«табиғи капитал» және жасыл экономика «Табиғи капитал»



Дата24.04.2016
өлшемі138.5 Kb.
#79692
Садықова П.А.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, ЭФ ІІ курс студенті,

Астана, Қазақстан

Жетекші: аға оқытушы Досмағанбетов Н.С.

«табиғи капитал» және жасыл экономика
«Табиғи капитал» ұғымы жайлы алғашқы ой-пікірлер қазіргі уақытта, «экологиялық экономика» деп аталатын жаңа пайда бола бастаған ғылыми бағыттың шеңберінде орын алып отыр. 1980-1990 жылдардың аяғында «табиғи капитал» ұғымы Р. Костанз, Х. Дейли, Дж. Бартоломью сияқты және басқа да ғалымдардың еңбектерінде пайда болып қалыптасты. Дейлидің пікірінше, табиғи капитал табиғи қызметтер мен нақты табиғи ресурстар ағынының көзін білдіретін қор болып табылады. Осы тұрақты қор көрсеткіші «экологиялық қызметтерді» өндіре отырып «табиғи табысты» қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. «Табиғи капиталдың» дәстүрлі түсініктегі кәдімгі өндірістік капиталдан басты айырмашылығы – ол болашақта тауарлар мен қызметтердің құнын беретін табиғи ортаның жиынтық актив-қорлары болып табылады. Сондықтанда, адамзат баласына болашақта құнды ресурстар мен экологиялық қызметтер ұсынатын «табиғи активтер» жиынтығы «табиғи капитал» деп аталады [1, 130].

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта және даму бойынша конференциясында «Табиғи капитал» теориясы алға тартылды: «Табиғи капитал ұғымы адамзат баласына табиғаттың беретін барлық сыйын қамти отырып, «қоршаған орта» деп аталатын сапалы ортадан алынатын физикалық ресурстармен түсіндіріледі». Сондай-ақ, осы конференцияда табиғи капиталдың негізгі тұрпаттары анықталды:

1) жаңартылмайтын (шығындалатын) энергетикалық ресурстар;

2) қалпына келетін (кезеңділікпен қолданылатын) энергетикалық емес минералды ресурстар;

3) жаңартылатын немесе әлеуетті түрде жаңарып отыратын энергетикалық ресурстар.

Табиғи капитал теориясы мынаны болжайды, яғни табиғи жүйелер қызметінің жоғалуы негізгі өнеркәсіптік капиталдың өсімінен әрқашанда өтеліп отырады. Алайда, табиғи капиталды өндірістік капиталмен үздіксіз алмастыруға болмайды, олай болса, табиғи капиталды капиталдың басқа түрімен технологиялық алмастырудың әрқашанда шегі болады. «Табиғи ресурстар» түсінігі экономикалық теорияда аз зерттелген деп саналады. Соңғы уақытқа дейін жалпы экономикалық ғылымда, тіпті жаңа пайда болған «экологиялық экономика» теориясында да «табиғи ресурстардың» негізгі жүйе құраушы белгілері толық анықталмаған, сонымен қатар, табиғи құбылыстарды «ресурстар» және «ресурс еместер» деп бөлудің критерийлері, «табиғи құбылыстардың» (табиғи объектілердің) «экономикалық құбылыстарға» (экономикалық объектілерге) өту үдерісінің сипаты, осы үдерістердегі ғылыми зерттеулердің рөлі, жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи құбылыстар» мен «табиғи ресурстар» және жаңартылатын және жаңартылмайтын «табиғи капитал» арасындағы айырмашылықтарды көрсетудің критерийлері толық анықталмаған. Осыған байланысты, өндірістік материалдық ресурстардың құнын анықтау үшін қолданылатын әдістемелер бойынша «табиғи ресурстардың» құнын анықтауға талпыныстар жасағанда үлкен қиыншылықтар туындайды.

«Табиғи ресурстар» - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамның қолданатын объектілері, табиғат үдерістері мен жағдайлары. Табиғи ресурстар:


  • орнына келтірілетін және орнына келтірілмейтін табиғи ресурстар;

  • жаңартылатын және жаңартылмайтын табиғи ресурстар;

  • алмастырылатын және алмастырылмайтын табиғи ресурстар, және;

  • қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін табиғи ресурстар болып бөлінеді.

Табиғи ресурстарға пайдалы қазбалар, энергия көздері, жер қыртысы, су жолдары мен су қоймалары, минералдар, ормандар, жабайы өсімдіктер, құрлық пен судағы жануарлар әлемі, мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының генофонды, көркем өнер ландшафттары, сауықтыру орталықтары және басқалары жатады.

Сонымен, белгілі болғандай, табиғи капитал түсінігі «табиғи ресурстардың жиынтығы» ретінде қарастырылмайды. «Табиғи капитал» мен «табиғи табыс» табиғи ресурстарды сәйкесінше, қор және ағын ретінде ірілендіреді. Осындай агрегатталған көрсеткіштердің қалыптасуы қорлар мен ағындар көрсеткіштерінің алуан түрлерін өлшеуді және бағалауды талап етеді. Табиғи ресурстардың физикалық қасиеттеріне қарағанда табиғи капитал мен табиғи табыс ерекше бағалаушылық қасиеттерге ие болып табылады. Технологияның дамуымен байланысты сарқылатын табиғи ресурстарды өндірістік игіліктермен ауыстыруға тура келеді. Олай болса, табиғи ресурстар өндірістік үдерістің материалдық негізі (енжар) болып табылса, ал өндірістік капитал өндірістік үдерістің өндіргіштік негізін (белсенді) құрайды.

Дегенменде, табиғи капитал жаңа қалыптасқан теориялық тұжырымдаманы білдіргендіктен, оның тәжірибелік қолданысы енді ғана орын алып келеді. Демек, табиғи капиталды бағалаудың негізгі мәселелері тәжірибеде міндетті түрде туындайды. Мысалы, экологиялық қызметтердің экономикалық құнын бағалаудың барлық талпыныстары бүгінгі күнге дейін өз жемісін бермей келеді. Табиғи капиталдың қызметі алуан түрлі болып табылады. Соған сәйкес, табиғи капиталды жан-жақты бағалау қажет, атап айтсақ, ең алдымен, экологиялық және әлеуметтік жағынан, содан кейін экономикалық тұрғыдан бағалау қажет.

Кез-келген елдің экономикалық дамуының негізінде оны анықтайтын факторлары болады. Экономикалық өсудің факторларына капиталдың үш түрі жатқызылады: 1) адами капитал (еңбек ресурстары); 2) физикалық капитал (өндіріс құрал-жабдықтары); 3) табиғи капитал (табиғи ресурстар). Міне, осы аталғандардың соңғысының экологиялық фактор ретінде соңғы кездері экономикалық дамуда маңыздылығы арта түсті. Экономика тек экономикалық заңдармен ғана өмір сүрмейді, олай болса, экологиялық заңдарды да есепке алу керек деген түсінік артып келеді. Демек, экономиканың әріқарайғы дамуы экологиялық «дәліздің» өте тар шеңберлерінде ғана мүмкін болады.



«Табиғи» капиталдың негізгі үш қызметін бөліп көрсетуге болады:

1. Ресурстық қызметі – тауарлар мен қызметтердің өндірісін табиғи ресурстармен қамтамасыз ету;

2. Экожүйелік/экологиялық қызметі – табиғаттың әртүрлі сипаттағы реттеушілік қызметін атқаруы: зиянды қалдықтарды ассимиляциялау, климатты және су жүйесін, озон қабатын реттеу және т.б.

3. Эстетикалық, этикалық, адамгершіліктік, мәдени, тарихи аспектілерімен байланысты табиғат қызметтері. Бұлар бір сөзбен айтқанда, «рухани» экологиялық қызметтер деп аталады.

Экономиканы ұйымдастырудың дәстүрлі үлгілерінің (нарықтық, жоспарлы, т.б.) жалпы дерті – өндірістік қызметте экологиялық факторды, табиғи капиталдың барлық қызметтерін бағаламау және көзге ілмеу. Бұл жерде экологиялық қызметтердің нарықтық құны жоқ, тек адамдарды табиғи ресурстармен қамтамасыз ету қызметтері ғана бағаланады. Осындай құбылыстар адамзаттың қолымен жасалған жаһандық экологиялық мәселелердің пайда болуына алып келді, олардан келетін экономикалық зиян бүгінгі күні орасан зор [2, 204].

«Табиғи капиталдың» қазіргі рыноктың үдерісіне дендеп енуі экономиканы өзін-өзі өндіре алу қабілетіне жағдай жасап отыр, яғни экономикалық дамудың дәстүрлі мүмкіндіктерінің орнына оны дамытудың балама мүмкіндіктерін қолға алу қатынастары алға тартылып келеді. Бұған не себеп болды? Экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін іздестірудің қажеттілігі бүгінгі күні неге туындап отыр?

Басты себебі – әлемдегі қазіргі экономикалық жағдайдың қаржылық, экономикалық, экологиялық, энергетикалық және әлеуметтік-демографиялық сияқты жүйелі дағдарыстардың салдарынан тұрақсыздыққа ұрынуы болып отыр, яғни осындай кешенді дағдарыстардың шарықтау шегі 2008 жылға келіп отыр. Бұл үдерістердің климаттық өзгерістердің негізінде орын алып отырғандығын қазіргі ғалымдар байқап отыр. Олардың ойынша, климаттық жағдайлардың шапшаң өзгеруі экологиялық жүйелердің бейімделу шапшаңдығынан және адам іс-әрекеттері қарқынының жылдамдығынан тез болып отыр. Осының бәрі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын түбегейлі өзгертудің қажеттілігін туындатып отыр, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін іздестіріп тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің жолдарын қарастыру қажет. Сондықтанда, қазіргі уақытта экономика мен қоғамның тұрақтылығы міндеті, жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алу және олардың әсерлерінен қалпына келе алу мүмкіндіктері, сонымен қатар, энергетикалық және су ресурстарын (жаңартпалы ресурстарды) пайдаланудың тиімділігін одан әрі көтеру мәселелері бірінші орынға шықты. Экономикалық дамудың балама мүмкіндіктерін сипаттайтын дамудың жаңа үлгісін іздестіру «жасыл» (экологиялық) экономика тұжырымдамасының қалыптасуына жол ашты. Осындай үлгінің қалыптасуы экономика мен қоғамның табиғат жүйесіне икемделуін терең түсінуге итермелейді. Дәл бүгінгі осы айтылып отырған көзқарастармен қазіргі әлем 2012 жылы Бразилияда өтетін «Рио+20» конференциясына жақындап келеді.

Сарапшылардың пікірінше, қазіргі уақытта, әлемдік қауымдастық жоғарыда аталған дағдарыстардың, әсіресе, экономикалық, экологиялық және азық-түліктік дағдарыстарды еңсерумен байланысты аса өткір мәселелерді шешуге бел буа кірісті. Бұған дер кезінде мемлекет басшысы да өркениеттің бірігуі мен әріптестік танытуы жолымен жаһандық дағдарысты еңсерудің жаңа бағыттарын атап көрсеткен болатын. Оның бір тетігі ретінде Астана қаласының «Жасыл көпір» бастамасын атауға болады. Бұл бастаманы алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаев ІІІ Астана экономикалық форумында көтерді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Әлем жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларға, олармен тез алмасуға және жаңартылатын қуат көздеріне зәру. Осыған орай, былтыр өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы «Жасыл көпір» атанған жаңа экологиялық декларация құру туралы бастамашылығын жариялады. Бұл экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және «жасыл экономика» құру үдерісін жақындатуға және тездетуге мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Қазақстан соңғы жылдары өзекті экологиялық мәселелерді шешуде біршама ілгері жылжыды. Ондаған жылдар бойы жинақталған «тарихи» ластағыштар мен депрессивті аумақтардың қалпына келтіру салдарлары сәтті түрде іске асырылуда. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының көптеген салаларында жоғары энергиялық сиымдылық сақталуда. Мұнай-газ секторында парниктік газдар шығарындыларының үлесі артып келеді. Сондықтанда, осы үлестерді қысқарту үшін еліміз «Жасыл даму» жолына түсуі қажет, яғни қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау отырып, экономикалық дамуға қол жеткізуі қажет.

Қазіргі тұрақты даму экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компонент сияқты үш құрауыштың арасындағы кешенді өзара байланыстың орын алуын болжайды.Соңғы онжылдықта пайда болған «жасыл» экономика тұжырымдамасы тұрақты дамудың осы компоненті арасындағы оңтайлы үйлесімділікті қамтамасыз етуге негізделеді және дамыған, дамушы және өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттердің барлығы үшін аса қолайлы жүйе болатындығын дәлелдеуге тырысады.

«Табиғи капитал» көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл ойнайды. Қазақстан үшін, мысалы, экономикада пайдалы қазбалардың маңыздылығы өте ерекше болып табылады, яғни табиғи ресурстардың өте мол қоры экономиканың дамуында маңызды рөл ойнайды. Көптеген елдер өзінің бай табиғатының есебінен экологиялық туризм үшін табиғи капиталдың «рухани» қызметтерін қамтамасыз етіп мол табыстарға кенеліп отыр.

Қазіргі уақытта, инвестициялау үшін Қазақстан экономикасының басымдықты секторларының біріне балама энергетика (альтернативті энергетика) саласы жатады. Балама энергетика Қазақстан экономикасын дамытудың балама мүмкіндіктері болып табылады. Экономикалық дамудың осындай балама мүмкіндігі соңғы 15-20 жылда әлемдік экономикада басым рөлді ойнап отырған «болашақ экономика» секторларының бірі болып табылады.

Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Қазақстанда өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстардың әлеуеті өте зор болып табылады. Жаңартпалы энергетикалық ресурстарға гидроэнергия, жел энергиясы мен күн энергиясы жатады.

Экономикалық өсудің тұтынуға бағытталған баламалы үлгілерінің бірі ретінде бүгінгі күні «экологиялық экономика» («жасыл даму») үлгісі қарастырылып отыр. Себебі, зерттеулерге сүйенсек Әлемдік ЖІӨ 4 есе өсіп, миллиондаған адамдардың жағдайы жақсарған, дегенмен 60% негiзгi әлемдiк экосистема тауарлары және қызметтерінің сапасы төмендеген.Яғни адамзат табиғи ресурстарды аяусыз қолданып, тұрақсыз бейнеде дамуда.Демек соңғы онжылдықта экономикалық өсу табиғи ресурстар есебінен байқалды.Бұл процестен табиғи ресурстар тіпті қайта қалпына келу дәрежесінен де айрылуға шақ қалды.Осы тұрғыда жасыл экономиканы дер кезінде қолға алды. Жасыл экономика – тұрақты даму кепілі екендігін тағы бір рет дәлелдейді.

«Жасыл» экономикада халықтың әл-ауқаттылығын көтеруде экожүйелердің (экологиялық табиғи капиталдың) рөліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты экологиялық қызметтер (адамның экожүйелерден алатын игіліктері мен пайдалылықтары) қарастырылады және олар, ереже бойынша, бүгінгі нарықтық экономиканың қызметіне қатыспайды.

Экономикалық өсудің тұтынуға бағытталған баламалы үлгілерінің бірі ретінде бүгінгі күні «экологиялық экономика» («жасыл даму») үлгісі қарастырылып отыр. Себебі, зерттеулерге сүйенсек Әлемдік ЖІӨ 4 есе өсіп, миллиондаған адамдардың жағдайы жақсарған, дегенмен 60% негiзгi әлемдiк экосистема тауарлары және қызметтерінің сапасы төмендеген.Яғни адамзат табиғи ресурстарды аяусыз қолданып, тұрақсыз бейнеде дамуда.Демек соңғы онжылдықта экономикалық өсу табиғи ресурстар есебінен байқалды.Бұл процестен табиғи ресурстар тіпті қайта қалпына келу дәрежесінен де айрылуға шақ қалды.Осы тұрғыда жасыл экономиканы дер кезінде қолға алды. Жасыл экономика – тұрақты даму кепілі екендігін тағы бір рет дәлелдейді.

«Жасыл» экономикада халықтың әл-ауқаттылығын көтеруде экожүйелердің (экологиялық табиғи капиталдың) рөліне үлкен көңіл бөлініп отыр. Осыған байланысты экологиялық қызметтер (адамның экожүйелерден алатын игіліктері мен пайдалылықтары) қарастырылады және олар, ереже бойынша, бүгінгі нарықтық экономиканың қызметіне қатыспайды. [3, 102].

«Жасыл» экономикаға бет бұру үшін инвестициялаудың келесідей бағыттарын ұсынуға болады:

1) Ғимараттар мен үйлердің энергиялық тиімділігін арттыру (яғни, ғимараттардың энергиялық тиімділігін көтеру мақсатында оларды қайта жөндеуге инвестиция салу), сонымен қатар, үйлер мен кеңселердің айналасын көгалдандыру мен жасылдандыру үшін материалдық ынталандыруды ұйымдастыру. Құрылыстың қазіргі заманғы озық технологияларын қолдана отырып энергияны тұтынуды 80%-ға дейін қысқартуға болады.

2) Энергияны үнемдейтін және аз ластайтын көлік жүйесін енгізу.

3) Энергия таратудың интеллектуалдық жүйесі бар тұрақты энергетика жүйесін енгізу.

4) Ұлттық саясаттағы игі бастамалар (экологиялық заңдылықтарды енгізу немесе жетілдіру, тиімсіз субсидияларды төмендету немесе тоқтату, отын сияқты пайдалы қазбалардың орнына жаңартылатын энергияның көздерін кеңінен қолдануды, жеке автокөліктің орнына қоғамдық көліктің түрлерін кеңінен қолдануды қолдау үшін фискалдық шараларды жүргізу және т.б.).

5) Ауыл шаруашылығы және халықты тұщы сумен қамтамасыз ету.

6) Жер ресурстарын кеңінен қолдану және кешенді құрылыс саясаты.

7) Тұщы су ресурстарын орталықтан басқару.

8) Технологияларды әзірлеу және олармен алмасу.

9) Халықаралық ынтымақтастық – трансшекаралық, аймақтық, жаһандық.

Көптеген зерттеулерден ғалымдар «экономиканың көгалдандыруына» Әлемдік ЖІӨ-нен 2% инвестиция салса 2011 - 2050 жж. қазіргідей дамудың ұзақ мерзімді өсуді сонымен бірге ауа райы мәселелерін, су тапшылығы мәселелерін шешуге, экожүйені сақтауға және тұрақты дамуға мүмкіндік береді.(Кесте 1)


Кесте 1. Әлемдiк экономика айналымына қосымша Әлемдік ЖІӨ-нен «жасыл экономика» бағдарламасы мен қалыпты дамудың бағдарламасына бөлінген 2% көлемінің нәтижелерi.




2011

2015

2020

2030

2050







Қал-

ыпты даму бағд.



«жас-

ыл»


(%)

Қал-

ыпты даму бағд.



«жас-

ыл»


(%)

Қал-

ыпты даму бағд.



«жас-

ыл»


(%)

Қалып-

ты даму бағд.



«жас-

ыл»


(%)

ЖІӨ (өзгерiссiз АҚШ долдарында)

69 344

79 306

-0,8

92 583

-0,4

119 307

2,7

172 049

15,7

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

9 992


10 959

-0,8

12205

-0,4

14577

2,4

19476

13,9

Ормандар ауданы

(млрд. га)



2787

2857

0,3

2946

0,3

3050

1,4

3273

3,4

Суды тұтыну (км3/жыл)

3,94

3,92

1,4

3,89

3,2

3,83

7,9

3,71

21,0

Қалдықтарды көму

(млрд.т)


7,88

8,40

-4,9

9,02

-15,1

10,23

-38,3

12,29

-87,2

Шығыстардың

биологиялық сыйымдылық қа қатынасы



1,51

1,60

-7,5

1,68

-12,5

1,84

-21,5

2,23

-47,9

Бастапқы энергияға қажеттiлiк

(млн.тонна мұнай баламасы/жыл)



12549

13674

-3,1

15086

-9,1

17755

-19,6

21687

-39,8

Балама энергияның бастапқы энергиядағы тұтыну үлесі

13

13


15

13

17

12

19

12

27


Ескерту: ашық сұр түсті ұяшықтарда «жасыл экономика» мен қалыпты даму бағдарламасына инвестиция (+/-) пайыздарындағы айырмашылық көрсетiлген.

Дамушы елдердің «жасыл экономикаға» тезірек көшудің басты алғышарттары:



  • Ұйымдастырушылық құрылымды және ауылдық жерлердің инфраструктурасын дамыту;

  • Тұрмысы төмен тұрғындарға санитарлық қызметтер көрсетуді жетілдіру;

  • Таза сумен қамтамасыз етуге инвестиция тарту;

  • Ғимараттарды жаңғырту (Жылыту, жарық және ғимараттарды желдету);

  • Тұрақты өндіру мен тұтынудың үлгілерін енгізу;

  • «жасыл бизнесті» дамыту;

  • Көлiк секторының энергиялық тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы, таза отынның пайдалануы;

  • Халықаралық басшылықты күшейту;

  • Ынталандыру инвестициялары және инновациялар;

  • Экологиялық салықтарды енгізу;

  • Технинологиялық қабілеттілік және білім;

  • Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы да пайда тауып, қоршаған ортаның қалдықтармен ластануын төмендету;

  • Ұлттық нормативтік-құқықтық құжаттар;

  • Тиімді саясат.

