Субсидияланатын тыңайтқыштардың органикалық тыңайтқыштарды



Дата04.03.2016
өлшемі54.2 Kb.
#38103





№ исх: 05-09/677 от: 14.04.2015

ЖОБА


Субсидияланатын тыңайтқыштардың

(органикалық тыңайтқыштарды

қоспағанда) түрлерін және

субсидиялардың нормаларын

белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысымен бекiтiлген Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларының 7-тармағына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) мен субсидиялардың нормалары:

1) осы қаулының 1 – қосымшасына сәйкес отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына);

2) осы қаулының 2 – қосымшасына сәйкес тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) белгіленсін.

2. «Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б. Ерсайынұлы):

осы қаулының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін;

осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. М. Әміржановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Облыс әкімі А. Айдарбаев

«КЕЛІСІЛДІ»


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі

__________ А.С. Мамытбеков

«____»_______________2015 ж.

«Маңғыстау облысының

қаржы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

_____________ М.Б. Альбекова

«____»_______________2015 ж.

«Маңғыстау облысының экономика

және бюджеттік жоспарлау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысының

міндетін атқарушы

______________ С. Нарешова

«____»_______________2015 ж.

«Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

____________ Б. Ерсайынұлы

«___» ____________ 2015 ж.
Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ____________

№ ____ қаулысына

1-қосымша



Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) мен отандық өндірушілер өткізген тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары



р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы,

дейін

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,

теңге

1

Аммиак селитрасы

(N- 34,4 %)



тонна

50

28 900

2

Аммофос

(N- 10 %; P2О5 – 46 %)



тонна

50

45 000

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ____________

№ ____ қаулысына



2-қосымша
Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері мен

тыңайтқыш берушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) субсидиялардың нормалары



р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы,

дейін

Бір бірлікке субсидиялардың нормалары,

теңге

1

Новалон (N-13: P-40: K-13+ ТЕ)

килограмм

30

177

2

Новалон (N-19: P-19: K-19+2MgO +TE)

килограмм

30

160

3

Новалон (N-03: P-07: K-37 + 2MgO +TE)

килограмм

30

160

4

Монокалий фосфат

тонна

30

55 000

5

Суға ерігіш кальций нитраты (кальций селитрасы)

тонна

30

36 000

6

Калий нитраты

тонна

30

57 200

7

Магний сульфаты

тонна

30

37 800

8

нитроаммофоска

тонна

30

30 000





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет