Студенттіѕ ґзіндік жўмыс тапсырмалары



бет1/14
Дата19.04.2024
өлшемі1.81 Mb.
#499318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Саттаров Б СРС


Ф.7.03-03

Б.К.Саттаров
«ТАҢДАП АЛЫНҒАН СПОРТ ТҮРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ»
ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖАСАУЫНА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Шымкент, 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.О.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасы


Б.К.Саттаров

«ТАҢДАП АЛЫНҒАН СПОРТ ТҮРІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ » ПӘНІ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ЖАСАУЫНА АРНАЛҒАН


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Дене шынықтыру және спорт»


мамандық студенттері үшін

Оқу түрі: күндізгі.

Ш ымкент - 2013
ӘОЖ 373. 2 (075.8)
Құрастырушы: Б.К.Саттаров
«Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған әдістемелік нұсқау. - Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2013. - 24 бет.
Әдістемелік нұсқау оқу жоспарына және «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің типтік бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Аннотация: Әдістемелік нұсқау «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» пәнінің СӨЖ сабақтарына арналған. Студенттің өзіндік жұмыстары бекітілген жоспар негізінде білім қалыптастыру, пәннің оқыту әдістері, құралдары, қағидалары, дене сапалары тақырыптарында білім беру. Студенттердің өзіндік жұмыс білімі студенттерден жеке тапсырма, реферат, глоссарий, тест, ауызша, презантация және сұрақ-жауап тұрғысында қабылданып, бағаланады.

Пікір жазушылар (ішкі) Ерепбаев Н.Қ.п.ғ.к., доцент. ОҚМУ.


(сыртқы) Наханов Қ.С.п.ғ.к., доцент ОҚМПИ
Әдістемелік нұсқау «Спорттық пәндер және жекпе-жектер» кафедрасының мәжілісінде талқыланды. Хаттама «___» ­­­­_____________ 2013 ж
«Дене тәрбиесі және спорт» факультетінің оқу әдістемелік комиссиясында қарастырылды. Хаттама « » _______________ 2013 ж
Баспаға М.Ауезов атындағы ОҚМУ-ның Әдістемелік Кеңесі ұсынған
(№ ___ хаттама «____» _____________2013)

© М.Әуезов атын. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2013


Ш ығаруға жауапты Саттаров Бағдатбек Каремкулович


Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................................................4

Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру .............................................................................5


Модуль бойынша СӨЖ тақырыптары............................................................................................6


Студенттің өзіндік жұмыс тапсырмаларының мазмұны ...............................................................7


Қосымшалар …………………………………………………….....………………………………14


Әдебиеттер ......................................................................................................................................22



Кіріспе

«Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» әдістемелік нұсқаудың негізгі мақсаты – студенттерге дене шынықтыру мен спорт туралы терең теориялық білім беру және студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған әдістемелік нұсқауы оқу жоспарына сай дене шынықтыру және спорт саласы бойынша білім алушы студенттерге арналады.


Әдістемелік нұсқауда дене тәрбиесі сабағы мен спорт түрлерінің әдіс-айлалары, тәсілдерін үйрету, мамандыққа шыңдау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, спорттық жарыстарды ұйымдастыру өткізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жолдарын өзіндік жұмыстар тұрғысында орындауға кеңес береді.
Әдістемелік нұсқаудың міндеттері:
1. «Таңдап алынған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі» негізгі категорияларының көлемі мен мазмұны, оның жақындас ғылымдар жүйесіндегі орны мен студенттер дене шынықтыру ЖОО-н бітіруші маман иелеріне маңыздылығын ашып көрсету.
2. Жеке тұлғаның дене шынықтыру қалыптастыру әдістеріне, құралдарына, негізгі қағидаларына, міндеттеріне, мақсаттарына оқытудағы жаңа тәсілдерге, дене қасиеттерін қалыптастыру және қимыл қозғалыс іс-әрекеттеріне оқыту әдістемесі мен мазмұнының басты аспектілеріне, дене жаттығу сабақтарын құру түрлеріне,жоспарлауға, бақылауға және есеп жүргізуге сипаттама беру.
3. Адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде дене шынықтыруды бағытты қолдану ерекшеліктерін айқындау.
4. Cпортқа дене шынықтырудың құрамдық бөлігі ретінде сипаттама беру, спорттық жаттығулардың мәнін, оның мақсатын, міндеттерін, өзіне тән қағидаларын, мазмұнын, құрылымын және жоспарлау мен басқару техналогиясын ашу.
Студенттің өзіндік жұмыстарды орындауда осы міндеттерді жүйелі түрде орындай алады. Мұнда модульге топтастырылған тақырыптар бойынша көрсетілген үлгіге сай өзіндік жұмыстар орындалады.
Мамандарды дайындауға СӨЖ тапсырмаларының маңызы оны оқу процесіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық ретінде тани отырып, адам өмірімен қызметіндегі –білім, тәрбие, спорт және мәдениет құндылығын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдете және кеңейте түсуде үлкен үлес қосады.
Пән мазмұны: 3 кредит, 15 лекция, 30 практикалық, 45 СӨЖ және 45 ОСӨЖ сабақтарынан тұрады.
Білімнің барлық әдіс-тәсілдерін меңгерген студентер дене тәрбиесі мен спорттың теориялық білімін толық меңгере отырып, СӨЖ сабақтарының тапсырмаларын орындау формалары: реферат, эссе, глоссарий, презентация, баяндама, пікірталас, көрнекілік сызбалар, іскерлік ойын, коллоквиум, тест, жазба жұмыстарын ауызша және жазбаша қорғау негізінде тапсырмалар орындалып бағаланады.
Әдістемелік нұсқауда СӨЖ тапсырмаларын орындауға арналған қосымшалар тіркелген. Қосымшалар тапсырмалардың мазмұнын толықтырып, көмекші құрал ретінде жүйелі білім қалыптастыруға көмектеседі.
Мамандарды дайындауға СӨЖ тапсырмаларының маңызы оны оқу процесіне енгізудің объективті қажеттілігі негізінде дене шынықтыру туралы ғылыми-практикалық білімдерді меңгеру арқылы қоғамдық ретінде тани отырып, адам өмірімен қызметіндегі –білім, тәрбие, спорт және мәдениет құндылығын арттыруға арналған өзіндік мәдениетін тереңдете және кеңейте түсуде үлкен үлес қосады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет