Жыл Атамекен



Дата30.06.2016
өлшемі82.39 Kb.
#168321
27.11.2011 жыл

Атамекен

Атамекен ата-бабаның қоныс еткен мекені,адам қай жерде жүрсе де,қандай биіктерге көтерілсе де,ол үшін ең қадірлі,қасиетті өлке-ол Атамекен.

Атамекен…Атажұрт…Туған жер…Бұл-ең жоғарғы құндылықтардың,асыл ұғымдардың бірі.

Атамекен- туған хақының,ұлтының мекен еткен,ата-бабасының қоныс тепкен жері. Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері.

Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жия бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да,өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең,олар үшін туған жерді қасиет тұту-қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға анна сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.

Атамекеннің көркеюі,гүлденуі,жаңарып,жаңғыруы сол жерде туып-өскен азаматтарға,ұрпаққа байланысты болады.

Сенің арман-қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген?

Ел баласы атану ұшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?

Атамекеніне анасындай сүю үшін адам қандай болуы керек?

Туған жеріңде туып-өскен қандай азаматтарды мақтан етесің?

Сенің қандай еңбегіңді елің мақтан еткенін қалайсың?

Адам жас кезінде өз болашағын атамекенімен байланыстыра отырып,сол елде өмір сүріп,қызмет ету мақсатын көздейтіндігін,бала үшін ата-анасы мекен еткен жерден артық жер жоқ екендігін айта келіп,оның осы ойын кемелдендіріп,дамыта түсу үшін «Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол» деген қағидатты ұстай отырып, оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.



Ш.Айтматов. Баяғыда ата-бабамыз жыраққа қоныс аударатын болса,ырым ғып,беліне бір уыс туған жердің топырағын түйіп алады екен. Соғысқа аттанған боздақтарға олардың елде қалып бара жатқан жары не ғашығы таба нанның шетін тістетіп,сақтап қойып отырған. Ондағысы-«Туған жердің дәмі тартып,аман-есен елге оралсын» деген игі тілек.

Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені,ежелгі қонысы,Отаны. Бұл жерде ата-бабамыз туды,тұрды,өмір сүрді,оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап,ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді.Ол –біздің ең қасиетті,қадірлі,асыл мұрамыз.

Қазақ халқы мекен мәселесіне өте терең ілтипатпен қараған халық.Жалпы «Атамекен» сөзі қазақ халқының сол жерді ерте кезден иемденіп келе жатқандығын білдірсе керек. «Кіндік кесіп,кір жуған», «кіндік қаны тамған» деген сөздер бар қазақта. Бәрі де өзінің тұрған мекеніне жылы жүрекпен,терең ілтипатпен қарағандықтан туған сөздер. Атамекен мен ұлт,Отан ұғымдарының арасындағы тамыры терең байланыс осыдан туындайды.

Ал менің Отаным-қазақтың ұлан-байтақ кең даласы,жусан иісіне толы самал желі,нұр сәулелі күні,жасыл желек жамылып гүлге оранған жері,қыран бүркіт еркін самғаған көк аспаны,менің туған халқым екенін ана көкірегінің жұпар иісі әлі сезімінен кетпеген сәби жүрегіне қайдан тұрақтай қойсын.

Адамның тағдыры жермен тықыз байланысты. Туған жердің күллі сипат-сыны,құдірет-құны өзін мекен тұтқан халықтың тұрмыс-салты арқылы басқаларға құндылығын танытады. Өзі өрбіген елге,туып-өскен жерге деген адам махаббатының,алаулаған сағынышының қаншалықты тасқынды екенін,асыл қасиетін шалғай шетте,ел ішінен амалсыз шығандап,қиырға қара үзіп кеткендер,қайта орала алмай алыста жүргендер ғана айырықша анық,бұлдырсыз айқын сезінеді,қадір-құнын жетік біледі.

Жерден қасиетті,жерден киелі дүние жоқ. Жер бар жерде ел бар.Ел –ер-азаматтың думанды ортасы. Жер-жарық дүниеге көзін ашқаннан тербеткен бесігі.

тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 20 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.

Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.  Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.  

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.«…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» ( Н.Назарбаев) Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды...

 Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.

 Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның топырағында ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең жазира жері. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып жататын болған. Біздің еліміздің жерінен Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан «Ұлы Жібек жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған.

 Қазақстанның табиғаты таңғажайып: мұнда аспанмен тілдескен мұзарт шыңдарды, тұңғиығы тұнжыраған жұмбақ көлдерді, ақ жал толқындары асау арғымақтардай көкке шапшыған шалқар теңізді, күні от шашқан шөлейтті, арналы өзен, ну орманды көруге болады. Қазақстан картасы – қазына картасы қазір. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы. Қазынаның барлығы да қазақ жерінің топырағында тұнып жатқанын екінің бірі айтпай- ақ біледі.

 Дегенмен, жер бедерінде, негізінен, жазық далалы, шөлді және шөлейт аймақтар басым. Олардың арасында Сарыарқа мен Үстірт, Тұран ойпаты мен Батыс Сібір ойпаты, Мойынқұм мен Бетпақдала ұлы өңірлері бар. Таулы аймақтар республиканың оннан бір бөлігін алып жатыр. Оларға Алтай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань тау жоталары кіреді. Ірі өзендер: Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл.

 Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының түкпірінде орналасқан. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте, оңтүстік-батыста Орта Азия республикалары Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен, оңтүстік-шығыста және шығыста Қытай Халық Республикасымен шектеседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы –13034км. Қазақстан аумағының көлемі – 2 млн. 714,9 мың шаршы км. Оған Батыс Еуропаның Франция, Португалия, Испания, Италия, Греция, Норвегия және Финляндия мемлекеттері түгел сыйып кетер еді. Міне, қазақ даласы – кең байтақ! Қазақстан жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, АҚШ, Австралия мен Үндістаннан кейін алтыншы орын алады. Сондығынан ғой, күмбір – күмбір көне күй мен толғауы тоқсан жырларымызда – «Ұшса құстың қанаты талады, шапқан аттың тұяғы тозады, Атырауы – айшылық, Қаратауы – күншілік,» - деп толғаған.

 Дала төсінде жаңа өмір шуағын төгеді. Оның бауырындағы буырқанған жасампоз өмір тіршіліктің тоқтаусыз соғып жатқан жүрегіндей. Еңбеккері маңдай терін тамшылата төгіп жатса, сыршыл ақыны:

  Боз жорға, боз інгенді, боз торғайлы,

 Боз дала, ием саған, боз басымды!

 

– деп жүрек лүпілімен суарылған ақ қанатты жырына қосады. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге бастады, ғажайып жаңалықтар ашты. Соның куәсі – адам көкзеңгір ғарышқа қадам басты, айға қонды, жұмыр жерді аялай айналып ұшты. Ал ғарышқа жол – Байқоңырдан от алғанын мақтан етпейтін кім бар? Ғарышқа қадам жасаған елдер қатарында біздің еліміздің де еңсесі биік, жалауы жоғары. Ғарышта елдің намысын мәртебелеп мерейін асырған, Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев егеменді елдің ғарышкерлері. Сондықтан ғой қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды. Ғаламындағы ғажап тіршілігінің қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.



 «Отан – оттан ыстық», «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі» - деп түйген халықтың қаһарманы Бауыржан батыр: «Отаның үшін отқа түс күймейсің», - дейді. Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл – қыздары толып жатыр. Олар – атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата- бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.

 Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған. Батырлар жырындағы:

Атам күйеу болған жер,

Анам келін болған жер,

Кіндік қаным тамған жер- деген қарапайым жолдарда адамның туған жерге деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген.

Ал енді мынадай сұрақтарға жауап берейік.



Әріптік сұрақ сайысы:

Қазақстанның астанасы (Астана).

Қазақ елінің ұлы ғұлама ақыны (Абай).

Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлерін ата.(Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев).

Білім беретін адам (Ұстаз).

Киіз үйдің орыс тіліндегі атауы (Юрта).

Іс тігетін құрал (Ине).

Абай атамыздың әжесі (Зере).

Ат жарысы қалай аталады? (Бәйге).

Бурабай орналасқан жер (Көкшетау).

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Бүгінгі әңгімемді Бауыржан Момышұлының мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Мен де адаммын жаралған сүйек,еттен,

Арым бар,намысым бар жан тербеткен.



Қазақтың қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет