9– тақырып. Іскерлік белсенділікті талдау



Дата09.04.2024
өлшемі37 Kb.
#498083
СРСП 9 тақырып Серік Аружан


9– тақырып. Іскерлік белсенділікті талдау

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.


Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
И.А.Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:
1.Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.
2. Активтердің айналымдылық жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.
Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.
Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн. Сонымен қатар кәсіпорын:
-өнімнің өзіндік құнының құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.
-баға саясатын өзгертуі қажет, яғни өнім бағасына қосылатын рентабельділіктің пайыздық мөлшерін арттыру.
Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзін-дік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.
Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпо-рын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатын-да көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қол-данылады.
Оның негізгі мақсаттары:
- Өндірістің қаупі көлемін анықтау;
- Өнім өткізуден түскен табыстың қаупті көлемін анықтау;
- Тұрақты шығындардың қаупті деңгейін есептеу;
- Өткізудің қаупті бағасын есептеу болып табылады.
“Рентабельділік шегі” – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландыру-дың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.
Осылайша, бұл іс-шараны жүргізу біздің кәсіпорын үшін өндірістің қаупті көлемін анықтауға және өткізудің қаупті бағасын есептеуге өте қажетті болып табылады.
3.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұра-ныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы эконо-микалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынайдай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.
Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.
Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражат-тарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады.
Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.
Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс .

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет