Syllabus пәннің атауы: «Қазіргі қазақ тілінің сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі»



бет21/63
Дата08.09.2023
өлшемі0.57 Mb.
#476927
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63
СИЛЛАБУС ЖАЙ СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Бақылау сұрақтары:
1.Қабыса байланысқан дара және күрделі сөз тіркестері, олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі қандай?
2. Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері қалай жасалады?
3. Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің жасалу ерекшелігі қандай?


10-дәрістің тақырыбы: Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі. Жанасудың қабысудан айырмашылығы.
Дәрістің мақсаты: Жанаса байланысқан сөз тіркестері және олардың құрылымдық-мағыналық ерекшелігі туралы түсінік беру, жанасудың басқа байланыс түрінен айырмашылығын түсіндіру.
Қарастырылатын мәселелер:
1.Жанаса байланысу формасы.
2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы тұжырымдар.
Жанасу – синтаксистік сөзтұлғалардың пысықтауыштық қатынаста тұрып, орын тәртібі амалы арқылы байланысуы. 1990 жылдарға дейін жанасу жеке байланыс формасынан гөрі, қабысудың ерекше бір түрі ретінде танылды. Бірақ соңғы зерттеулерде (Аблақов Ә., Шалабай Б., Сағындықұлы Б.) оның өзіндік ерекшеліктері белгіленді. Әсіресе, бұл байланыс формасының алғашқы сыңары қатарында, яғни грамматикалық көрсеткіштері ретінде үстеу, еліктеуіш, көсемше тұлғалы сөздер, сондай-ақ шылау түйдегіне түскен сөзтұлғалар жұмсалатындығы анықталды. Мәселен, төмендегі мысалдарда ойға түсіп, қозғалмай, үн шығармай сынды көсемше тұлғалылар мен бір кезде үстеуі өзінен кейінгі сөзтұлғалармен орын тәртібі амалы арқылы байланысып, синтагма құраған: Ойға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп кеп қалған ат дүбірін естіді (М.Әуезов). Енді олар тастан жасалған адамға, тіпті, қатты ұқсап, қозғалмай үн шығармай тұр (Ғ.Мүсірепов).
Бақылау сұрақтары:
1.Жанаса байланысқан сөз тіркестерінің қабысудан айымасы қандай?
2.Жанаса байланысқан сөз тіркестері туралы тұжырымдар?


11-дәрістің тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Дәрістің мақсаты: Сөйлем мүшелері туралы түсіндіру, сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, қызметі туралы, бастауыш және бастауыш қызметін атқаратын сөз таптары туралы мәлімет беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   63




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет