Сурет №1. ҚР уран қоры бар аудандар (%-бен)



Дата23.02.2016
өлшемі228.5 Kb.
#5892
Уран
Қазіргі заманда адамзаттың өткір мәселелерінің бірі энергия тұтыну болып табылады. Энергия тұтыну энергия өндіруге қарағанда қарқынды өсіп келеді. Мұнай, газ, көмір секілді алғашқы энергоресурстар сарқылатын ресурстар, әрі бұлар арқылы энргия алынғанда «булық әсер» болады. Ал, ол өз кезегінде экологияға зиян келтіреді. Булық әсердің (парниковый эффект) кесірінен әлемде жаһандық жылыну болу қаупі бар. Осының баламалы шешімі ретінде атом энергетикасын пайдалану болып табылады. Оның негізгі пайдаланатын ресурсы – уран.

Сурет №1. ҚР уран қоры бар аудандар (%-бен)

Қайнар көзі: [1] мәлімет бойынша автордың құрастыруымен
Уран қоры көп кездесуіне байланысты Қазақстанда 6 аудан (провинция) бар. №2 суретте Шу-Сарысу ауданында уран қорының көп екені көрініп тұр. Жалпы, уран қоры оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанда көп кездеседі. Қазақстан бойынша уранның 53 кен орны бар.

Қазақстанда уран өндіру артып келеді. 2003 жылы өндірілген уран қоры 3300 тонна болса, 2012 жылы 20900 тоннаны құрап отыр, яғни уран өндіру 633,33%-ға өскен. Оның себебі, біріншіден жерасты сілтісіздендіру әдісін қолдануымыз болып табылады. Бұл әдіс тиімді, шығыны аз, экологиялық тұрғыдан оптималды болып табылады. [2] Екінші себебі, сұраныстың өсуі. АЭС салу бағдарламасы белсенді түрде жүзеге асуына байланысты уранға сұраныс өсіп жатыр. 2013 жылдың өзінде 62 реактор салынады деп жоспарланған. [3] Үшінші себебі, 2011 жылы Cameco Corporation мен ҰАК «Казатомпром» «Инкай» ЖШС бірлескен кәсіпорнында жылдық уран өндіруді 1,5 мың тоннадан 2 мың тоннаға дейін өсіру жайлы меморандумға қол қойды. Төртіншіден, ҰАК «Казатомпром» ЖШС «Каратау», АҚ «Акбастау», ЖШС «Кызылкум», «КАТКО» бірлескен кәсіпорындарда және «Горнорудная Компанияның» кейбір кен орындарында уран өндіру көлемін өсірді. [4]



Сурет №2. 2011 жылы уран көп өндірген мемлекеттердің көрсеткіші

Қайнар көзі: [4]

2011 жылы дүние жүзінде өндірілген уранның 35%-ы Қазақстанға тиесілі. Дүние жүзінде өндірілген уранның 92%-ын 8 мемлекет қамтамасыз етті. Қазақстан 2009 жылдан бастап қазірге дейін 4 жыл қатарынан уран өндіру бойынша 1 орынды иеленіп келе жатыр. Екінші орынды Канада, үшінші орынды Австралия иеленді. Австралияда екі жыл қатарынан уран өндіру төменгі көрсеткіш көрсетіп отыр, ол 2010 жылы Олимпик-Дам кен орнындағы апатқа байланысты, ал 2011 Рейнджер өңдеуші кен орнының уақытша жабылуына байланысты болды. [4] Оны №3 суреттен көруге болады. Ал, 2012 жылы Қазақстанда уран өндіру 2011 жылға қарағанда 7,5%-ға өсті. Қазақстанда уранды өндіру бойынша көзге түсетін компания – Казатомпром. Бұл компания уран, сирек кездесетін метал, атом энергетикасы станциялары үшін ядролық отын және тағыбасқа өнімдердің экпорт-импорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. Әлемдік өндірудің 20%-ы Казатомпромға тиесілі. Казатомпром 2011 жылы жалпы өндірілген 19500 тонна уранның 11 079 тоннасын, ал 2012 жылы 20900 тонна уранның 11 931 тоннасын өндірді. [5]

Сурет №3. Уран саласында жұмыс істейтін компаниялар

Қайнар көзі: [6], [7], [8]
Қазіргі кезде Қазақстаннан экпортталған уранды ең көп Қытай елі алып жатыр. Өңделген уран экспортының 58,5 %-ы Қытай еліне кетіп жатыр. Тіпті, 2013 жылдың шілде айында Қытай еліне экспортталған өңделген қазақстандық уранның мөлшері 2 мың тоннаны құрап отыр. Жалпы, шілде айында экспорт 2,3 мың тоннаға жетті, бұл көрсеткіш 2013 жылдың бірінші жартыжалдығымен салыстырғанда 40%-ға артық. [9] , [10]

Одан басқа Франция, Канада, Қырғызстан және АҚШ елдеріне уран экспортталады. Олардың экспортталатын урандағы үлесін №3 суреттен көруге болады.



№2 сурет. Уран экспорты (%)

Қайнар көзі: [10] мәліметтері бойынша

«Государственная программа по форсированному индустриально-инновационному развитию Республики Казахстан» бойынша инновациялық 4 конструкторлық бюро ашылып, жұмыс істеп жатыр. 1 конструкторлық бюро тау-кен металлургиялық құрал-жабдық бойынша Өскеменде жұмыс жасап жатыр. Уран саласы бойынша Өзбекстанда Навоий тау-кен металлургия комбинатында жер асты сілтісіздендіру арқылы уран өндіру бойынша жаңа әдіс ойлап табылды. Онда уран өндіру үшін шахтаның керегі жоқ. Бұл тәсіл руда ұңғымасы бар жерді бұрғылап, сол арқылы сілтісіздендіру ерітіндісін жіберу арқылы іске асырылады. Кішкене уақыттан кейін жіберілген сұйықтықпен бірге бағалы шикізат та жер бетіне шығатын болады. Инновация карбонаттық рудадан уранды бөліп алуды тездетеді және күкірт қышқылының шығыны да азаяды.

АҚ ҰАК «Казатомпром» өзінің ғылыми-техникалық дамуына көп көңіл бөледі, соған байланысты ядролық-отын циклы, баламалы энергетика, сирек кездесетін металдардан жасалатын өнімдерге байланысты ғылыми-техникалық жұмыстарды қаржыландыруды өсіріп жатыр. «Казатомпром» уран өндіру және отандық уран шикізатының базасын кеңейту мақсатында кешендік «Программа развития минерально-сырьевой базы урана на 2007–2030 гг.» бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Шу-Сарысу және Сырдария уран аймақтарының шекараларына дейін геологиялық барлау жұмыстары жүргізілп жатыр. 2012 жылы барлау жұмыстары кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде жаңа барлау критерийлері жасалынды, заманауи жер үсті топырақ-изотоптық әдіс барлау кешені ұсынылды. Компания құрылымында иноовациялық ғылыми-техникалық бөлімшелер құрылған: ЖШС «Институт высоких технологий», ЖШС «УМз-инжиниринг», ғылыми-қолданбалы маңызы бар бөлімшелер де бар. Қазіргі кезде компания мынандай инновациялық жобалармен айналысып жатыр:

- нанокатализаторларды пайдалану арқылы күкірт қышқылын өндіру.

- «Казатомпром» уран өндіретін кәсіпорындарында уранды пероксидтік тұндыруды енгізу. Бұл жоба ASTM стандартының сапасына сай уранның химиялық концентратын алу тәсілін жетілдіру және қайта өңдеу санының азаюына байланысты өзіндік құнның төмендеуіне алып келеді. «Казатомпром» НИОКР-ға жылдан жылға ақшаны көп бөліп жатыр. Мысалы, 2010 жылы 173 млн. тг ақша бөлсе, ал 2011 жылы 1191 млн. тг ақша бөлді, ал 2012 жылы 3315 млн. тг ақша бөлген болатын. [5] Жалпы 2012 жылы НИОКР ЖІӨ-нің 0,16 %-ын алып отыр.

Уран саласындағы жаңалықтардың бірі – «Смарт кеніші». Бұл кеніш 2015 жылдың соңына қарай іске қосылады. Бұл кенішті іске қосудағы басты мақсат – экологиялық залалды мейлінше жойып, экономикалық тиімділікті арттыру. Мысалы, экономикалық тиімділікті арттыру дегеніміз уран өндірісінің өзіндік құнын 30-40%-ға кеміту. Біз жерасты сілтісіздендіру әдісін қолданамыз. Мұның өзі басқа елдерге қарағанда уран өндірісінің өзіндің құнын төмендетуге әсер еткен. Ал, егер уран өндірісінің өзіндік құнын тағы кемітетін болсақ, бізге ол тиімді, себебі уранға баға төмендесе де біз оны көп көлемде шығара беруімізге болады. «Смарт-кеніші» кезінде уа­қытша жабылған Мыңқұдық кенішінің Орталық атты жер телімінде орна­ласа­тын болады. [11]



Уран өндіруші мемлекеттер саны көбейіп келе жатыр. Фукусимодағы апатқа қарамастан, уранға деген сұраныс жоғары. Әсіресе, уранға деген сұраныс Ресей, Қытай, Жапония елдерінде өте жоғары. “Nomura International”

институтының болжауынша, 2015 жылға қарай уран өндіру көлемі сұранысты қанағаттандыра алмайтындай дәрежеге жетеді. Әлемде 2030 жылға қарай әлі 500 АЭС салынады деп жоспарлануда. Әлемдік уран қорының 19%-ы Қазақстанда және уран өндіретін үлкен мемлекет болып табылады. Жапония, Индия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Канада, Франция және Ресей сияқты мемлекеттерді уранмен жабдықтайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1. «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы

[электрондық ресурс] / режим доступа http://kazatomprom.kz/#!/industry/uranium/Uranium-deposits-in-Kazakhstan



2. Некоторые особенности налогового учета при добыче урана методом подземного скважинного выщелачивания. – Статья. [Электрондық ресурс] /режим доступа


http://www.gratanet.com/ru/publications/547

3. О ситуации в сфере добычи урана в Казахстане сообщает аналитик АИРИ. – Мақала. [электрондық ресур] / режим доступа http://profinance.kz/industry/energy/18-o-situacii-v-sfere-dobychi-urana-v-kazahstane-soobschaet-analitik-airi

4. «Атомредметзолото» уран холдингі. Обзор рынка природного урана. – Мақала. [электрондық ресурс] / режим доступа http://ar2011.armz.ru/position_company/overview_market/


5. «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы. Жылдық есеп. 2012

[электрондық ресурс] / режим доступа http://kazatomprom.kz/sites/default/files/KAP_AR_2012_rus.pdf


6. Uranium one компаниясы. http://www.uranium1.com/index.php/ru/mining-operations-ru/kazakhstan/zarechnoye-mine
7. http://old.kazatomprom.kz/ru/pages/bajken_%E2%80%93_u
8. «Казатомпром» Ұлттық атом компаниясы

[электрондық ресурс] / режим доступа http://www.kazatomprom.kz/ru/#!/companies/47


9. Қазқстан Республикасының қаржы министрлігі. [электрондық ресурс] / режим доступа http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous
10. «Капитал» центр деловой информации.

[электрондық ресурс] / режим доступа http://kapital.kz/economic/20622/kitaj-skupaet-kazahstanskij-uran.html


11. «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет. [электрондық ресурс] / режим доступа http://alashainasy.kz/economica/39994/

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет