Таңғажайып алаң ойыны. М.Әділова
Тақырыбы. Таңғажайып алаң ойыны
Мақсаты: Танымдылық: қазақтың ұлттық ойындарын, салт-дәстүрлері бойынша алған білімдерін тексеру;
Дамытушылық: ой – өрістерін, зейіндерін, сөздік қорын, логикалық,есте сақтау қабілеттерін дамыту:
Тәрбиелік: алғыр, тапқыр, шапшаң болуға баулу.
Түрі: ойын
Әдісі: сұрақ – жауап
Көрнекілік: алаң, интерактивті тақта, әріптер, қорапша .т.б.
Өтілу барысы
Ұйымдастыру.
Ойыншыларды ортаға шақыру.
Алғашқы ойыншыларға арналған сұрақ
Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.
Екінші ойыншыларға арналған сұрақ
Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді
Үшінші ойыншыларға арналған сұрақ
Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады
Финалға шыққан ойыншыға арналған сұрақ
Тоқымқағар Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.
Супер ойыншыға арналған сұрақ:
«Үме» яки «Асар». Қазақ арасында ертеден келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетді. Қауырт күш жұмсауды талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй – жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және т.б. істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара көмектің бір түрі, яғни еруге – қару жолмен алма – кезек болып отырады. Бұл «асарға» ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр қалады. «Үме» яки «Асар» қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып дәстүрде мәңгі қалады
Көрермендерге сұрақ:
«Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс – жұрағатттарына жасалған сый – құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма – кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды
Қорытынды. Ойыншылар марапатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |