Өзін жақсы көруге болмайды» - деп, кім айтты? Ойланатын адамның үнемі өзіне көңілі толмауы керек – деп, кім мойындатты? Ешкім Сізден ешбір адам асқақтықты талап етпейді, бірақ Сіз өзіңізді қабылдауыңыз, сыйлауыңыз, өзіңіздегі осы от жалауын қолдап отыруыңыз керек.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

  1. Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз !

  2. Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың саған сөзсіз ұнайтынын білдіре бермейді.

  3. Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

  4. Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

  5. Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

  6. «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жансақ қорытынды жасауға болмайды.

  7. Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.

  8. Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.

  9. Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл- кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

  10. Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

  11. Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой- ниетің салмақтана түспек.



Депрессиялық деңгейдi анықтауға арналған тест.

Инструкция: «Келтiрiлген пiкiрлердiң әр қайсысын ұқыпты оқыңыз және сәйкес келетiн әрiптi қойыңыз. Сұрақ туралы көп ойланбаңыз».

А – ешқашан немесе өте сирек.

Б – кейбiр кезде В – жиi Г – үнемi немесе әрқашан

1. Мен жабырқандылықты сеземiн




2. Мен таңертен өзiмдi ең жақсы сезiнемiн




3. Менде жылау немесе жас дайын мерзiмi болады




4. Менiм түнгi ұйқым нашар




5. Менiм тәбетiм күнделiктi жағдайдан нашар емес




6. Мен құрдастарыммен қарым-қатынасқа сүйсiнемiн




7. Мен дене салмағымның түскенiн байқаймын




8. Менi қатты ауру мазалайды




9. Күнделiктi жағдайға қарағанда жүректiң соғуы жылдамдайды




10. Ешбiр себепсiз-ақ мен тез шаршаймын




11. Менiм ойымның саралығы күнделiктi жағдайда




12. Мен мазаланамын және соған қарай бiр жерде отыра алмаймын




13. Қолымнан келетiн нәрсенi мен ебiн тауып iстеймiн




14. Менiм болашаққа үмiтiм бар




15. Мен күнделiктi жағдайға қарағанда өте ашуланшақпын




16 Мен шешiмдi жеңiл қабылдаймын




17. Мен өзiмнiң бiреуге пайдалығымды және қажеттiлiгiмдi сезiнемiн




18. Мен жан-жақты, жеткiлiктi, толықтай өмiр сүрудемiн




19. Мен өлсем, онда бөтен адамдарға жеңiл болатынын сезiнемiн




20. Менi өткен қуаныштар кәзiргi кезге дейiн қуантады



Депрессиялық шкала


Депрессиялық деңгей осы формула арқылы есептеледi:

ДД = ПР + ОБР мұнда:

ПР – сұрақтардың қосындысы: 1, 3, 4, 7, 8, 9, 10, 13, 15, 19.

ОБР – сұрақтардың қосындысы: 2, 5, 6, 11, 12, 14, 16, 17, 18, 20.

Жауапқа берiлген ұпай:

А – 1 ұпай Б – 2 ұпай В – 3 ұпай Г – 4 ұпай

ДД =:

50 ұпайдан төмен – диагностикалық күйi депрессиясыз



50-59 ұпай арасында - женiл ситуативтi немесе невротикалық депрессия

60-69 ұпай арасында – субдепрессивтi күйi



70 ұпайдан жоғары – нағыз депрессилық күйдың диагностикасын көрсетедi.

Оқушылардың тәрбиелік дәрежесін анықтайтын анкета.



Бағаланатын көрсеткіш

өзінің бағалауы

көршісінің бағалауы

1.

Үй тапсырмасын әрдайым ұятқа қалмайтындай боп уақытында орындаймын







2.

Ұятқа қалдырмайтындай боп мектепте берілетін тапсырмаларды да орындаймын







3.

Қоғамдық жұмыстарға белсенді және жансалып қатысамын.







4.

Болатын тәртіпсіздіктермен күресемін.







5.

Мектепте тәртіп ережесін сақтап жүремін.






6.

Қоғамдық орындарда да тәртіп ережесін сақтап жүремін.







7.

Үлкендерді сыйлап, олардың айтқанын орындаймын.







8.

Ұжымның шешіміне бағынамын.







9.

өз еркіммен өзімнен кішілерге, өз жолдастарыма, үлкендерге көмектесемін.







10.

Мемлекет мүлкіне қамқорлықпен қараймын.







11.

Үлкендердің бақылауынсыз тәртіпті сақтаймын.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет