«Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауы Команда атауы «Алға»



бет2/5
Дата09.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#491506
1   2   3   4   5
Алға командасы, қазақ тіліндегі жоба паспорты

Экономикалық негіздеме: Елімізде 2022 жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құраған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға көп. Нақтылай айтсақ дақылдар арасында маңызы бар бидай жинау алаңы 12,9 млн гектар жерді құрады. Оның ішінде 1 054,3 мың гектарынан, яғни 10,1%-ынан ғана 14,4 центнер өнім жиналған. Қалған бидай жинауға қатысты алаңнан жиналған бидай өнімдерінің мөлшері төмен келген. Қазақстан 2010 жылы 1 қаңтарда Кеден одағына, 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген. Алайда, саладағы еңбек өндіргіштігінің төмен деңгейі, пайдаланылатын технологиялардың жетілдірілмегендігі, материалдық, еңбек және басқа ресурстарды неғұрлым толық пайдалануды қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға мүмкіндік бермейді. Оның үстіне жыл өткен сайын ауа райы температурасының көтерілуі мен топырақ жабындысында ылғалдылықтың жетіспеуінен оңтүстік өңірдегі дәнді дақылдар шығымы аз және сабақтарының бойы қысқа болып келіп жатыр. 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы ең жоғары өсу қарқынын көрсетті: жалпы өнім көлемі 8,5%-ға ұлғайып, 8,8 трлн теңгені құрады. Биыл әлемдік азық-түлік нарығында қалыптасқан құбылмалы жағдайға байланысты ықтимал тәуекелдерді азайту үшін көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемі 2 есеге – 110 млрд теңгеден 220 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2022 жылы 214 млрд теңгені құрайтын 227 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін олардың санын 237-ге жеткізу жоспарлануда. Мемлекет меншігіне 5,2 млн га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды, 2023 жылы тағы 5 млн га қайтару көзделген. Айта кету керек, Энергетика министрлігінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін дизель отынына арзандатылған бағаларды заңнамалық бекіту құзыреті жоқ. Ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін дизель отынының құны жанар-жағармай материалдары нарығына қатысушылармен келісім жолымен айқындалады және мұнай өнімдерін ресурс ұстаушылардың өздері ерікті түрде белгілейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет