Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР ТУРАЛЫ ҚР 09.07.98 Ж. № 272-I ЗАҢЫ
Дата: 23.12.2015 14:50:19
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы
Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі № 272-I Заңы
(2015.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңның мақсаты
1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
4-бап. Табиғи монополиялар аясы
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
7-1-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу
7-2-бап. Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібі белгілеу тәртібі
7-3-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттері
7-4-бап. Табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектілерінің қаржылық есептілігін, есептерін, хабарламалары мен ақпаратын қабылдау
8-бап. Табиғи монополия субъектісiнiң мүлкiн иелiктен айыру және акцияларын (үлестерiн) сатып алу
9-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қайта құру және тарату
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері
12-бап. Уәкiлеттi орган
12-1-бап. Алып тасталды
13-бап. Уәкiлеттi органның функциялары
14-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары
14-1-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
15-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу
15-1-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейiн қалыптастырудың тәртiбi
15-2-бап. Алып тасталды
15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі
16-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын табыс ету тәртiбi
17-бап. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң және тарифтiк сметаларының жобаларын қарау тәртiбi
18-бап. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекiту туралы
18-1-бап. Табиғи монополиялар саласында жүзеге асырылатын іс-әрекеттерді хабарлаудың немесе келісудің негіздері мен тәртібі
18-2-бап. Алынып тасталды
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
18-4-бап. Табиғи монополия субъектісінің сатып алуды жүзеге асыруының ерекшеліктері
18-5-бап. Табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
18-6-бап. Алынып тасталды
18-7-бап. Табиғи монополия субъектiсiн және реттелетін нарық субъектісін тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның шешiмi
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
19-1-бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
21-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
22-бап. Табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
23-бап. Өтпелi ережелер
Түпнұсқада мазмұны жоқ
2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның», «Табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган», «табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға», «табиғи монополиялар аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «Уәкілетті органның», «уәкілетті органның», «Уәкілетті орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «почта», «Почта» деген сөздер тиісінше «пошта», «Пошта» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара); 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың, сондай-ақ реттелетін нарықтардағы баға белгілеуді мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындау;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) тұтынушылар мен табиғи монополия, реттелетін нарық субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткізу болып табылады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырылды
1-1-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заң табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар, реттелетін нарықтар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың реттелетін нарықтардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға мынадай:
1) қызметі тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты болатын;
2) осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет:
осындай қызметтен түскен кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде барлық қызметтен түскен кірістің бір пайызынан аспауға тиіс;
табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерге 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған тарифтің деңгейін ұстау шарттарының жиынтығы сақтала отырып, жүзеге асырылатын жағдайлардың бірінде қолданылмайды.
3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттік реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды
3-2. Реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңда көзделген мемлекеттік реттеу мен бақылау реттелетін нарық шегінде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) баға белгілеуге қатысты ғана қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды
3-3. Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыз қаражатын тарта отырып, инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыратын және уәкілетті орган бекіткен табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне кіретін табиғи монополиялар субъектілері үшін осы Заңның ережелері Халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің ерекше тәртібімен реттелмеген бөлігінде ғана қолданылады.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен реттеледi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді; 2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-бап өзгертілді
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтік сметаларда амортизациялық аударымдардың есебінен көзделген қаражатты реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тіркелген активтердегі күрделі қаржы салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;
1-1) босатылу бағасы - реттелетін нарық субъектісі тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қолданатын оның бағасы;
2) жалпыға бірдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектілері қызметін жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағында табиғи монополиялар субъектілерінің барлық тұтынушыларға көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісінің энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге, қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;
5) инвестициялық жоба - жаңа өндірістерді салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;
6) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектілерде көрсетілетін табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бір инвестициялық жобаның шеңберінде бекіткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейін қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шекті деңгейі;
7) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай:
жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;
көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;
9) қысқа мерзімді кезең - бір жылға дейінгі уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;
10) орташа мерзімді кезең - бір жылдан асатын төрт жылды қоса алғанға дейінгі уақыт аралығы;
11) реттелетін нарықтар - реттелетін нарық субъектілері үшін осы Заңға сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген тауар нарықтары;
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр. ред. қара)
12) реттелетін нарық субъектісі - реттелетін нарықтарда Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға (табиғи, мемлекеттік монополия субъектілерін және энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда);
12-1) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-2) сараланған тариф - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған уәкілетті орган тұтынушылардың топтары және (немесе) тұтыну көлемдері бойынша саралап бекіткен тариф;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды
12-3) сараптама кеңесі - табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мақсатында құрылатын, құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін орган;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін - жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - сатып алынатын су;
14) стратегиялық тауарларды өндірушілер:
стратегиялық тауарларды өндіретін;
стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын;
Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар;
15) табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі;
16) табиғи монополия саласы - дара кәсіпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектісі болып танылуы мүмкін көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
17) табиғи монополия субъектісі - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндірумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызметтер көрсетумен айналысатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
18) табиғи монополия субъектісінің аффилиирленген тұлғасы - шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектісі қабылдаған шешімге, оның ішінде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмілені қоса алғанда, күшіне орай әсер ету мүмкіндігі бар (берілген өкілеттіктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектісінің осындай құқығы бар кез келген тұлға;
19) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) құнының уәкілетті орган бекіткен ақшалай көрінісі;
21) тарифтік смета - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 22) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге, қажет болған кезде жылдарға бөле отырып бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды) (бұр.ред.қара)
23) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 24) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24) төтенше реттеуші шаралар - стратегиялық тауарлардың құны өскен немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи монополия субъектiсiнің қызметiн тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;
25) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектісінің дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан да көп процентін иеленуші, келісім нәтижесінде бірлесіп тікелей немесе жанама шешім белгілеуге және (немесе) табиғи монополия субъектісінің қабылдайтын шешімдеріне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
26) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
26-1) тұтынушылар тобы - табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері белгілерінің, қызметінің, оларды нысаналы пайдаланудың ортақ болуымен біріктірілген тұтынушылар жиынтығы;
27) уақытша өтемдік тариф - табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға келтірген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкілетті орган белгілеген тариф (баға, алым ставкасы);
28) уақытша төмендету коэффициенті - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
29) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
30) ұзақ мерзімді кезең - бес жыл және одан көп уақыт аралығы;
31) шекті баға - тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру және (немесе) өткізу үшін қажетті шығындар мен пайданың негізінде реттелетін нарық субъектісі баға белгілеу тәртібіне сәйкес белгілеген және бағаларға жүргізілген сараптаманың нәтижелері бойынша уәкілетті орган негізді деп таныған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) бағасы.
ҚР 06.12.01 ж. № 260-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 4-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.09.01. № 533-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді
4-бап. Табиғи монополиялар аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі;
4) топырақтың жылуын, жерасты суларды, өзендерді, су айдындарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылыстарының сарқынды суларын пайдалана отырып, өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;
2015.27.10. № 363-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) контейнерлермен жүктерді тасымалдау және бос контейнерлерді тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6-1) бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
8) әуе навигациясының;
9) порттардың, әуежайлардың;
10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі;
12) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың;
2014.03.07. № 230-V ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері жатады.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін уәкілетті орган белгiлейдi.
ҚР 13.07.99 ж. № 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 127-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 128-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара); 2015.12.11. № 394-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мынадай:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының пошта туралы, магистральдық құбыр туралы заңнамасында белгiленген;
табиғи монополия саласына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түсетін кiрiстер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде нарық субъектiсiнiң барлық қызметiнен түсетін кiрiстердiң бiр пайызынан аспаған жағдайдағы;
өзге де қызметтен түсетін кiрiстерi күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнің бес пайызынан аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететiн құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы;
ол шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс режимдерін басқару және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған жағдайдағы қызметті қоспағанда, табиғи монополиялар салаларына жатпайтын қызметтер көрсетуге және өзге де қызметті жүзеге асыруға;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 2) тармақша алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 3) тармақша алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектісі үшін осы Заңда рұқсат етілген қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (қатысу үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де жолмен қатысуға;
4) уәкілетті орган белгілеген мөлшерден асатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін ақы алуға;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) осы Заңда көзделмеген қосымша ақы алуға немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде таңуға;
4-2) 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алым ставкаларының) жоғарылауына әкеп соқтырмаған жағдайда, арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы мәмілелері бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді қоспағанда, ұсынылатын реттелетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беруге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге;
10) мыналар:
тарифтік сметада қамтылатын;
реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетігі, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы;
ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тануға тыйым салынады.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген шектеулер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 1-2-тармақ алып тасталады (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шектеулер әуежайлар қызметтерін көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына уәкілетті орган белгілеген жағдайларда және тәртіппен ұсынуға;
1-4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату үшін тұтынушылардан уәкілетті органмен келісілген ақы алуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 407-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-2) тармақша жаңа редакцияда
5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, энергия аудитінің қорытындылары бойынша әзірленген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқартуға байланысты шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 166-III (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 316-III (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 116-IV (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 163-IV (бұр. ред. қара); 2010.15.03. № 255-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.22.06. № 21-V ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.12.06. № 209-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |