Суицидтік мінез қҰЛЫҚТЫҢ Өзіндік психологиялық ерекшеліктері мен себептері



бет1/2
Дата09.04.2023
өлшемі21.91 Kb.
#471962
  1   2
СУИЦИДТІК МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ



СУИЦИДТІК МІНЕЗ ҚҰЛЫҚТЫҢ ӨЗІНДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ 

Суицид дегеніміз өз өзіне әдейі жарақаттау арқылы өлім себебіне алып келетін жағдай. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. Суицидалдық ниет - түпкі ойға ерік компоненті қосылған кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез-құлық әрекетіне көшуге дайын болу кезеңі. 



Өзіне-өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: нағыз, демонстративтік және жасырын. 

Нағыз суицид - қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады. 

Демонстративтік суицид - өлуге деген ниет пен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады. 

Жасырын суицид - өзіне-өзі қол салу мінез-құлығының бір түрі. Бірақ қатаң мағанада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол Бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда ықтималдығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл мінез-құлық тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. 

Депрессияның бірнеше түрі бар:
І. Депрессиялық дүрбелең. Бұл кезде адам өзін қоярға жер таппай, қатты мазасызданып, бір нәрсе айтса көзіне жас келіп қатты қайғы-мұңға түседі.
2. Ипохондриялық депрессия - адам неше түрлі аурудың белгісін сезініп өзін «аурумын» деп есептеп, қайта-қайта дәрігерге қарала береді.
3. Альтруистикалық өлім-ұзаққа созылған ауру мен шезофрения адамды тек өзі ғана емес, барлық жақын туыстарының да тірі жүруінің қажеті жоқ деген ойға келіп, айналасындағыларға қауіп төндіретін кезі.


Сырдың суы келмейді сирағынан
Махаббат және қан. Кез-келген жастағы суицидтік ойлар мен өзіне-өзі қол жұмсаудың ең жиі кездесетін себебі – сәтсіз махаббат. Егер ересек адамның қарама-қарсы жыныспен қатынаста, соның ішінде сүйіктілерімен ажырасу мен көңілі қалуда да үлкен тәжірибесі бар болса, жасөспірім үшін алғашқы махаббат бар ынтасымен берілген сезім. Сондықтан да шексіз қадірлейтін адамымен қатынасы қалыптаспаса, ары қарайғы өмір мәнін жоғалтады. Сондықтан, ата-анасының келтірген дәлелдерінің қайсысыда, жасөспірімнің бар өмірі алда екендігі, оның шынайы махаббаты анағұрлым кейін болатыны да құлағына кірмейді. Өйткені оған нақ қазір өте ауыр және еш мағынасы жоқ, әрі оның бұнымен күресуге дәрмені жоқ. Жасөспірімнің оны меңгеруде тәжірибесі жоқ, оған ары қарай бұдан да нашар болатындай көрінеді, көбісі ата-аналарын ренжітпейміз деп өмірден кетуге асығады. Сондықтан жасөспірімнің ашу, ызасын байқасаңыз оған көңіл аударып, сөйлесуіңіз керек.


Анама қасақана
Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің көпшілігі – өзіне ата-аналары мен жақын достарының назарын аудуру мақсатын көздейді. «Нағыз» өзін-өзі өлтірушіге айқай-шудың қажеті жоқ, ол көзге түспей, елеусіз кетуге тырысады. Қыр көрсететін суицид әдетте әртүрлі атрибуттармен жабдықталады: көңіл босатар қоштасу хаты, көзге түсетін жерде жатқан таблеткадан босаған ашық түсті шиша, мұнтаздай макияж. Мұндай өзін-өзі өлтірушілер еш уақытта ауырлықпен немесе жарақатпен байланысты өмірден кету әдісін таңдамайды. Оларға өмірден өткен соң, айналасындағылардың өлген адамға деген жиіркенішін емес, әділетсіз қарым-қатынастарына өкінуін тудыруы үшін қалай көрінетіндігі маңызды. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті назар аудару мақсатымен жасалғанына қарамастан қайғылы нәтижеге ие. Кейбір жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсаудан аулақ, бірақ есептен жаңылысады, енді кейбірі жерлеу рәсімінде анасы жылап-еңіреп, өзінің дұрыс еместігін мойындағаннан кейін, табыттан шығып, қайта келісімге келу мүмкіндігі болмайтындығын аяғына дейін сезінбейді. Әдетте, суицидтік әрекетке барар алдында жасөспірім жақындарын өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігімен қорқытып, қандайда талаптар қояды. Бұл қоқанлоққыларды ескермеуге болмайды. Ашуланып, «әлсіз» жерінен ұстауды ұйғарып, жасөспірім ойға алған ісін жүзеге асыруы мүмкін. Онымен ымыраға келіп, оның пікіріне құрмет көрсетіп, барлық дау-дамай, кикілжіңді қалай шешуге болатынын көрсету керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет