Тақырыбы: Ақбөбек жұлдызы жарқырайды (отбасылық сайыс)
Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау. Ата - аналардың балабақшамен, тәрбиешімен, басқа ата - аналармен тұрақты қарым - қатынасын қалыптастыру. Балабақша — отбасы — бала қарым - қатынастың тиімді модельдерін іздестіру. Ата- аналар мен балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту, шеберліктерін, ойлау қабілеттерін нығайту.
Түрі: Ата - аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрі.
Сайыс барысы:
Гүлденген:
Баланың басты ұстазы ата-ана!
Қазақ халқында «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар.
Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке отбасы тірегі, қамқоршысы.
Ана-отбасына береке әкеліп бақытқа бөлейді.
Нұрсұлтан:
Асқар тауы –сүйеніші әкесі,
Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.
Жасыл құрақ-келешегі баласы,
Олар бірге болады мықты отбасы.
Гүлденген:
Семья – словечко странное,
Хотя не иностранное.
– Как слово получилось,
Не ясно нам совсем.
Ну, «Я» – мы понимаем,
А почему их семь?
Не надо думать и гадать,
А надо просто сосчитать:
Два дедушки,
Две бабушки,
Плюс папа, мама, я.
Сложили? Получается семь человек,
Семь «Я»!
Нұрсұлтан: Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Гүлденген: Ата – ана мен бала арасындағы қарым-қатынас біздің балабақшамызда да басты назарда. Ақбөбек ББО осы 10 жылдықта ата-аналармен көптеген байланыстар жасап келеді.
Атап айтсақ:
Спорттық жарыстар Әкем, Анам және мен!
Менің әкем күшті! (Әкелер жарысы)
Аналар клубы
Жылы шұлықтар қайырымдылық акциясы
Биыл Ақбөбек ББО 10 жыл толып отыр. Соған орай бүгін барлық топтар арасында отбасылық «Ақбөбек жұлдызы жарқырайды» атты сайыс ұйымдастырылып отыр.
Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық.
Гүлденген: А сейчас мы приглашаем на сцену участников нашего сегоднейшнего конкурса «Ақбөбек жұлдызы жарқырайды» . Встречайте
Қатысушыларды таныстыру (1 рет айналып, ортаға тұрады):
1. Дарын тобынан шығатын – Аманғос отбасы
2. Шұғыла тобынан- Канаевтар отбасы
3. Зерек тобынан- Кішкенебаевтар отбасы
4. Мейірім тобынан – Абимолдин отбасы
5. Ертегі тобынан – Жалниязовтар отбасы
6. Ақбота тобынан – Гордеевтер отбасы
Бәрі шығып болған соң нөмірлері таңдалады.
Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
Нұрсұлтан: Бүгінгі отбасылық сайысының ең жоғарғы саны 5 балдық жүйемен бағаланады. Алдымен сайысқа қатысушы отбасыларды сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. «Тегін білу тектілік» таныстыру сайысы
2. «Өнерлі өрге жүзер» атты өнер сайысы
3. Сән үлгісі. Бұл кезеңде сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған сән үлгісін көрсетеді.
Гүлденген: Сегоднейший конкурс отценивается по 5 бальной системе. Конкурс состоит из 3 туров.
1 тур. Визитка ( участники конкурса должны представить свою семью)
2 тур. Творчество (в этом конкурсе наши звездные семьи должны показать подготовленные номера)
3тур. Показ моды (здесь нужно показать моду, сделанную своими руками из бросового материала)
Жүргізуші: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға, - деп әділ қазыларды таныстыру.
Гүлденген: Ендеше сайысқа қатысушылар сахна сыртына шығып,дайындала берулеріңізге болады.
Нұрсұлтан: Ақбөбек ББО ның 10 жылдығына байланысты ұйымдастырылған «Ақбөбек жұлдызы жарқырайды» сайысына алыстан Америка елінен қонақтарымыз келген екен. Қарсы алайық!
І кезең «Таныстыру- Визитка»
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға
Қызып келген қырандай керілтеді
Әдеппенен ізетпен танысуға
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді
Бағалау_ІІ_кезең_«Өнерлі_өрге_жүзер-_Творчество»'>Бағалау
ІІ кезең «Өнерлі өрге жүзер- Творчество»
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында - демекші ата - ана мен бала арасындағы ән өнерлерін тамашалайық.
Бағалау
Ойын: «Қимылдық ойын»
ІІІ кезең «Сән үлгісі-Показ моды»
Иә, жақсылыққа шын сенейік
Отбасыны, бір биікке теңейік
Ал енді сәндік үлгісін көрсетсін
Отбасыларға кезек берейік,- дей келе сайыскерлер өздерінің ой қиялдарынан жасаған сән үлгісін көрсетеді.
Бағалау
Сұрақ жауап:
1. Жанұяңызда отбасылық дәстүр барма?(семейные традиции)
2. Қай кезде қуанасыз?
3. Қалай бір-біріңізді еркелетесіздер?
4. Есіңізде қалған 1 қызықты оқиғаңызды айтыңыз.
5. Бір музыка қосылып соған сай би қимылдарын жасау. (балаға)
Жүргізуші:
Сайыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу кейін қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тарасса бізге жарады.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты қоғамдағы отбасының рөлін арттыру, үлгілі отбасының өнегесін насихаттау болатын. Мақсатқа жеткен тәріздіміз. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Достарыңызбен бөлісу: |