Суицидтің пайда болу тарихы



Дата10.11.2022
өлшемі16.12 Kb.
#464499
Суицидтің пайда болу тарихы


Суицидтің пайда болу тарихы.

Суицид деген ұғым ХVІІ ғасырда пайда болған, ал термин ретінде ең алғаш рет дәрігер және философ Томас Браун «Религия врача» (Thomas Brown «Religio Medici» 1642 жылы), атты кітабында қолданды, «суицид» ұғымын ашып көрсетті. Итальян психологы Г. Дэзэ 1947 жылы «суицид» (лат. «Sui» – өзін, caedere – өлтіру) ұғымының мәнін ашып, оны өз-өзіне қол жұмсау деп қарастырып, өз еркімен өмірін қию деп түсіндірді. Сонымен қатар, зерттеуші Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917) «Өз-өзіне қол жұмсау» («Самоубийство») кітабында суицидтің табиғатын ашып, ол бұл ұғымды жәбірленушінің өз қолымен жасаған оң немесе теріс әрекеттерінің тікелей немесе жанама нәтижесі болатын өлім оқиғасы ретінде түсіндірді. Кейіннен Е.М. Вроно суицидті «мәселені шешуден, жазаланудан және ұятқа қалудан, кемсіту мен торығудан, көңілі қалу мен өзін жоғалтып алудан, шеттетілу мен өзіне деген құрметтен айрылудан қашу... қорыта айтқанда, тіпті ол қуанышты көріністер болмаған күннің өзінде, өмірдің алуан түрлілігін құрайтын, осының барлығынан кету», – деп түсіндіреді. Отандық зерттеуші Қасен Г.А. суицидтік мінез-құлықты өзінің өмірін қиюға деген ұмтылысымен байқалатын және өзінің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру жолында кездескен қиындықтардан пайда болған адамның жағымсыз белсенділігінің әртүрлі формасы деп түсіндіреді. Шиеленіскен эмоционалды күйді бастан кешкен дағдарыс сәттерде, адам дұрыс жолды тауып алмайтындай сезімге ие болады, сол себептен ол өмірінің мәнін жоғалтады.


Эмиль Дюркгейімнің тұжырымы бойынша, адам тығырыққа тірелгенде немесе оны қоршаған орта, әлеуметтік топ одан бас тартса, оқшауланса ол өзін-өзі өлтіруге дейін барады. 1897 жылы Э. Дюркгеймнің «Өз-өзін өлтіру» («Самоубийство») атты еңбегі жарық көрді. Ал Э. Фромның пікірінше, дамып келе жатқан қоғамға адам икемделе алмаса, жекелену, оқшаулану сезімдері оны баулап алады да, сол себептен невротикалық жағдайға ұшыраған тұлға одан арылудың жолы – тек өзіңді өмірден бас тартып, өз-өзіңе қол жұмсау деген тұжырымға келетінін баяндады. Ресей ғалымы Г.В. Старшенбаум өзінің «Суицидология и кризисная психотерапия» атты еңбегінде жан-жақты көрсетіп, сипаттайды. Зерттеушінің айтуынша, «әлемде бір күннің ішінде 2300 адам өз-өзін өлтіреді, ал бір жылда – 800 мың адам өмірмен қоштасады. Әртүрлі мәліметтер бойынша 8-ден 30 миллиондай адамдардың суицидтік әрекеттері сәтсіз аяқталады екен».
1960 жылдан бастап суицидті (қақпайлау) болдырмаудың халықаралық ассоциациясы (Международная ассоциация по предотвращению самоубийств) – бүкіл әлем бойынша суицидті болдырмауға бағытталған интернационалдық ұйым белгіленген. ХХ ғасырда өзін-өзі өлімге қиғандар көбейе бастады. Осыған байланысты суицидология деген зерттеу саласы өмірге келді.
Пифагор және пифагоршылардың ойынша, өзін-өзі өлтіру әлемге кедергісін тигізіп, өмір тыныштығын бұзады.
Аристотельдің пікірінше, «Өзіне қол жұмсау қорқақтық пен сужүректің белгісі, тіпті ол кедейшіліктен, жауапсыз махаббаттан, жан және дене кемістігінен құтқарса да, ажал өз уақытында келуі тиіс».
Платонның ойынша, адамға сана-сезім қайғы-қасіретке толы өмірден батыл өту үшін берілген деп санайды.
ХХ ғасырдың басында австриялық психолог Зигмунд Фрейд алғаш рет адамның өзіне-өзі қол жұмсауын психологиялық таным тeориясы арқылы түсіндірген. Ұлыбританияда өзін-өзі өлтіру әрекеті тек 1961 жылдан бастап қана қылмыстық іс болып есептелінбейтін болды.
Өз-өзіне қол жұмсау туралы алғашқы ескертулерді біз мифтерде кездестіреміз. Еуропа халықтарының мифологиясында өзін-өзі өлтіру вампирге айналды деп есептелді. Өз-өзіне қол жұмсау туралы әртүрлі наным-сенімдер жер шарының барлық халықтарында кездеседі, бұл суицидтің адам дамуының ең ерте кезеңдерінде болғанын көрсетеді.
Ежелгі немістердің діни көзқарастары бойынша жұмаққа ер адамдар да, күйеуі қайтыс болғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған әйелдер де барған.
Римдіктер, алайда, «патриоттық суицид» деп атауға болатын нәрсені толығымен мақұлдады; басқаша айтқанда, абыройсыздыққа балама ретінде өлім. Грекияда пайда болған философиялық секта стоиктер үшін өлім жеке бас бостандығының кепілі, бұдан артық берер ештеңесі жоқ адам төзгісіз шындықтан құтылу болды.
Мысыр патшайымы және ұлы азғырушы Клеопатра Египетті жаулап алғаннан кейін бірінші Рим императоры Октавиан Августтың тұтқыны болу үшін тым мақтанды. Оның өлімінің себептері туралы деректер әртүрлі, өйткені ол біздің дәуірімізге дейінгі 30 жылы болған. Ең танымал нұсқа бойынша, Клеопатра улы мысырлық кобраны кеудесіне шағуға мәжбүрлеп, өз-өзіне қол жұмсады.
Мэрилиннің өлімі туралы қауесеттер әлі де бар, бірақ ресми нұсқасы - суицид. Монро 36 жасында қайтыс болды. Өлім 1962 жылы 4 тамызда барбитуратпен жедел улану нәтижесінде болды.
Құдіреті күшті Алла-тағала қасиетті Құранда: «Өздеріңді өздерің өлтіруші болмаңдар. Сендер үшін Алланың мейірімі мол («Ниса сүресі, 29-аят) деп, келесідей («Ниса сүресі, 30-аят,) жолдармен жалғастырады: «Егер кімде-кім шектен шығып, зұлымдық пиғылмен жасаса, Біз оны тозаққа кіргіземіз. Бұл Құдыретке оп-оңай».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет