Табиғат байлығын қорғау — ортақ парызымыз.
«Таза болса табиғат – аман болар адамзат» дегендей табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғаты «Ана» деп құрметтеуінде өте улкен мән жатыр. Адам – табиғаттың бір бөлшегі, әрі ғажайып туындысы. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасыр бойы халқымыз кең далада өзін аялаған табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол арқылы табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген. Өкінішке орай, қазіргі табиғатқа көңіл бөлінбей, жанашырлық танытылмай отырған жайы бар. Бүгінгі күн адам баласын ойландырып отырған үлкен мәселе. Дүние жүзінде туындап отырған ірі экологиялық зардаптарды айтпаған күннің өзінде, бір ғана өз елімізде шешуін таппай отырған экологиялық мәселелер ұшаң-теңіз. Семей полигоны мен Арал теңізінің құрғап кетуі мәселесін былай қойғанда, күнделікті ауа мен судың ластануы, ормандардың отқа орануы, кейбір жануарлар мен өсімдік түрлерінің жоғалып кету қаупі, тіпті, қоршаған ортаның көң-қоқысқа көмілуі – осының бәрі кезек күттірмейтін үлкен экологиялық мәселелер. Бұл мәселелердің адам өмірінде маңызы зор. Адам табиғатқа тәуелді әрі тығыз байланысты болғандықтан, аталған мәселелерді шешіп, өзі өмір сүріп отырған табиғат-үйіне қамқорлық жасауы тиіс. Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміздің болашақ тұтқасы — дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың қолында.Өткен аптада «Табиғаты аялайық» атты табиғат аясында ұйымдастырылған шеруге №48 орта мектеп оқушыларынан құралған 4 топ қатысты. Мұндағы мақсат –«табиғатты қорғау». №48 мектептің мұғалімдерінің ұйымдастырумен таза-ауада өткен іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Айта кету керек, жастардың басын қосқан бұл шеруге оқушылардың ата-аналарымен қоса полиция қызметкерлері де көмек көрсетіп, спорт ойындарына қатысты. Осы шеруді ұйымдастыруға ұйтқы болған 8-«Б»сынып жетешісі,Пономаренко Ирина Ивановна :«Табиғатты қорғау міндеті-енді болашақ жастарға жүктеледі. Сондықтан туған жеріндегі табиғи өлкені танып білу, оны аялау мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз».-деді.Сайыстың алғашқы кезеңін денешынықтыру маманы Блоха Екатерина Алексеевна қазақша күреспен бастады. Сайыстың екінші кезеңінде бөренелерден құламай өту шеберлігі сыналды. Үшінші кезеңде компаспен бағыт анықтау қабілеті көрсетілсе, ең қиындау төртінші кезеңде сайыскерлер қаппен жарысты. Бесінші шарты бойынша төмпешіктер арқылы кедергілерден өтті. Әр қатысушы бүгінгі салауатты өмір салтын насихаттауда жігерлілік танытты.Орыс тілі маманы Султанова Ғалия Искаковна:- «Еліміздің қорығындағы байлықтармен қатар, қызыл кітапқа енген өсімдіктер туралы айтып, оларды қорғау біздің еншімізде екнін айта келе, әңгіме соңын табиғат туралы өлеңгемен ұштастырды.Ел боламын десең, бесігіңді түзе. Еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміздің болашақ тұтқасы — дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтың қолында. Табиғатты аялайық атты шеру де өз мәресіне жетті.Қатысушылардың барлығына түгел дипломдармен бағалы сыйлықтар берілді.
№48 мектептің мұғалімі:Убайдуллаева Сабира Ашеновна.
Достарыңызбен бөлісу: |