Бұлшықеттердің негізгі қызметі - жиырылу және босаңсу. Қаңқа бұлшық еттері жүйке жүйесі тарапынан реттеулі бақылауда болады , ал жүрек және тегіс бұлшықеттері өздігінен қызмет етеді. Көлденең - жолақты бұлшықеттері жиырылуы үшін соңғы моторлы плстинка арқылы қозғалыс жүйке талшығы бойынша белгі келіп түседі , мұнда белгінің сарколеммаға берілуін ацетилхолин жүзеге асырады. Бұлшық ет тінінің биохимиясы Бұлшықеттердің жиырылу қызметі химиялық қосылыстар энергиясының механикалық энергияға айналуымен байланысты . Бұл үшін мынандай жағдайлар болуы шарт: - Бұлшық еттерге үнемі химиялық энергия келіп тұруы шарт
- Механикалық белсенділікті , яғни жиырылу жылдамдығын, ұзақтығын және күшін реттеудің механизмдері болуы қажет.
- Энергияның айналуы реттеліп отырылуы қажет.
Көлдепең жолакты бұлшықеттің жиырылу сырын білу үшін ет жиырылған кезде миофибрилдердің неліктсн қысқаратынын, ал солған кезде не себептен ұзарып, калпына келстінін, сондай-ак бұлшыкеттін козуы мен қысқаруы арасында қандай тәуелділік бар екенін білу керек. Ол үшін алдымен миоциттің, әсіресе миофибрилдердщ күрылымына тоқтай кетейік. Қаңқа еті көлденең жолақты миоциттерден тұрады. Талшық үзын, цилиндр тәрізді. Оның ұзындығы 10 см-дей, ксйде одан да көп, ені 12-70 мкм.Миоцитгі қаптаған қабық - сарколемманың саркоплазмаға карай шықкан көлденең Т - өсінділері болады. Бұлшық ет тінінің биохимиясы Саркомер – бұлшық еттің функционалдық бірлігі . Әрбір саркомер 2 түрлі жуан және жіңішке жіпшемен қоршалған – протеиндік жіпшелерден ( филаменттерден құралған) . Жуан жіпшенің негізгі протеині - миозин , ал жіңішке жіпшенікі - актин , тропонин , тропомиозин болып саналады. Бұлшық ет жиырылуы кезінде жуан және жіңішке жіпшелердің ұзындығы өзгермейді , бірақ бұл жағдайда жуан жіпшелер мен жіңішке жіпшелер миозинінің бас жағының иілу бұрышы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |