Ұйымдастырушылық-ізденушілік
|
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
1.Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
2.Ой қозғау страдегиясы:
Б алалар өз ойын ауызша айтып шығады.
ІІІ. Орманға саяхат.
-Балалар қазір біз бәріміз орманға барамыз. Орманға «Көктем» әуенін тындап барайық.
Алдарымыздан «Сиқырлы сыр сандық» кездесті.
IV. Болжау стратегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
- Балалар көктем бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар?
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дауысы естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
Құстар-птицы, қарлығаш-ласточка, ұзақ-грач сөздіктерді бірнеше рет қайталау.
Ү. Құстарға сипаттама беру.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспайды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді. Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз. Қарлығаш- қасиетті құс. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді.
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауыл адамдары. Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. «Аққуды атуға болмайды» деген мақал бар.
VI. Венн диаграммасы. Қыстап қалатын құстар және көктем құстарының ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.
Қыстап қалған құстар
Көктем құстары
VII. Құстар туралы әңгіме жүргізу.
-Балалар құстар біздің досымыз екен. Өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясың бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.
Сергіту сәті. Құстардың жасайтын қимылдарын салып жаттығуды жасай.
1.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.
2. Құстар сияқты көлден су ішу
3. Бір орында тұрып айнала ұшу
4.Орындарына барып қону.
ҮІІІ. Өлең шумақтарын бірнеше қайталау.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.
Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдің бе?.
ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"
Шарты: Сұрақтарға жауап ала отырып балалардың білімдерін тиянақтау.
-
Қыста қалатын құстарды ата?
-
Көктем жаршысы қай құс?
-
Құстар немен қоректенеді?
-
Қай құстармен таныстық?
-
Қандай үй құстарын білесің?
Х. Жұмбақ шешу.
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала. (сауысқан)
Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс. (көкек)
|
Сұрақтар бойынша жауап береді.
Күн жылынады.
Күн ұзарды.
Тіршілік басталады.
Малдар төлдейді.
Еңбек басталады.
Көктем әуенін тыңдап
сандықтың ішіндегі затты тауып атайды.
(балалардың қиялы)
Сандықтың ішіндегі құстың дауысын тыңдайды.
Қандай құстың дыбысы екенін айырады.
Балалар құстарға сипаттама береді.
Құстар туралы тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ айтады. Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар айтады.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Балалар құстардың суреттерін тақтаға құстарды екі топқа бөледі.
Қыстап қалатын құстар және көктем құстарының ұқсастығын, айырмашылығын атайды.
Үй құстары
Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді.
Көктем құстары
Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді.
Құстардың әртүрлі қимылдарын салып сергіту сәтін жасайды.
Құстар туралы өлең шумақтарын қайталап айтады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сауысқан, қарға торғай қыстап қалатын құстар.
Көтемде алғаш ұшып келетін құс-ұзақ. Құстар жәндіктермен қоректенеді.
Үй құстары:тауық ,қаз, үйрек, күркетауық.
Жұмбақтың шешуін шешеді.
|