Студенттерге арналған ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
пәннің бағдарламасы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технология және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
5В5060900 - География мамандығының студенттеріне арналған
Геология пәні бойынша
студенттерге арналған
пәннің бағдарламасы
Павлодар
Студенттерге арналған
пәннің бағдарламасын ПМУ ҰС Н 7.18.2/11
бекіту парағы
БЕКІТЕМІН Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің деканы
_________________ Қ.Қ.Ахметов
20 ж. «____»_______________
Құрасытырушы: аға-оқытушы __________________Ерубаева Л.Ж.
География және туризм кафедрасы
Геология пәні бойынша
5В060900 - География мамандығына
Бағдарлама 20___ж. «____» _________бекітілген жұмыс бабындағы оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған.
Хаттама №_____.
Кафедра меңгерушісі ______________________ Д.Д.Есимова
Химиялық технология және жаратылыстьану факультетінің оқу- әдістемелік кеңесімен құпталған 20 ж. «_____»______________хаттама №____.
ОӘК төрайымы ________________________ Ю.М. Каниболоцкая
Оқытушы туралы мәліметтер:
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
География және туризм кафедрасы
Аға-оқытушы Ерубаева Л.Ж.
Тел. (+7-7182) 67 36 85 (ішкі 1277)
Қабылдау сағаттары сейсенбі – 1300-ден 1500-ге ауд. № 313
Пән туралы мәліметтер:
пән 15 аптадан тұратын 3-ші және семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, олардың ішінен 45 сағаты аудиториялық сабақтарға және 90 сағаты пәнді оқу бойынша студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) жұмсалады. Сабақтың түріне қарай аудиториялық уақыттың бөлінуі күнтізбелік жоспарда келтірілген.
Геология курсы табиғаттанудың география саласы бойынша мамандар дайындауға қажетті табиғи-ғылыми пәндер топтамасы ішіндегі ең негізгілерінің бірі.
Ұсынылып отырған бағдарлама география мамандығы бойынша мамандар дайындаудың оқу жоспарына сәйкес аталған мамандықтың алғашқы курсында оқитын студенттер үшін дайындалған.
Геология курсы студенттерге Жер планетасының және оның беткі қатты қабаттарының құрамы, құрылысы, жаралу тегі, және дамуы жайлы терең де жүйелі білім бере отырып, оларға жер бетінде кең тараған минералдар мен таужыныстарды дұрыс анықтай білуді үйрету, алған білімдерін планета келбетін дәйім өзгертіп жататын табиғи процесстер болмысын дұрыс түсінуге машықтандыру мақсатын көздейді. Студенттердің геологиядан алған білімдері оларға оқу жоспарында белгіленген болашақта өтетін географиялық пәндерді неғұрлым терең де табысты игеруге бірден-бір негіз болуға тиіс.
Пәннің мақсаты – студенттерге Жер планетасының және оның беткі қатты қабаттарының, яғни литосфера қабатының және жер қыртысының құрамы, құрылысы, жаралу тегі және уақыт пен кеңістіктегі дамуы жайлы терең және жэүйелі білім бере отырып, оларға жер бетінде кеңінен тараған минералдар мен таужыныстарды дұрыс анықтай білуді үйрету, планета келбетін дәйім өзгертіп жататын табиғи геологиялық процестердің себеп-салдарын түсіндіру, алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуге машықтандыру болып табылады.
Студент білу керек:
-
Жер планетасының, оның ядросының және басты-басты қабықтарының заттық құрамы мен ішкі құрылыс ерекшеліктерін, олардың физикалық сипаттары мен параметрлерін;
-
Жердің және оның литосферасының (Жер қыртысының) көнелігін, таужыныстардың геологиялық көнелігін анықтаудың басты-басты әдістерін;
-
табиғи минералдық түзілімдерді және оларды жүйелеу принциптерін;
-
минералдарды дұрыс анықтау негізі болып табылатын олардың басты-басты физикалық қасиеттерін;
-
Жердің геологиялық дамуы нәтижесінде қалыптасқан, сондықтан да геологияның негізгі зерттеу объектісі болып табылатын таужыныстардың басты-басты типтерін, оларды жүйелеу және анықтау принциптерін;
-
Жер бетінде тіршілктің пайда болуын және даму барысын, таужыныстардың геологиялық көнелігін анықтауға керекті жәндіктер мен өсімдіктердің басты-басты типтерін (палеонтология негіздерін);
-
стратиграфия ғылымының негізі болып табылатын таужынысы қабаттарының қат-қабатталу заңдылығын;
-
бірегей стратиграфиялық (жержылнамалық) шкаланы және оның бөлімшелерін.
Студент істей білу керек:
-
мейлінше жиі кездесетін рудалық және жыныс құрушы минералдардың басты-басты физикалық қасиеттерін қолда бар мүмкіндіктер көмегімен салыстыра саралау нәтижесінде оларды дұрыс анықтай білуі, яғни жазбай тануы;
-
таужыныстарының басты-басты типтерінің (магмалық, шөгінді, метаморфтық таужыныстардың) минералдық құрамын және құрылымдық-бітімдік ерекшеліктерін саралау нәтижесінде оларды бір-бірінен дұрыс ажырата білуі;
-
тау-кен компасы көмегімен топографиялық карта бетінен өз орнын таба білуі және нақтылы геологиялық ашылымдағы тау жыныс қабаттарының бір-бірімен астасу элементтерін анықтай білуі.
2 Пререквизиттері: Жалпы жертану, Топография, Картография
Пәннің тақырыптық жоспары ПМУ ҰС Н 7.18.1/08
3 Пәннің мазмұны
№ п/п
|
3.1 ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
|
Тақырып атаулары
|
Сағаттар саны
|
Дәріс
|
Тәж.
|
Зерт.
|
СӨЖ
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
-
|
-
|
5
|
2
|
Қазақстандағы геологиялық ілім және өндіріс салалары дамуының басты-басты салалары
|
1
|
-
|
-
|
5
|
3
|
Жер жайлы жалпылама мәліметтер
|
1
|
1
|
-
|
10
|
4
|
Экзогендік геологиялық процесстер. Таужыныстарының морылу процесстері
|
1
|
2
|
2
|
10
|
5
|
Таужыныстардың денудациясы (мұжылуы), аккумуляциясы (шоғырлануы) және седиментациясы (түзілімденуі).
|
1
|
2
|
2
|
10
|
6
|
Кристаллография және минерология негіздері
|
2
|
2
|
3
|
10
|
7
|
Петрография негіздері
|
2
|
2
|
2
|
10
|
8
|
Стратиграфия негіздері
|
2
|
2
|
2
|
10
|
9
|
Палеонтологиялық элементтері
|
2
|
2
|
2
|
10
|
10
|
Геотектоника (тектоника) негіздері
|
2
|
2
|
2
|
10
|
|
Барлығы: 135
|
15
|
15
|
15
|
90
|
3.3 ТӘЖІРИБЕ САБАҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ
|
№ п/п
|
Тақырып
атауы
|
Мазмұны
|
Орындау мерзімі
(апта)
|
Аббревиатура
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1
|
Жер жайлы жалпылама мәліметтер
| -
Жердің ішкі құрылысын зерттейтін негізгі геофизикалық әдістер
-
Сейсмология, гравиметрия, магнитметрия, электрометрия, геотермика
-
Таужыныстарының салыстырмалы көнелігі
|
2
|
Т1
|
2
|
Экзогендік геологиялық процесстер. Таужыныстарының морылу процесстері
| -
Жердің сыртқы күштерінің әсерінен пайда болған, геологиялық құбылыстарды схема түрінде көрсету
-
Үгілу және оның түрлеріне сипаттама
-
Желдің геологиялық әсері
|
4
|
Т2
|
3
|
Таужыныстардың денудациясы (мұжылуы), аккумуляциясы (шоғырлануы) және седиментациясы (түзілімденуі).
| -
Пенеплен, денудациялық жазықтар
-
Морена және экзарация түсінікетері
-
Желдің геологиялық әрекеті, эолдық түзілімдер
|
6
|
Т3
|
4
|
Кристаллография және минерология негіздері
| -
Кристалдардың басты-басты қасиеттері
-
Минералдардың басты-басты сыныптары және олардың қысқаша сипаттамалары
-
Минералдардың физикалық қасиеттері
|
8
|
Т4
|
5
|
Петрография негіздері
| -
Шөгінді жыныстар петрографиясы
-
Магмалық таужыныстар петрографиясы
-
Пегматиттердің қалыптасу жағдайлары
|
10
|
Т5
|
6
|
Стратиграфия негіздері
| -
Стратиграфиялық (жержылнамалық) шкала және оның бірліктері
-
Таужыныс қабаттарының салыстырмалы көнелігін анықтау
-
Жергілікті стратиграфиялық бірліктер
|
12
|
Т6
|
7
|
Палеонтологиялық элементтері
| -
Жәндіктер мен өсімдіктер әлемін жүйелеу принциптері
-
Жәндіктер мен өсімдіктердің басты типтері және олардың палеонтологиядағы маңызы
|
14
|
Т7
|
8
|
Геотектоника (тектоника) негіздері
| -
Геосинклиналь процесстерден туындайтын нәтижелер
-
Платформалар, олардың геологиялық құрылыс ерекшеліктері
-
Қалқандар мен тақталар
|
14-15
|
Т8
|
3.4 Зертханалық жұмыстардың мазмұны:
№ р/с
| Тақырыптың атауы | Мазмұны |
1
|
Экзогендік геологиялық процесстер. Таужыныстарының морылу процесстері
|
Таужыныстардың физикалық, химиялық және органикалық морылуы. Әр морылу түріне мысал келтіру.
|
2
|
Таужыныстардың денудациясы (мұжылуы), аккумуляциясы (шоғырлануы) және седиментациясы (түзілімденуі).
|
Минералдардың физикалық қасиеттері оларды анықтаудың кілті ретінде: минералдардың қаттылығы, жымдастығы, түсі, жұқпатүсі, жылтырлығы, меншікті салмағы, мөлдірлігі, габитусы.
|
3
|
Кристаллография және минерология негіздері
|
Минералды жабдықтар көмегімен зерттеудің негізгі әдістері: микроскоптық немесе кристалоптикалық әдіс; ажыратқыш микроскоп түсінігі; тастілімдер мен таскертпелер; электрондық-микроскоптық және электрондық-графикалық әдістер,олардың жұмыс істеу принциптері; рентгендік-құрылымдық және микрозондылық талдаулар; септірлік және химиялық талдаулар.
|
4
|
Петрография негіздері
|
Таужыныстар петрографиясының элементтері. Магмалық және шөгінді таужыныстарының петрографиясы.
|
5
|
Стратиграфия негіздері
|
Жердің геологиялық даму тарихының эралары. Стратеграфиялық бөлімшелерді геологиялық карталар бетінде кескіндеу принциптері.
|
6
|
Палеонтологиялық элементтері
|
Жәндіктердің басты типтері және олардың палеонтологиядағы маңызы. Теңіз организмдерінің тіршілік ету жағдайына қарай даралану топшалары. Төмен және жоғары сатылы өсімдіктер.
|
7
|
Геотектоника (тектоника) негіздері
|
Литосфералық тақталар тектоникасы. Континенттер дрейфі; мұхит түбінің спердингі (жаппай көмкерілуі), мұхиттық литосфераның континенттік литосфера астына қарай сүңгуі және материктік тақталардың бір-бірімен тоқайласуы (коллизия).
|
-
СӨЖ мазмұны
№
|
СӨЖ түрі
|
Есеп беру түрі
|
Бақылау түрі
|
Сағаттағы көлем
|
1
|
Дәріс сабақтарына қатысу және
|
Конспект
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
2
|
Тәжірибелік сабақтарға дайындық.
|
Конспект
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
3
|
Баяндама жазу, қорғау
|
Конспект
|
Сабаққа қатысу
|
20
|
4
|
Бақылау шараларына дайындық .
|
|
МБ 1, МБ 2, коллоквиум
|
30
|
Барлығы
|
90
|
Курстың саясаты
Студент дәріс сабақтарына міндетті қатысу тиіс. Сабаққа қатысу әр бір сабақта белгіленеді (сабақтың басында немесе ортасында). Егер белгілеу кезінде студент болмаса, ол белгілеуден кейін келсе де сабақта жоқ деп есептеледі.
Сабақтардағы кез келген бұзушылық жазаланады, тіпті аудиториядан шығарып жіберуге де жету мүмкін. Ал белсенді жұмыс бағаланады. Сабақтан қалмау керек және кешігіп келуге болмайды. Сабақты босату және кешігіп келу үшін төмендегі айыпты санкциялар қолданылады:
-
Орынды себепсіз дәріс сабағына қатыспағаны үшін – минус екі балл;
-
Аудиторияда тәртіпті бұзғаны үшін – сабаққа келгені үшін алған баллдан айырылады.
Талаптар мен айыпты санкциялар:
-
Оқу процесіне белсенді қатысу.
-
Сабаққа кешікпеу.
-
Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.
-
Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз шайнамау.
-
Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау
-
Босатылған дәрісті өздігінен игеріп тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.
7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.
Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.
Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады:
-
Дәріс сабақтарына қатысу
-
Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік, зертханалық жұмыстар мен СӨЖ орындау мен қорғау
-
Білімдердің шекті бақылауы
-
Емтихан (сынақ) бағасы
Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін студент барлық дәріс, тәжірибелік, зертханалық сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса, студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.
Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.
Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша жүзеге асырылуы шарт.
Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру:
Орынды себеппен зертханалық жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.
Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады (көшірілген жұмыс есептелмейді).
Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген жауап төмендегідей бағаланады:
-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;
-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;
-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;
-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;
-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;
-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.
Достарыңызбен бөлісу: |