Экономиканың барлық субъектілерінің мүдделеріне сәйкес келетін және қызығушылығын тудыратын бұл шара экологиялық жүктемені төмендетуге жағдай жасайды, және де сол уақытта, біздің стратегиялық жоспарымызда көрсетілген экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады. Ел экономикасы үшін экологиялық салықты енгізудің негізгі бағыты – бұл салық ауыртпашылығын әлеуметтік маңызы бар қызметтен (мысалы, халықты жұмыспен қамту) қоршаған ортаға зиян алып келетін қызметке аудару. Бұдан басқа, әрекет етудің экологиялық жағынан қауіпсіз түрлерін (мысалы, жеке көліктерді пайдалануды төмендету үшін қоғамдық көлік түрлерін дамыту) дамытуға инвестициялар салуды арттырудың жолдары арқылы бюджетті қайта құрылымдау үдерісі де еліміздің салық саясатын реформалаудың маңызды бір шарасы ретінде қарастырылады. Олай болса, болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи капиталды сақтап қалу бойынша тиімді және тындырымды іс-шараларды қабылдау жолымен салық жүктемесін аса әділетті түрде қайта бөлу мәселесі біз үшін бүгінгі күні үлкен мақсат ретінде саналады.

Экологиялық салықтар тиімділікке негізделген, әлеуметтік-экологиялық бағыттылығы бар фискалдық жүйені қалыптастырудың аса маңызды құралы болып табылады, оның негізгі қағидалары өндіру мен тұтынудың шығындарын реттеумен және табыстарды тең бөлумен түсіндіріледі. Демек, экологиялық салықтарды енгізу салықтың жалпы ауыртпашылығын көтермейді, ол оның қоғам ішінде қайта бөлінуіне және табиғатқа экологиялық зиян келтіруді төмендетуге мүмкіндік береді.

«Экологиялық өсуді» қалыптастырудың екінші тетігі болып тұрақты өндіру мен тұтынудың үлгісін енгізу табылады. Біз білетініміздей, қоғамдық өндіру мен қоғамдық тұтынудың әдістері экономиканың кез-келген тұрпатының негізгі қозғаушы күші болып табылады және, сәйкесінше, іс жүзінде экономикалық өсудің сапасын анықтайды. Шикізат материалдарының және басқа да ресурстардың теңестірілген бағаларымен келістірілген реттеуші стандарттарды әзірлеу өндірушілердің аса таза, әрі экологиялық жағынан тұрақты өндіріске көшудің қызығушылығын туғызуы мүмкін.

«Экологиялық экономиканың» бұл бағыты мынадай құралдармен қарулана алады: мемлекеттік сатып алымдардың экологиялық таза түрлері; тұтынудың үрдістерін есепке алатын сұранысқа негізделген тауардың өмірлік циклі мен басқаруды бағалау; ресурстарды қайта-қайта қолдануды және қалдықтарды қайта өңдеуді төмендету арқылы ресурстарды тұрақты түрде қолдануды ынталандыру және таза өндіріске деген қызығушылықты көтеру. Тауарлар мен қызметтерді өндіру кезінде шикізатты қолданудың деңгейі мен атмосфераға тасталған қалдықтар қоршаған ортаны қорғаудың шешуші факторлары болып табылады. Тұтынудың көлемі неғұрлым өскен сайын қоршаған ортаға келетін жүктеме де соғұрлым үлкен болады.

«Экологиялық өсудің» осындай тетігімен «жасыл бизнесті» дамыту тетігі тығыз байланысты болып табылады. «Жасыл бизнес» іскерлік белсенділіктің қайта жаңартылатын табиғи ресурстарды көптеп қолдану жағына өтуін, экологиялық жағынан таза өнімдерді шығаруды, ресурстардың үнемделуін қамтамасыз ету мақсатында таза технологияларды қолдану мен корпоративтік стратегияларды жүргізуді болжайды. Ереже бойынша, «жасыл бизнес» саясатын іске асыратын компаниялардың әлемдік нарықтарда имиджі жоғары болып табылады, олардың өнімдері жоғары инновациялылықпен және жоғары бәсекелік қабілеттілікпен ерекшеленеді.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген компаниялар үшін «жасыл бизнесті» дамыту – бұл бизнес өкілдеріне экологиялық жағынан таза өнімдерді өндіру мен шығару арқылы салық жеңілдіктерін алу және әкімшіліктік кедергілерді жұмсарту жолымен өздерінің бәсекелік қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін аса табысты нарықтық стратегия.

Жалпы алғанда, «жасыл бизнес» және тұрақты тұтыну халықтың әл-ауқатын көтеруге және қоршаған ортаны қорғауға негізгі құраушы элементтер болып табылады.

«Экологиялық өсудің» тағы бір маңызды құралы болып тұрақты инфрақұрылымды қалыптастыру табылады. Бұл болашақ ұрпақтың табиғи ресурстардың жетіспеушілігін сезінбесі үшін сол ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұрақты инфрақұрылымдарды қалыптастыру тауарлар мен қызметтердің өмірлік циклінде экологиялық аспектілеріне ерекше көңіл бөлуге; экологиялық жүйенің біртұтастылығын сақтауға; климаттың өзгеруі мен озон қабатының тесілуі сияқты антропогендік фактордың әсерін тереңдетпеуге; экономикалық жағынан пайдалылығы жоғары тауарлар мен қызметтерді өндіруге; дамудың барлық бағыттарында ұзақ мерзімді экономикалық өсуді максималдауға мүмкіндік береді. [4, 116].

Қазіргі таңда Қазақстанда «жасыл» экономикаға нақты қадамдар жасалуда – жел энергетикасы, энергия үнемдеу, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тазарту туралы заңдар қабылданды.»Жасыл» экономика қағидалары мен секторлық интеграция үшін мекеме аралық кеңес құрылған.Сонымен қатар елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы Экология министрлігіне Қазақстанның экономикасына, жеріне, географиялық жағдайына сай «жасыл» экономиканың жобасын жасауды тапсырды.

Астананың ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне өз кан­дидатурасын ұсынуы әрі «Бо­лашақтың энергиясы» ат­ты жаһандық мүдделерді топ­тастыратын тақырыпты таң­дауы әлем на­зарын өзіне аударғаны хақ. Өйт­кені, адамзат алдындағы күр­меуі қиын мәселе – энергияға де­ген тапшылықты жойып, ба­лама қуат көздерін кеңінен іс­ке қосатын кез келді. Адамзат ба­ласына көмірді, мұнайды, газ­ды толығымен игеруге орта есеп­пен 40-50 жыл кетті, ба­лама энергетиканы игеруге де шамамен сонша уақыт ке­рек. Бұл ша­ра – біздің елімізде балама эн­ер­гетиканың қарқынды да­муына жол ашары сөзсіз.

Алайда, еліміздің экономикасын балама жолдармен дамытудағы мемлекет саясатының рөлі мен ерекшелігі қандай болу керек деген сұрақ туындайды. Қазақстан үшін алғашқы қадам елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен 50 ел қатысқан қазан айында өткен «ҮІІ Еуразиялық Kazenergy» форумы, «Expo-2017» бүкіләлемдік көрмесі, «Астаналық Экономикалық форумдары» болып отыр. Сонымен қатар елбасының жасыл экономика ұсынысы да экономиканы дамытуда балама көздерді қарастырады.

Келешекте Астананы өте ірі, тек Қазақстанның ғана емес әлемнің дамыған астаналарының қатарына қосуға барша Қазақстандықтар күш салады.Қазақстандағы «Жасыл экономиканы» жандандыруға ЭКСПО көрмесінің пайдасы көп болмақ. Біздің «Жасыл энергия» деген тақырыбымыз осы күнгі үздік тақырыптың бірі болып саналады.



Әдебиеттер тізімі


  1. Б.У. Пухова. «Природный капитал», как составная часть природных ресурсов // Фундаментальные исследования. – 2008. - № 2, стр. 130-132.

  2. И.П. Глазырина. Природный капитал в экономике переходного периода. – М.: НИА. Природа, 2001. – стр. 204.

  3. Р. Перелет. Направления стратегии «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 1, стр. 98-103.

  4. Б. Есекина. Концептуальные основы модели «зеленого роста» // Евразийский экономический обзор. – 2011 - № 2, стр. 116-118.

  5. http://data.worldbank.org

  6. http://www.csradialogue2012.org/

  7. http://www.greeneconomycoalition.org/


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет