|
Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Н ШҚМТУ 701.01
|
Сапа менеджменті жүйесі
|
Силлабус
(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
|
бет
|
Қазақстан Республикасының Министерство
Білім және ғылым образования и науки
министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ
ШҚМТУ им. Д. Серикбаева
БЕКІТЕМІН
МжК факультетінің деканы
______________М.Дудкин
_________________2014 ж.
КӨЛІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Силлабус
УСТРОЙСТВО ТРАНСПОРТНОЙ ТЕХНИКИ
Силлабус
Мамандық: 5В071300, Көлік, көлік техникасы және технологиялар
Оқу түрі: күндізгі
Курс: 2
Семестр: 3
Кредит саны: 3
Сағат саны: 135
Дәрістер: 30 сағат
Зертханалық сабақтар: 15 сағат
СОӨЖ: 30 сағат
СӨЖ: 60 сағат
Емтихан: 3 семестр
Өскемен
Усть-Каменогорск
2014
Силлабус 5В071300, Көлік, көлік техникасы және технологиялар мамандығының студенттеріне арналып, 3.08.341-2006 Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде «Көлік және логистика» кафедрасында дайындалды.
«Көлік және логистика» кафедрасының отырысында талқыланды.
Кафедра меңгерушісі В. Вдовин
____________________ж. №____ хаттама
Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды.
Төраға А. Вавилов
______________________ ж. №____ хаттама
Дайындаған
т.ғ.к., доцент М.Мұздыбаев
Норма бақылаушы Т.Тютюнькова
ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Көлік және логистика» кафедрасы, «Машинажасау және көлік» факультеті (Г-Л-204 дәрісханасы)
Пән жүргізетін оқытушы: М.С.Мұздыбаев.,т.ғ.к., доцент, Байгереев С.Р., оқытушы.
Жұмыс телефоны: 540-200
Дәрісханалық сағат және кеңес беруге арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.
-
ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
-
Оқылатын пәннің сипаттамасы
«Көлік техникасының құрылысы» курсын бітіргеннен кейін студент негізгі анықтамаларды, көлік техникасының құрылысын, оларды қайда пайдалануға болатынын білу керек. Студент алған теориялық білімін өндірістік тәжірибеде қолданып, әртүрлі көлік техникасымен жұмыс істеуді және техникалық құжаттармен жұмыс істеуді үйренеді, инженерлік есептерді шығаруды, техникалық өлшеу жасауды, техника – эконимикалық және басқару шешімдерін қолдануды үйренеді, осылардың барлығы өндірістің тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі.
«Көлік техникасының құрылысы» пәні дәріс материалдарын тыңдау мен зертханалық жұмыстарды орындау негізінде игеріледі. Студенттердің білімдері зертханалық жұмыстарды жүргізу мен оларды қорғау, аралық және қорытынды рейтингтік бақылау және емтихан арқылы тексеріледі.
-
Пәнді меңгеру мақсаты мен міндеттері
Пәнді оқытудың мақсаты студенттерде ғылымдық жүйені және кәсіптік білім алуды және көлік техникасының құрылымын меңгеруді қамтамасыз ету болып табылады. Пәнді оқытудың негізгі міндеті:
- студенттерге көлік техникасының құрылысы туралы теориялық білім беру мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету әдістерін пайдалануды үйрету,
- мемлекеттік және халықаралық көлік техникасының стандарттарымен және оған қойылатын талаптармен таныстыру,
- көлік техникаларында қолданылатын материалдар мен олардың қасиеттері туралы және балама отындардың қасиеттерін және ерекшелігін білулері керек,
- студенттерге ғылыми ойлауды қалыптастыру, шетел тәжірибесін оқып біліп және оларды қолдана алуды қалыптастыру.
1.3. Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі:
Білім алушылар білуге тиіс:
-
Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі автомобиль көлігінің күйі мен олардың даму тенденцияларын, автомобильдердің пайдалану қасиеттерін, оларды бағалау көрсеткіштері мен әдістерін, жақсарту жолдарын, құрылымның принциптерін, автомобильдің механизмдері мен жүйелерінің жұмыс процестерін, механизм құрылымдарын талдау және бағалау әдістерін, механизмдерге түсетін жүктемелерді анықтау тәсілдері мен оларды есептеу негіздерін;
Дағдылары:
-
өз бетінше автомобильдердің жаңа құрылымын игеру және олардың техникалық деңгейін бағалау;
-
автомобильдердің пайдалану қасиеттерінің көрсеткіштерін есептеу дағдысы.
Құзыреттері:
Түйінді құзыреттер болып табылады:
-
көлік техникасының құрылымын зерделеу саласында ғылыми және кәсіби білімдерді жинақтау, талдау, жалпылау;
-
инженерлік-қолданбалы есептеулер мен техникалық өлшеулерді орындау;
-
көлік техникасының тиімділігін арттыру мақсатында техникалық-экономикалық және басқарушылық шешімдер қабылдау.
1.4 Пререквизиттар
Физика.
1.5 Постреквизиттар
Автомобиль қозғалысының теориясы, Автомобильді жобалау.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар
Тақырып атауы, оның мазмұны
|
Еңбек сыйымдылығы, сағ
|
Ұсынылған әдебиеттер
|
1
|
2
|
3
|
Дәріс сабақтары
|
Тақырып 1. Кіріспе. Көліктің жылжымалы құралы. Жылжымалы құрамның түрлерін анықтау және оның жіктемесі. Жіктемесі, жалпы құрылымы, негізгі механизмдері мен жүйелері, олардың атқаратын қызметтері. Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасының параметрлері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 2. Қозғалтқыштың жұмыс процесі және негізгі параметрлері. Автомобиль қозғалтқыштарының типтері. Поршеньді қозғалтқыштардың механизмдері мен жүйелері, негізгі параметрлері. Газтурбиналы және роторлы-поршеньді қозғалтқыштардың сұлбасы мен әрекет ету принциптері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 3. Иінді-бұлғақты механизмнің (ИБМ) міндеті мен құрастыру сұлбасы. ИБМ-нің құрылысы мен бөлшектерінің материалдары. Газүлестіру механизмінің міндеті мен клапандық механизмінің сұлбасы. Газүлестіру механизмінің құрылысы. Газүлестіру фазаларының диаграммасы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
1
|
2
|
3
|
Тақырып 4. Қозғалтқыштың суыту жүйесі. Суыту жүйесінің міндеті мен типтері. Сұйықпен суыту жүйесінің аспаптары мен құрылғыларының құрылысы. Суытқыш сұйықтар мен олардың қасиеттері. Ауамен суыту жүйесінің сұлбасы, негізгі элементтері және құрылысы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 5. Қозғалтқыштың майлау жүйесі. Майлау жүйесінің міндеті мен негізгі элементтері. Үйкелетін беттерге майдың берілу тәсілдері. Майлау жүйесінің аспаптарының құрылысы мен жұмысы. Картердің желдеткіш жүйесі. Қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі клапандар.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 6. Бензинді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі. Жанар қоспасының құрамы. Қарапайым карбюратор және оның әрекет ету принципі. Инжектерлы қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесінің аспаптарының міндеті, құрылысы және жұмысы. Газбаллонды қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі. Пайдаланылған газдардың шығару жүйесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 7. Дизельді қозғалтқыштардағы қоспа түзілу принципі. Төрт тактілі дизельді қозғалтқыштардың міндеті, құрылысы, жұмыс істеу принципі. Қоректендіру жүйесінің аспаптары және олардың міндеттері. Отын беретін аспаптардың: төменгі және жоғарғы қысым сорғыларының, сүзгілердің, форсункалардың құрылысы мен жұмысы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 8. Автокөліктің электр жабдығы. Ток көздері мен электр энергиясын тұтынушылар. Электр жабдықтарының принциптік сұлбасы. Генератордың электрлік сұлбасы мен құрылысы. Генераторлардың шығу параметрлерін реттеу. Аккумулятор батареяларының сипаттамасы мен таңбалануы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 9. Батареямен оталдыру жүйесі, оның мақсаты, жұмыс істеу принципі. Оталдыру жүйесінің аспаптарының құрылысы. Оталдырудың түйіспелі-транзисторлы және түйіспесіз жүйелерінің сұлбасы мен әрекет ету принципі. Борттық компьютерлермен басқарылатын оталдыру жүйелері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 10. Қозғалтқышты электрмен іске қосу жүйесі. Автомобиль стартерлері мен оларды қосу сұлбасы. Жарықтандыру және сигнал беру аспаптары, олардың міндеттері, сипаттамалары және оларды қосу сұлбалары. Автомобильді басқару процестерін автоматтандыру үшін электрониканы пайдалану.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 11. Трансмиссия типтері, оның міндеті мен механизмдері. Механикалық трансмиссияның сұлбасы, құрылысының ерекшеліктері. Гидромеханикалық және электрмеханикалық трансмиссиялардың принциптік сұлбалары. Фрикционды ілінісудің міндеті, сұлбасы, құрылысы және жұмыс істеу принципі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
1
|
2
|
3
|
Тақырып 12. Сатылы, гидромеханикалық, қосымша беріліс қораптарының міндеттері, құрылысы, жұмыс істеу принципі. Карданды берілістің міндеті, жұмыс істеу принципі. Карданды топсалардың типтері. Бас берілістер мен дифференциалдардың міндеті, құрылысы. Жартылай осьтердің типтері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 13. Автокөліктердің салмақ түсетін жүйесі мен шанағы. Рамалардың міндеті, типтері, құрылысы. Салмақ түсетін шанақтардың типтері. Аспалардың міндеттері, негізгі бөліктері, сұлбалары. Аспалардың серпімді, өшіретін және бағыттаушы элементтері. Доңғалақтар, шиналар, қозғалтқыштар.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 14. Рульдік басқару. Рульдік механизмдердің, рульдік жетектердің міндеттері мен құрылысы. Рульдік жетектердің типтері. Рульдік басқару күшейткіштерінің міндеттері, құрылысы, жұмыс істеу принципі. Мамандандырылған жылжымалы құрам. Қосымша және аспалы жабдықтар.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 15. Тежегіштік басқару. Тежегіш жүйесінің типтері. Тежегіштердің гидравликалық және пневматикалық жетектерінің міндеттері, құрылысы және әрекет ету принципі. Барабанды және дискілі тежегіш механизмдерінің сұлбасы мен құрылысы. Аялдау тежегіш жүйесі. Тежегіш-баяулатқыштар және олардың құрылысы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Зертханалық сабақтар
|
Тақырып 1. Көлік техникасының жалпы құрылысы. Трансмиссия тәсімін жинақтау.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 2. Іштен жанатын қозғалтқыштардың жалпы құрлысы және олардың жұмыстық процесстері, олардың қайталануы. Процесстерді және олардың қайталануын индикаторлық диаграмма арқылы көрсету.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 3. Қисық иінді әздек механизмі, оның құрылысы, атқаратын қызметі, оларды жіктеу, қолданылатын материалдар. Газ жүрісін реттейтін механизм, оның құрлысы, атқаратын қызметі, оларды жіктеу.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 4. Майлау жүйесі, олардың атқаратын қызметі, қолданылатын тәсімдері, және қолданылатын майлар.
Салқындату жүйесі, олардың атқаратын қызметі, қолданылатын тәсімдері, және қолданылатын сұйықтар.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 5. Бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі, оның атқаратын қызметі, тәсімі және құрылысы. Газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі, қоданылатын газ түрлері, газбен жүмыс істегенде қоланылатын сақтандырулар.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 6. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі. Оның атқаратын қызметі, тәсімі және құрлысы және олардың ерекшелігі.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
1
|
2
|
3
|
Тақырып 7. Инжекторлық қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі, оның аспаптары және атқаратын қызметі. Инжекторлы қозғалтқыштарға қажетті отын.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 8. Көліктік техниканың электр жабдықтары. Электр жабдықтарының парықтық тәсімі. Тәсімде қолданылатын аспаптардың көлікте орналасуы. Электр энергиясының көзіне және тұтынушыларға берілетін сипаттама. Энергия көздері: генератор және аккумулятор батареясына берілетін сипаттама. Стартер, жарық беру және белгі беру жүйелері.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 9. Іліністіргіштің атқаратын қызметі және тәсімі, фрикционды іліністіргіштің жұмысы және оны басқаратын жүйе. Гидромеханикалық және механикалық басқару жүйесі. Гидромуфтаның тәсімі және атқаратын қызметі.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 10. Механикалық сатылы қосу қорабының тәсімі. Гидротрансформатордың тәсімі және жұмыс істеу парқы. Гидро көлемдік берілістер туралы түсініктер. Гидромеханикалық берілістердің құрылысы және жұмысы. Қосымша қосу қораптарының құрылысы.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 11. Кардан берілісі және қосу муфталары. Кардан берілісінің атқаратын қызметі және олардың элементтері. Кардан бұлықтарының түрлері. Бұрыштық жылдамдығы тең емес кардан бұлықтарының тәсімі және оның қасиеті. Бұрыштық жылдамдығы тең кардан берілісінің тәсімі және оның қасиеті.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 12. Көліктік техниканың аспалары. Негізгі беріліс, дифференциал және жартылай өстер. Аспалардың атқаратын қызметі және түрлері. Аспа элементтерінің құрылысы.
Негізгі беріліс. Дара және қос негізгі берілістердің тәсімі және оның құрылысы. Негізгі берілістің майлау жүйесі.
Дифференциалдың атқаратын қызметі. Трансмиссияға дифференциалдарды орнату әдістері. Дифференциалдарды бекіту әдістері. Жартылай өстер. Оның құрлысы және жұмыс істеу парқы. Жартылай өстерді бекіту әдістері.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 13. Көлік техникасының қозғалу бөлігі. Аспалы ілгек. Доңғалақ және шина. Көлік техникасының өткіштігі. Аспалы ілгектің атқаратын қызметі және оның негізгі бөліктері. Шиналардың таңбасы және өлшемдерін белгілеу, олардың түрлері. Күпшектің құрлысы және оларды бекіту әдісі.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 14. Руль басқармасының негізгі элементтері және олардың атқаратын қызметі. Бұру цапфасының, кіндіктің подшипниктердің құрылысы. Кіндіктің орнату бұрыштары және оның басқару доңғалақтарын тұрақтандыруға тигізетін әсері. Руль трапециясы, оның қасиеттері. Гидрокүшейткіштердің құрлысы және атқаратын қызметі, қолданылатын сұйық.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
1
|
2
|
3
|
Тақырып 15. Көлік техникасының тежеу басқармасы. Жұмыстық, қосалқы, тұрақтық қосымша тежеу жүйесінің атқаратын қызметі. Тежеу механизмдерінің, оларды қозғау және басқару бөлігінің орналасуы. Гидравликалық және пневматикалық тежеу жүйесі. Қыса, қорап және кабина.
|
1
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы
|
Тақырып 1. Жылжымалы құрамның түрлері және оның жіктемесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 2. Қозғалтқыштың жұмыс процесі және негізгі параметрлері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 3. Иінді-бұлғақты механизмнің (ИБМ) міндеті мен құрастыру сұлбасы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 4. Қозғалтқыштың суыту жүйесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 5. Қозғалтқыштың майлау жүйесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 6. Бензинді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 7. Дизельді қозғалтқыштардағы қоспа түзілу принципі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 8. Автокөліктің электр жабдығы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 9. Батареямен оталдыру жүйесі, оның мақсаты, жұмыс істеу принципі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 10. Қозғалтқышты электрмен іске қосу жүйесі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 11. Трансмиссия типтері, оның міндеті мен механизмдері.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 12. Сатылы, гидромеханикалық, қосымша беріліс қораптарының міндеттері, құрылысы, жұмыс істеу принципі.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 13. Автокөліктердің салмақ түсетін жүйесі мен шанағы.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 14. Рульдік басқару.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
Тақырып 15. Тежегіштік басқару.
|
2
|
Негізгі: 1-14
Қосымша: 15-22
|
2.2 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)
Көлік техникасының құрылысын зерделеуге жеке тапсырманы таңдағанда студент сынақ кітапшасының соңғы нөмірін басшылыққа алады. Тапсырма есебі түсіндірме жазба түрінде ресімделеді. Онда кіріспе, тапсырмаға сәйкес негізгі сұрақтардың мәнін ашатын негізгі бөлім, әдебиеттер тізімі қамтылады. Жұмыс А4 форматындағы машиналық мәтіннің 10-15 беті көлемінде болуы керек. Жұмыс төмендегі талаптарға сай болуы керек: қарастырылған сұрақтың мәні толық ашылуы керек, әрекет ету нысандары мен қолданылған жабдықтардың суреттері (эскиздері) болуы керек, сауатты және стандартқа (ССМТ 2.105 мәтіндік құжаттардың мазмұны мен ресімделуіне қойлатын жалпы талаптар) сәйкес ресімделуі керек.
Тақырып
|
Тапсырманың мазмұны және мақсаты
|
Ұсынылатын әдебиеттер
|
Дайындау мерзімі
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру уақыты
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Қозғалтқыштың газ жүрісін реттейтін механизмнің құрылысы. Жеңіл автомобиль (үлгі студенттің таңдауында);
|
Студенттің өздік жұмысы оқу материалын жеке меңгеру нәтижесі болып табылады. Студент көлік техникасының құрылысын зерделеу бойынша жеке тапсырмалар орындайды, зерттеу жұмыстарын өткізеді.
|
Негізгі: 1, 2, 3, 4, 5
Қосымша: 6, 7, 8, 9, 10, 11
|
7 апта (1 рейтинг); 7 апта (2 рейтинг)
|
Реферат үшін 12 балл
|
8 және 15 апта
|
Дизельдік қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі. Жүк автомобилі (үлгі студенттің таңдауында);
|
Бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі. Жеңіл автомобиль (үлгі студенттің таңдауында);
|
Бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштың тұтандыру жүйесі. Карьерде жұмыс істейтін өзі түсіретін автомобиль (үлгі студенттің таңдауында);
|
Қозғалтқыштың майлау және салқындату жүйелері. микроавтобус (үлгі студенттің таңдауында);
|
Қозғалтқыштың қисық иінді әздек механизмі Үлкен сыныпты қала автобусы (үлгі студенттің таңдауында);
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Көлік техникасының тежеу жүйесі. Қала аралық автобус (үлгі студенттің таңдауында);
|
|
|
|
|
|
Көлік техникасының руль басқармасы. пневмодоңғалақты транспортер (үлгі студенттің таңдауында);
|
Көлік техникасының трансмиссиясы (аспалы ілгек, доңғалақ, шина) жүк автомобилі (үлгі студенттің таңдауында);
|
Көлік техникасының негізгі берілісі (дифференциал, күпшек, жартылай өс) Көліктік арнайы техника (үлгі студенттің таңдауында);
|
-
Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі
Бақылау түрі
|
Оқудың академиялық кезеңі, апта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Сабаққа қатысу
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
Дәріс конспектісі
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
Ауызша сұрау
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
Аралық тестілеу
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
Реферат
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
Барлығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
-
Негізгі әдебиеттер
-
Алиев Б.А. Автомобильдер мен қозғалтқыштар теориясы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 209б.
-
Мусабеков М.О. Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 359б.
-
Жүнісбеков П.Ж. Автомобиль құрылысы және пайдаланылуы. – Астана: «Фолиант» баспасы, 2010. – 349б.
-
Вахламов В.К. Автомобили. Основы конструкции. Учебник для ВУЗов. М.: Издательский центр «Академия», 2004.- 528 с.
-
Стуканов В.А. Устройство автомобилей: Учебное пособие.- М.: «Форум», 2006.- 496 с.
-
Роговцев В.Л., Пузанков А.Г. Устройство и эксплуатация автотранспортных средств: Учебник водителя – М.: Транспорт, 1991. – 432 с.
-
Вишняков Н.Н., Вахламов В.К. и др. Автомобили: Основы конструкции – М.: Машиностроение, 1986. – 304 с.
-
Литвинов А.С., Фаробин Я.Е. Автомобиль: Теория эксплуатационных свойств – М.: Машиностроение, 1989.- 240 с.
-
Гришкевич А.И. Автомобили: Теория – М.: Высшая школа, 1986. – 203 с.
-
Гришкевич А.И. и др. Автомобили: Конструкция, конструирование и расчет. Трансмиссия – Минск: Высш. школа, 1985. 240 с.
-
Осепчугов В.В., Фрумкин А.К. Автомобиль. Анализ конструкций, основы расчета – М.: Машиностроение, 1989. – 304 с.
-
Михайловский Е.В. и др. Устройство автомобиля. – М.: Машиностроение, 1985. – 352 с.
-
Сергеев В.П. Автотракторный транспорт: Учебник для вузов. – М.: Высшая школа, 1984. – 304 с.
-
Тракторы. Конструкция: Учебник для вузов. Под общ. ред. И.П. Ксеневича. – М.: МГТУ «МАМИ», 2001. – 821 с.
3.2 Қосымша әдебиеттер
-
Автомобильный справочник. Перевод с англ. Первое издание. – М.: Издательство «За рулем», 2000 – 896 с.
-
Великанов В.И., Бернацкий В.И. и др. Автомобильные транспортные средства – М.: Транспорт, 1977. – 326 с.
-
Автомобили: Испытания – Беляев В.М., Высоцкий М.С. и др. – Минск.: Высшая школа, 1991. – 187 с.
-
Бурков М.С. Специализированный подвижной состав автомобильного транспорта - М.: Транспорт, 1979.-296 с.
-
Серия: “Руководство по ремонту автомобилей зарубежного производства”
-
Ютт В.Е. “Электрическое и электронное оборудование автомобилей”, 1996.- МАДИ.-121 с.
-
Краткий автомобильный справочник: НИИАТ. М.:Транспорт, 1988. -224 с.
-
Чумаченко Ю.Т. Устройство техническое обслуживание и ремонт автомобилей: Учебное пособие / Под редакцией А.С. Трофименко. Изд-во «Феникс», 2005.–544
4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:
-
сабақ кестесіндегі дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;
-
студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;
-
сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;
-
балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;
-
қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;
-
орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;
-
сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;
-
студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.
4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.
Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.
Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:
Аттестациялау кезеңі
|
Бақылау түрі, меншікті салмақ, %
|
Қатысу
|
дәрістер конспектісі
|
Ауызша сұрау
|
Коллоквиум
|
тестілеу
|
Реферат
|
Зертханалық жұмыстарды қорғау
|
Ағымдағы тестілеу
|
Барлығы
|
Рейтинг 1
|
1
|
2
|
6
|
-
|
-
|
6
|
45
|
40
|
100
|
Рейтинг 2
|
1
|
2
|
6
|
-
|
-
|
6
|
45
|
40
|
100
|
Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.
Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:
- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;
- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.
Қорытынды баға есебінің формуласы:
, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;
Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.
Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:
Әріп жүйесіндегі баға
|
Баллдың сандық эквиваленті
|
Пайыздық түрі, %
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
А
|
4,0
|
95–100
|
өте жақсы
|
А–
|
3,67
|
90–94
|
В+
|
3,33
|
85–89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80–84
|
В–
|
2,67
|
75–79
|
С+
|
2,33
|
70–74
|
қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65–69
|
С–
|
1,67
|
60–64
|
D+
|
1,33
|
55–59
|
D
|
1,0
|
50–54
|
F
|
0
|
0–49
|
қанағаттанарлықсыз
|
4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
Пән бойынша қорытынды бақылау тест түріндеөткізілетін емтихан болып табылады. Тесттер ШҚМТУ МСЖ-нің талаптарына сай келеді және емтихан компьютерлік сыныпта өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |