Свод правил республики казахстан



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата28.09.2023
өлшемі1.74 Mb.
#478953
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Общеобразовательные

ҚР ЕЖ 3.02-111-2012 
 
16 
қабырғаларына еңкейтіліп орнатылған люминесцентті шамдары бар шырақтарды 
пайдалану ұсынылады. Шырақтар металл торкөздермен жабылады. Спортзалдарда 
шағылысқан жарық құрылғысын (қабырғадан төбеге) пайдаланған жөн.
4.4.5.27 Демалу бөлмелері мен баспалдақтардың төбесі және қабырғаларының 
түстері ашық болғаны дұрыс. Қауіпсіздік мақсатында баспалдақ басқышарына тізіліп 
орнатылған заманауи жарық диодты белгілер немесе басқыштарға жарық түсіру үшін 
қабырғаға тізіліп орнатылған шырақтарды пайдалануға жол беріледі.
4.4.6 Үй-жайларды ішкі әрлеу 
 
4.4.6.1 Кабинеттерді әрлеу үшін олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын 
құжаттар бар құрылыс материалдарын пайдалану керек. Эпидемияға қарсы, 
дезинфекциялық тәртіпті сақтауды қажет етпейтін кабинеттерде түрлі конструктивтік 
аспалы төбелерді пайдалануға болады (вестибюльде, дәлізде, холда). 
4.4.6.2 Көкжиектің оңтүстігіне бағдарланған оқу кабинеттерінде әрлеу материалдары 
мен түсі ашық емес, суық түсті бояуларды (бозғылт-көгілдір, бозғылт-жасыл), көкжиектің 
солтүстігіне - жылы түстерді (бозғылт-сары, бозғылт-қызғылт) қолдану керек. Жалпы 
ауданның 25 % аспайтын бөлек бөлігін одан да ашық түстерге бояуға болады. Спорт 
залдарының қабырғасын ашық түспен бояу ұсынылады.
4.4.6.3 Еденге арналған материал ретінде ағаштарды пайдаланған жөн (майлы бояу 
жағылған тақтай немесе паркет едендер). Еденге ылғалды өңдеуге және дезинфекция 
жүргізуге болатын линолеуммен бітелген, синтетикалық полимерлік материалдар төсеуге 
болады. 
4.4.6.4 Сантораптар (дәретханалар) мен қолжуғыш бөлмелердің едендеріне 
керамикалық немесе мозайкалы тегіс плиткалар төсеу керек.
4.4.6.5 Биіктігі кем дегенде 1,8 м болатын кабинеттер қабырғалары тегіс әрі ылғалды 
тазалауға болатын болуы керек. Тағам блогының (асүй), көкөніс сақтау қоймасының, 
салқындатқыш камералардың, жуу бөлмелерінің, сондай-ақ санитарлық тораптардың 
(дәретханалардың) қабырғаларына биіктігі кемінде 1,5 м болатын, ал спорт залдарындағы 
душ қабылдау бөлмелерінің қабырғаларына биіктігі кемінде 1,8 м болатын глазурлық 
плитка жапсырылуы тиіс.
4.4.6.6 Тағам блогының, қосалқы кабинеттер мен санитарлық тораптардың 
едендеріне керамикалық тақта төсеу ұсынылады. Душ қабылдау, жуу, ас әзірлеу 
бөлмелерінің едендері тиісінше еңіс (= 0,001) келетін, тесігі бар, су ағатын орындармен 
жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет