Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады
Delphi ортасымен танысу
Кіріспе
Оқып-танысып тәжірибе алу – болашақ мамандықтарды оқыту, үйрету және даярлау барысындағы алғалшқы өткізілетін студенттердің тәжірибе алуы.
Тәжірибе алу барысында студенттер Delphi программалау ортасымен, MathCad пен Maple секілді компьютерлік математика ортасымен және Internet, Intranet, Ezernet сияқты желі түрлерімен танысады.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi7-нің негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MathCad, Maple туралы алған білімдердің болашақ мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Бұл тәжірибе алудың мақсаты студенттердің информатика,программалау технологиялары, компьютерлік графика пәндерінен алған білімдерін ары қарай жалғастыру, жоғары курстарда оқытылатын пәндер туралы алғашқы түсінік беру, сонымен қатар студентті таңдаған мамандығының ерекшелігімен таныстыру және ол туралы түсінігін тереңдету болып табылады.
Бұл есеп беру құжаты бес бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған оқулықтар тізімі. Негізгі бөлімде студенттің тәжірибе алу барысында Delphi, MathCad, Maple орталары мен желілер туралы алған білімдері толығымен сипатталады.
Delphi ортасымен танысу.
Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып, экранда орын ауыстыра алады.
Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:
1. Негізгі терезе (Project 1)
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.
Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады:
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=>New=>Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.
Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады.
Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties – қасиеттері және Events – оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің қасиеттері – параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады.
Программа кодының терезесі:
Программа (немесе Модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы – Object Pascal программалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан тұрады. Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphi ортасы Unit, Unit 1 және implementation қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы – {SR*DFM} және END қатарлар аралығы бойынша.
1 Енді екі санның қосындысын сипаттайтын программа енгізейік.Программа екі операндыны енгізеді және есептеу батырмасынан кейін нәтижесін көрсетеді.
edit1.SetFocus;
end;
end.
Delphi ортасында шартты оператормен танысу
Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретінде қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады.
Басқару операторлары программа қатарларының орындалу реттілігін өзгертеді. Олар шартты тексерту, таңдау және цикл операторларына жіктеледі. Шартты оператор кейбір шарттарды тексеруге және тексеру нәтижесіне байланысты мына немесе келесі әрекетті орындауға мүмкіндік береді. Шартты оператор “Иә” немесе “Жоқ” деп жауап беруге болатын белгілі бір логикалық шартты тексереді.
Шартты оператор құрылымы мынадай:
if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>;
Шарт оператор келесі алгоритм бойынша жұмыс істейді: егер оның нәтижесі ақиқат, яғни құптарлық болса (Иә), онда бір программалық тармақ орындалады. Тексеру нәтижесі жалған болған жағдайда (Жоқ), программаның басқа бір тармағы жүзеге асырылады. Мұнда есептің шартына байланысты тармақталу алгоритмдерінің “Таңдау” немесе “Аттап өту” мүмкіндіктерінің бірі орындалуы тиіс.
Delphi ортасында таңдау оператормен жұмыс істеу
Таңдау операторы программаның мүмкін болатын бірнешежалғасының бірін таңдауға мүмкіндік береді. Таңдау операторының құрылымы мынандай:
Case< ключ выбора> of <список выбора> [else<операторы>] end;
Таңдау операторлар келесі алгоритм арқылы жұмыс істейді: Case операторы айнымалының мәнін мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі операторларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни жәй ол өрнек ешбір мәнге сәйкес болмаса, онда, CASE-тің END
Достарыңызбен бөлісу: |