Таңғы жаттығулар
кешені
Жаттығу №1
- «Маған қарай жүріңдер» топпен бір бағытта жүру.
Шашыла жүгіру – торғай сияқты ұшамыз.
Тәрбиеші көмегімен шеңберге тұру.
- Б.қ: түзу тұрып, аяқ иық бойымен. Қолды артқа қою.
О: Тәрбиешінің «Біздің қолымыз қайда?» деген сөзінен кейін, балалар қолдарын «міне» деп алдыға созады. 5-6 рет
- Б.қ: түзу тұрып, аяқ иық бойымен. Қолды артқа қою.
О: Тәрбиешінің «Біздің аяғымыз қайда?» деген сөзінен кейін, балалар аяқтарын «міне» деп көрсетеді. 2-3 рет
- Б.қ: аяқ түзу, иық бойымен, қол белде.
О: отырып – тұру. 6-8 рет
Аяқ ұшымен баяу жүгіру.
Тәрбиеші артынан бөлме ішінде айналып жүру, демалу жаттығулары
Жаттығу №2
- Топпен тәрбиешінің соңынан жүру.
«Құстар ұшады» – жеңіл жүгіріс.
Тәрбиеші көмегімен шеңберге тұру.
- Б.қ: аяқ иық бойымен.
О: Тәрбиешінің «Құстар ұшады» деген сөзінен кейін, балалар қолдарымен құс тәрізді ұшады. 5-6 рет
- Б.қ: Еденге отырып, аяқты айқастыру, қол белде.
О: Оңға, солға бұрылу. 5-6 рет
- Б.қ: Түзу тұрып, аяқты иық бойымен қою.
О: Қолды арқаның артына тығу. «Құстар су ішіп жатыр», еңкейіп саусақтармен тізені тоқылдату. 5-6 рет
- Б.қ: Түзу тұрып, аяқты бірге ұстау.
О: «Құстар секіреді», «құстар ұшады» 5-6 рет
Жаттығу №3
- Топпен бір бағытта жүру, «тоқта» деген белгіге тоқтау. 2-3 рет
Сылдырмақпен жүгіру.
Шеңберге тұру.
- Б.қ: аяқ иық бойымен, қолдарында сылдырмақ.
О: Тәрбиешінің белгісімен сылдырмақты тығып, көрсету. 4-5 рет
- Б.қ: Тұрып, аяқтар бірге.
О:Отырып, сылдырмақпен еденді соғып «тук-тук» деп айту, бастапқы қалыпқа келу. 4-5 рет
- Б.қ: Орында тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |