ҚР ЕЖ 3.02-111-2012
14
4.4.5.4 Күндізгі жарықты барынша пайдалану және
оқу кабинеттерін біркелкі
жарықтандыру үшін ағаштар ғимараттан 15 м жақын емес, ал бұтақтар кемінде 5 м
қашықтықта отырғызылады. Терезе әйнектерін бояуға жол берілмейді.
4.4.5.5 Люминесцентті шамдар бар шырақтарды сыртқы қабырғадан кем дегенде
1,2 м, ал ішкі қабырғадан кем дегенде 1,5 м қашықтықта жарық қабылдайтын қабырғаға
параллель орналастырады.
4.4.5.6 Жалпы білім беру ұйымдарының негізгі
кабинеттеріне жасанды жарық
түсірудің нормаланатын көрсеткіштерін ҚР ЕЖ 2.04-104 бойынша және осы ережелер
жинағының П қосымшасына сәйкес қабылдау керек.
4.4.5.7 Сынып тақтасы софиттермен жабдықталады және оған қарама-қарсы
орнатылған симметриялы емес жарық таратқыш екі шыны шаммен жарықтандырылады.
Шамдар тақтаның жоғары шеткі жағынан 0,3 м және 0,6 м тақтаның алдына сынып жаққа
орнатылады.
4.4.5.8 Слесарлық
шеберханаларда
жарық
түсетін
қабырғаға
верстакты
перпендикуляр орналастырғанда, сол жағынан да, оң жағынан да жарық түсіруге болады.
Бір орынды верстактар қатарларының арасындағы қашықтық кем дегенде 1,0 м, екі
орындыда - кемінде 1,5 м болуы тиіс. Қысқыш верстакқа олардың осінің арасына 0,9 м
қашықтықта бекітіледі.
4.4.5.9 Табиғи жарықтандырусыз мыналарды жобалауға жол беріледі:
а) рекреациялық жай емес коммуникациялар мен дәліздерді;
б)
қолжуғыш бөлмесін, спорт залдарының жанындағы душты және дәретхананы;
в) радиотораптар, телевидение,
кітап қоймасы, заттар сақтау қоймасының тұйық
жүйелеріне арналған жайларды;
г) бойлерді, сорғы су өткізгішті және канализацияны,
ауаны желдету мен баптау
камераларын, басқару тораптарын және ғимараттың инженерлік және технологиялық
құрылғыларын орнату мен басқару үшін басқа да жайларды.
4.4.5.10 Жарық коэффициенті (ЖК – шыныланған үстіңгі бет алаңының еден
алаңына қатынасы) кемінде 1:5 құрауы тиіс.
4.4.5.11 Күндізгі жарықты оңтайлы пайдаланып, оқу кабинеттерін біркелкі
жарықтандыру үшін:
а) терезе әйнектерін бояуға болмайды;
б) терезе
алдына
гүлдер
қоюға
болмайды,
гүлдерді
еденнен
биіктігі 65 бастап 70 см дейін құрайтын арнайы гүл құмыраларға немесе терезе
аралығындағы қабырғаларға аспалы кашпоға (гүлді құмыраға) орналастырады;
в) ластануына байланысты терезе әйнектерін жылына 2 рет (күзде және көктемде)
тазалап, жуып тұру қажет.
4.4.5.12 Сыныптағы кез келген жұмыс орны үшін жалпы жарықтандырудың жарық
құрылғысының ыңғайсыздық көрсеткіші 40 бірліктен аспауы тиіс.
4.4.5.13 Бір кабинетке жалпы жарық түсіру үшін люминесцентті
шамдар мен қуат
үнемдегіш шамдарды қолдануға болмайды.
4.4.5.14 Компьютерлік техниканы пайдаланған кезде және экраннан ақпарат
қабылдауды және дәптерге жазуды біріктіру қажет болған жағдайда, білім алушылар
үстелдеріндегі жарық кемінде 300 лк болуы керек.