Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы

Дата08.07.2016
өлшемі260.5 Kb.
#184440
Студенттерге арналған ПМУ ҰС Н 7.18.2/11

пәннің бағдарламасы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
ТМД физикалық географиясы пәні бойынша
5В060900-География мамандығының студенттері үшін

Павлодар

Студенттерге арналған

пәннің бағдарламасын ПМУ ҰС Н 7.18.2/11

бекіту парағы

БЕКІТЕМІН

Химиялық технология

және жаратылыстану

факультетінің деканы

__________________ К.К. Ахметов

20 ж. «____»_______________

Құрасытырушы: аға-оқытушысы ________________ Егинбаева А.Е.

География және туризм кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

ТМД физикалық географиясы пәні бойынша

5В060900 - География мамандығына

Бағдарлама 20___ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

20___ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.

Хаттама №_____.

Кафедра меңгерушісі ______________________ Д.Д. Есимова

Химиялық технологиялар жіне жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «_____»______________

хаттама №____.

ОӘК төрайымы ________________________ Ю.М. Каниболоцкая

Оқытушы жөнінде ақпарат:

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

Аға-оқытушы Егинбаева А.Е.

Тел. (8-3182) 67 36 85 (ішкі 1277)

Қабылдау уақыты: сенбі – 1200-ден 1300-ге дейін, ауд. № 313

Пән жөнінде ақпарат:

пән 15 аптадан тұратын 7-ші семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, олардың ішінен 45 сағат аудиториялық сабақтарға және 90 сағаты пәнді оқу бойынша студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) жұмсалады. Сабақтың түріне қарай аудиториялық уақыттың бөлінуі күнтізбелік жоспарда келтірілген.

«ТМД физикалық географиясы» курсы – жоғары оқу орындарындағы географиялық білім беру жүйесіндегі негізгілерінің бірі болып келеді. Бұл курста бұрыңғы кеңестік мемлекетттердің табиғаты туралы біртұтас көрініс беріледі және оның алуан түрлілігі ашып көрсетіледі.

ТМД физикалық географиясы – негізінде аймақтық келіс және кеңістіктік айырмалышықтардың талдауы жатқан аймақтық курс. Зерттеу нысаны біртұтас табиғи түзілімдер ретіндегі табиғи кешендер (АТК) болып табылады. Зерттеу табиғи зоналарға сипаттама беруден басталады.

Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

- ТМД аймағының табиғи алуан түрлілігі, табиғи кешендердің қалыптасу және даму ерекшеліктері туралы толық мәлімет беру және табиғаттың антропогенді өзгеру және оның салдары мәселелерін қарастыру.

Міндеттері:

  • ТМД аймағының физикалық-географиялық орналасуын бағалау және оның табиғат жағдайларының қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау;

  • Аймақтың даму тарихы мен табиғи үрдістердің заңдылықтарын айқындау;

  • ТМД аймағындағы табиғи ресурстардың түрлері мен таралу заңдылықтарын анықтау;

  • ТМД аймағын физикалық-географиялық аудандастыру ұстанымдарын анықтау және аудандастырудың негізгі таксономиялық бірліктерін белгілеу;

  • Әр бір физикалық-географиялық аймақтың сипаттамасын беру

Студент білу керек:

    • Географиялық орналасудың физикалық-географиялық жағдайларына тигізетін әсерін;

    • Аймақтың даму тарихы мен табиғи кешендердің негізін құрайтын негізгі геологиялық құрылымдарды;

    • Климат түзуші факторлар мен ТМД ландшафтарының климаттық жағдайларына ықпалын тигізетін климаттық жағдайларын;

    • Физикалық-географиялық аймақтар мен провинциялардың табиғи жағдайларын;

    • ТАК-ң дамуына адам әрекетінің әсерін

Студент істей білу керек:

  • ТМД елдері мен жеке әр бір физикалық-географиялық аймақтың географиялық орналасуына баға беру;

  • Аймақтар мен провинциялардың толық физикалық-географиялық сипаттамасын жасау;

  • Олардың даму заңдылықтарын анықтау;

  • Аймақтың дамуына адам әрекетінің әсерін бағалау

Пререквизиттер: Жалпы жертану, геология, геоморфология, метеорология және климатология, гидрология, экология, картография
Әдебиет

Негізгі

  1. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР\ Азиатская часть – Москва, 1989

  2. Давыдов М.И., Раковская Э.М., Тушинский Г.К. Физическая география СССР – Москва, Т.1,2 - 1989

  3. Давыдов М.И., Раковская Э.М., Кошевой В.А. Практикум по физической географии СССР – Москва, 1983

  4. Макунина А.А. Физическая география СССР. – Москва, 1985

  5. Машкова Г.В., Подоплелов Н.Я. Практикум по физической географии – Москва, 1966

  6. Мильков Ф.Н., Гвоздецкий Н.А. Физическая география СССР. Общий обзор. Европейская часть СССР. Кавказ. – Москва, 1986

Қосымша:

  1. Атлас СССР – Москва, 1983

  2. Борисов А.А. Климаты СССР в прошлом, настоящем и будущем. – Ленинград , 1975

  3. Географический атлас: для учителей средней школы. – Москва, 1980, 1986

  4. Добровольский А.Д., Залогин Б.С. Моря СССР. – Москва, 1989

  5. Заповедники Советского Союза. – Москва, 1984

  6. Исаченко А.Г. Ландшафты СССР – Ленинград, 1985

  7. Мильков Ф.Н. Природные зоны СССР. – Москва, 1977

  8. Михайлов Н.И. Физико-географическое районирование. – Москва, 1985

  9. Мячков Н.А. Климат СССР – Москва, 1983

  10. Смирнова М.Н. Основы геологии СССР. – Москва, 1984

Пәннің тақырыптық жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.2/10

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Тәжір.

СӨЖ

1

2

3

4

7

1

ТМД аймағы туралы жалпы мәліметтер. ФГО мен шайып жатқан теңіздер

2

0,5

5

2

Геологиялық құрылысы мен жер бедері

2

0,5

5

3

Климаты мен ішкі сулары

2

0,5

5

4

Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі

1

0,5

5

5

ТМД аймағының физикалық-географиялық аудандастыруы мен табиғи зоналары

1

1

6

6

Шығыс-Еуропа жазығы

2

1

5

7

Қола түбегі және Карелия. Украин Карпат таулары

2

1

6

8

Қырым-Кавказ таулы өлкесі

2

1

6

9

Орал таулы өлкесі. Таулы-аралдық Арктика

2

1

6

10

Батыс-Сібір ойпаты

2

1

6

11

Орта Сібір

1

1

5

12

Сібірдің Солтүстік-Шығысы

1

1

5

13

Камчатка-Курил жанартаулық өлкесі

2

1

5

14

Амур-Сахалин аймағы

2

1

5

15

Байкал таулы өлкесі. Алтай-Саян өлкесі

2

1

5

16

Қазақтың ұсақ шоқылары. Тұран ойпаты

2

1

5

17

Орта Азия мен Қазақстанның таулары

2

1

5

БАРЛЫҒЫ:

30

15

90

Теориялық курсының мазмұны

1 Тақырып. ТМД аймағы туралы жалпы мәліметтер. ФГО мен шайып жатқан теңіздер

ТМД аймағы жөніндегі жалпы мәліметтер. ТМД-ң еуропалық және азиялық бөлігі. ТМД физикалық-географиялық орналасуы, оның ерекшеліктері мен табиғат жағдайларына тигізетін әсері. Солтүстік Мұзды мұхитының теңіздері. Ішкі алаптың теңіздері. Атлант мұхитының теңіздері. Тынық мұхитының теңіздері.

2 Тақырып. Геологиялық құрылысы мен жер бедері

ТМД аймағының геологиялық және тектоникалық құрылысының ерекшеліктері. Жер бедерінің даму тарихы. Бедер түзуші факторлар. ТМД аймағындағы морфоқұрылымдар мен морфомүсіндер. Қазіргі бедер түзуі факторлар. Жаңа тектоникалық қозғалыстар

3 Тақырып. Климат және ішкі сулары

Климат түзуші факторлар. Қысқы уақыттағы климаттың ерекшеліктері. Жазғы уақыттағы климаттың ерекшеліктері. Климат типтері. ТМД аймағының су ресурстары, олардың таралуы. Өзендер, көлдер, батпақтар, мұздықтар, мәңгі тоң, жер асты сулары.

4 Тақырып. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі

Топырақ түзуші факторлар. Топырақ жамылғысы. Топырақтардың түрлері, олардың ерекшеліктері. Өсімдік жамылғысы табиғи жағдайлары үйлесімділігінің көрсеткіші ретінде. ТМД аймағындағы өсімдіктердің түрлері. ТМД аймағындағы жануарлар әлемінің өкілдері.

5 Тақырып. ТМД аймағының физикалық-географиялық аудандастыруы мен табиғат зоналары

Физикалық-географиялық аудандастыру тарихынан. Аудандастыру ұстанымдары. Аудандастырудың негізгі таксономиялық бірліктері. ТМД табиғат зоналары. Табиғат зоналарының таралу заңдылықтары.

6 Тақырып. Шығыс-Еуропа жазығы

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

7 Тақырып. Қола түбегі және Карелия. Украин Карпат таулары

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

8 Тақырып. Қырым-Кавказ таулы өлкесі

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

9 Тақырып. Орал таулы өлкесі. Таулы-аралдық Арктика

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

10 Тақырып. Батыс-Сібір ойпаты

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

11 Тақырып. Орта Сібір

12 Тақырып. Сібірдің Солтүстік-Шығысы

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

13 Тақырып. Камчатка-Курил жанартаулық өлкесі

14 Тақырып. Амур-Сахалин таулы өлкесі

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

15 Тақырып. Байкал таулы өлкесі. Алтай-Саян өлкесі

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

16 Тақырып. Қазақтың ұсақ шоқылары. Тұран жазығы

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.

17 Тақырып. Орта Азия мен Қазақстанның таулары

Өлкенің физикалық-географиялық орналасуы. Геологиялық құрылысы, жер бедерінің даму тарихы, бедер типтері. Климаттық жағдайлары. Ішкі сулары. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Табиғи ресурстары. Табиғаттың антропогендік өзгерістері.
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны:
1 Тақырып. ТМД аймағы туралы жалпы мәліметтер. ФГО мен шайып жатқан теңіздер

ТМД аймағының физикалық-географиялық орналасуына талдау жасау. Физикалық карта және сағаттық белдеулер картасы бойынша есеп шығару

№ 2 Тақырып. Геологиялық құрылысы мен жер бедері

ТМД аймағының геологиялық, тектоникалық және геоморфологиялық карталарын зерттеп, осы компоненттер арасындағы байланысын анықтау

№ 3 Тақырып. Климат және ішкі сулары

ТМД аймағының климаттық картасын зерттеу және оған талдау жасау. Климат түзуші факторларын анықтау. Климат және су ресурстарының таралуы арасындағы байланысын айқындау

№ 4 Тақырып. Топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар әлемі

Топырақ және өсімдік жамылғысының таралу картасына талдау жасау. Белгілі бір аймақтың анықталған бағыт бойынша кешенді қима құрастыру

№ 5 Тақырып. ТМД аймағының физикалық-географиялық аудан ТМД аймағындағы табиғи зоналарға сипаттама беру дастыруы мен табиғат зоналары

№ 6 Тақырып. Шығыс-Еуропа жазығы

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 7 Тақырып. Қола түбегі және Карелия. Украин Карпат таулары

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 8 Тақырып. Қырым-Кавказ таулы өлкесі

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 9 Тақырып. Орал таулы өлкесі. Таулы-аралдық Арктика

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 10 Тақырып. Батыс-Сібір ойпаты

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 11 Тақырып. Орта Сібір

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 12 Тақырып. Сібірдің Солтүстік-Шығысы

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

13 Тақырып. Камчатка-Курил жанартаулық өлкесі

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 14 Тақырып. Амур-Сахалин таулы өлкесі

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 15 Тақырып. Байкал таулы өлкесі. Алтай-Саян өлкесі

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 16 Тақырып. Қазақтың ұсақ шоқылары. Тұран жазығы

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

№ 17 Тақырып. Орта Азия мен Қазақстанның таулары

Физикалық-географиялық аймақ немесе провинцияға белгіленген жоспар бойынша толық сипаттама беру

СӨЖ мазмұны

СӨЖМ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Сабаққа қатысуы

15

2

Тәжірибелік сабақтарына дайындық

Ауызша сұрау

Конспект

25

5

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Ауызша сұрау

Конспект

20

6

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат

(және басқалар)

СТ қорғау

20

7

Бақылау шараларына дайындық

Тексеру жұмысы

МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және басқалар)

10

Барлығы:

90

Қорытынды бақылау мен ағымдағы үлгерімді бақылау бойынша салмақты үлестердің бөлінуі

р/с

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрі

Салмақты үлестері

1

Емтихан

Емтихан

0,4

Ағымдағы үлгерімді бақылау

0,6

Курстың саясаты

Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.

Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:

  • Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;

  • Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.

Талаптар мен айыпты санкциялар:

  1. Оқу процесіне белсенді қатысу.

  2. Сабаққа кешікпеу.

  3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.

  4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.

  5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау

  6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.

7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.

Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.

Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:

  1. Дәріс сабақтарына қатысу

  2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау

  3. Білімдердің шекті бақылауы

  4. Емтихан (сынақ) бағасы

Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.

Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.

Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.

Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:

Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.

Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).

Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:

-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;

-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;

-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;

-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;

-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;

-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.

Достарыңызбен бөлісу:

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет