Суспензиялық жақпа майлар мен линименттердің дайындалуы. Сапасын бағалау


Пенициллин биосинтезі технологиясы



бет2/3
Дата21.09.2024
өлшемі2.97 Mb.
#503847
1   2   3
пенициллин

Пенициллин биосинтезі технологиясы


Пенициллинді тереңдік дақылдандыру әдісімен алады. Пенициллиннің қарқынды синтезі P.chrysogenum өндірістік штамының мицелла-биомассасының үлкен көлемде жинақтаумен басталады. Мысалы, пенициллин өндірісіне арналған қоректік орта құрамына глюкоза - 1,5%, лактоза - 5% (лактоза глюкозаның катаболизмдік репрессиясын алып тастайды), аммония сульфат және фосфаттар - 0,5-1%, жүгері экстрактісі - 2-3%, антибиотиктердің бастауыштары - фенокси- немесе фенилсіркесу қышқылы кіреді.
Ферментацияға дайындық : алғашында флакондарда 25-270С 4-5 тәулік бойы споралар көбейеді. Бөлінген споралық материалды инокуляторларға себеді және әрі қарай себу аппаратарына – шағын көлемді биореакторларға (12-18 сағатқа вегетативті клеткалар өнуі үшін) себеді. Кейін субстратқа зең саңырауқұлағының өнген спораларын себеді. Кезеңдік ферментация 23-260С, орта рН 5,0-7,5, аэрация жылдамдығы ортаның 1 м3 1 минутта ауаның 1 м3 көлемі түсуі керек; ферментация ұзақтығы – 4 тәулік.
Орта рН тұрақтандыру үшін буфер ерітінділері қолданылады, көбікті механикалық және химиялық тәсілдермен басады. Басқа микрофлорамен, бактериофагтармен ластандырмау үшін асептикалық жағдай мұқият сақталу тиіс.
Ферментация аяқталғанда қоюланған дақылдық сұйықтықты сүзгіден өткізеді, пенициллині бар клеткаларды, саңырауқұлақ мицеллаларын сұйықтықтан ажыратылады. Фильтраттан нәруызды алюминий, темір тұздарымен бөліп алады немесе 65-700С коагуляция жасайды. Пенициллинді рН 1,9-2,0 органикалық ерітінділермен экстракциялайды (бутилацетат, амилацетат). Ерітуші өзімен бірге суды сіңіргендіктен антибиотиктің кристалданған суспензиясы пайда болады. Кристалдарды қайтара суда бикарбонат натриймен ерітеді. Одан әрі органикалық ерітінділермен экстракциялайды. Кристалды пенициллиннің шығысы 86-90% (жойылуы 10-14%) құрайды. Егер осы G пенициллиннің кристалды тұзын қоректік сорпаға қосса және оған ацилаза ферменті немесе оны түзетін бактериялар қосылса, ацилаза молекуладан жеке дара бензильді топты жояды, нәтижесінде G пенициллин 6-аминопенициллан қышқылына ауысады (6-АПҚ). Қышқылдың антибактериялық қасиеті әлсіз, бірақ оған химиялық тәсілдермен бүйір топтарын қосып жартылай синтетикалық пенициллиндер алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет