Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Реферат – бір тақырып немесе бір тараудың көлемінде жоспарлық негізде жазып, тақырыптың мазмұнын ашу мен мақсатына көз жеткізу
Эссе - тақырыпта немесе тарауларда кездесетін анықтамаларды айқындау, қысқаша түсіндірме жазу;
Глоссарий - ұғымдар мен терминдер анықтамасын түсіндіріп жазу;
Презентация - таңдаған тақырыбы бойынша студенттің өз ойын – пікірін дүниетануын білдіру және оны қорғау. Презинтация тақырыпты қалай айқындауы, ашуы, қызықтыруымен бағаланады 8-10 минут;
Баяндама - тараулар немесе тақырыптар бойынша әдебиеттерден, интернеттен алынған материалдар негізінде баяндау жазу.
Пікірталас – сұрақ-жауап әдісінде тақырыпты талқылау әр бір студенттің ойын анықтау, тақырыптың мақсатына жету
Көрнекілік сызбалар – тақырыптың мазмұнын сызбаға түсіріп, көрнекілік арқылы өз ойын жеткізу құралын жасау.
Іскерлік ойын – болашақ мамандығына қажетті дағдыларды қалыптастыру мақсатында келешек мамандығында атқаратын жұмыстарын ойын ретінде белгілі рольде, топта ойнау (алдын ала дайындалу керек).
Коллоквиум – тарау немесе межелік бақылау мақсатында негізгі ұғымдар, топтамалар, бөлімдер аумағында құрастырылған сұрақтарға ауызша жауап алу.
Тесттер – тақырып соңында студенттердің білім деңгейін анықтау үшін 5 минутта өткізілетін тест сұрақтары;
Достарыңызбен бөлісу: |