ТАҚырыбы: алкендер – ҚанықПАҒан көмірсутектер. Алынуы, химиялық Қасиеттері және қолданылуы



Дата19.06.2016
өлшемі74.06 Kb.
#147213
түріСабақ
ТАҚЫРЫБЫ: АЛКЕНДЕР – ҚАНЫҚПАҒАН КӨМІРСУТЕКТЕР.
АЛЫНУЫ, ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ.

Оқу мақсаты: қаныкпаған көмірсутектер – этилен мысалында алкендердің алыну жолдарын, химиялық қасиеттері және қолданылуын үйрену.
Сабақтың мақсаты.


Сабақтың мақсаты:


Мұғалім үшін


Оқушы үшін

1. Білімділік




Тақырып бойынша оқушылардың біліктілік қабілеттерін ояту жағдайларын жасау.


Алкендерді алу жолдарының, химиялық реакциялардың, механизмдер мен жүру жағдайлары, алкендердің қолданылуы туралы жалпы түсінуі. Полимеризация және полимердің құрылуы реакциялары туралы алғашқы білімдерді қабылдау.


2. Дамытушылық

Өтілген және жаңа тақырып материалдар арасындағы өзара байланыс логикалық ойлау, білімді қабылдауды жаттанды түрде емес, ойлап қабылдау шарттарын тудыру.


Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік



Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, қызығушылығын тудыру, өзін - өзі бағалай алуға тәрбиелеу.


Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, экологиялық ойлауды тәрбиелеу.


Әдісі: жартылай-ізденіс.
Сабақ түрі: Жаңа материалды өту.
Ұйымдастыру формасы: фронтальды сауал, проблемалық сұрақтартарға әңгімелесу, практикалық жұмыс, өздік жұмыс, рефлексия.
Оқу құалы: таблицалар, химиялық құраллдар мен реактивтер, медиапроектор.
Программалық жабдық: сабаққа арналған компьютерлік презентация.
Құралдар мен реактивтер:

оқушы партасында: ТҚ ережесі, оқушылардың өзін бағалау парағы , штатив , пробирка, газ өткізгіштік трубкасы бар тығын, этил спирт-денатурат, концентрлі күкірт қышқылы, сіріңке, спиртовка, йод ерітіндісі бар пробирка (бром суының имитациясы) және калий перманганаты КМnО4 ерітіндісі бар пробирка.

Демонстрация үшін: Әртүрлі полимеризация дәрежесі бар полиэтиленнің полимерлі коллекциясы , тефлоннан жасалған зат, полипропилен, пливинилхлорид; этил спирті, тежегіш сұйықтығы, антифриз, В.В.Марковников портреті.
Сабаққа эпиграфы : «Ғылыми жаңалықтар мен болжамдардың шегін көру мүмкін емес». Д.И. Менделеев
Сабақ барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: Салеметсіңдер ме, оқушылар! Өз орындарыңызға отырыңыздар, біз сабақты бастайық, бұл сабақ сіздерге жемісті, ең бастысы – пайдалы болады деп ойлаймын!
II. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Мұғалім: «Қанықпаған көмірсутектер – Алкендермен» танысуды жалғастырамыз (слайд № 1). Бүгін біз алкендерді өнеркәсіпте және зертханада алу жолдарымен, қос байланыспен байланысатындығын этилен мысалында химиялық қасиеттерін сипаттауды, полимеризация реакциясының алғашқы түсініктерін және алкендердің негізгі қолданылатын аумағын қарастырамыз (слайд № 2). Сабақтың ойы орыстың ұлы химигі Дмитрий Иванович Менделеевтің айтқан сөзіне негізделген (ол сабақ эпиграфы ретінде алынған) (слайд № 3).
III. Жаңа сабақ
«ШАҚЫРУ» КЕЗЕҢІ

Мұғалім: Бұрында қабылданған білімге жаңа материалды енгізе отырып ілестірсе оңай есте сақталады. Сондықтан осы материалдарды ойда сақтап қалған білімді пайдалану жұмысын орындау. Сіздердің алдарыңызда өз білімдеріңізді бағалау парағы берілген, онда үш графа бар «Мен білемін», «Білгім келеді», «Не білдім» (слайд № 4) және қосымша 1. 5 минут ішінде әрқайсысыңыз бірінші графаны № 1 тапсырмадағы сұраққа жауап беру арқылы толтырасыз (слайд № 5):

Қандай көмірсутектер алкендер деп аталады?

Алкендердің ортақ формуласы қандай?

Алкендердің бірінші гомологтық қатарының структуралық формуласы қандай? Оны атаңыз.

Алкандарға қарағанда алкендер табиғатта практика жүзінде неге кездеспейді?

Алкендердің қандай алу жолдарын білесіз? Алкендерді қандай лабораториялық жолмен алуға болады?

Алкендер молекуласының құрамында қанықпаған қос байланыс болуына байланысты қандай химиялық қасиет тән?

Алкендер не үшін қолданылады?


!!! Оқушылардың көптеген бөлігі №5, №6 и №7 сұрақтарында қиналады.
«ОЙ ҚОРЫТУ» КЕЗЕҢІ
Мұғалім: Балалар! Қандай сұрақтар қиындық туғызды?
Оқушылар: №5, №6 және №7 сұрақтар.
Мұғалім: Қалай ойлайсыздар неге бұл сұрақтар мұндай қиындық туғызыды, себебі органикалық химияның жалпы түсініктерімен таныстық қой? (мүмкін жауаптар: білім жүйеге келтірілмеген, жинақталған материал жеткіліксіз т.с.с.)
Мұғалім: Бұл мәселені шешу үшін мен сіздерге алкендерді алу сызбасын ұсынып отырмын (слайд № 6). Мұғалім түсіндіреді.
«Алкендерді алу жолдарын» түсіндіру барысында мұғалім «крекинг», «дегидрлену», «дегидратация», «дегалогендеу», «дегидрогалогендеу» деген сияқты оқушыларға белгілі химиялық түсініктерге назар аудартады. Оқушылар алкендердің алу жолдарымен танысу барысында оған анықтама беріп, химиялық реакция теңдеуін дәптерге жазады (слайды № 7, 8, 9). Әр слайдта алдымен химиялық реакция схемасы көрсетіледі де, оқушылар дәптерлеріне теңдеуді жазып болған соң мысал көрсетіледі. Оқушылар өз жазғандарын презентацияда жазылған теңдеумен салыстырып, егер қате болса түзейді.
Алкендерді дегалогендеу және дегидрогалогендеу (слайды № 10, 11) әдістерімен оқушылар енді ғана танысады.
Мұғалім: Алкендер молекуласының құрылу өзгешелігі неде? (жауап: қос байланыс болуында)
Мұғалім: Алкандармен, «органикалық өліктермен» салыстырғанда алкендердің активтілігі қандай? Неге? (жауап: тұрақсыз π-байланыстың болуына байланысты алкендер әлдеқайда активті)
Мұғалім: Алкендерге қандай химиялық реакция типтері тән деп ойлайсыздар? (жауап: жану, қосылу).
Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциясы тән. Этилен галогендерді қосып алады,ол броммен әрекеттеседі. Бромның қызыл қоңыр түсі жойылып, түссіз дибромэтан түзіледі және Марковников ережесі қолданылатын гидрогалогендеу реакциясы(слайд № 12).
Мұғалім: Алкендердің бір – бірімен қосылу реакциясына түсуі мүмкін бе? (жауап: иа, қос байланыс болуына байланысты) (слайд № 13)
Мұғалім: Балалар, этиленнің жану реакция теңдеуін жазыңдаршы (оқушылар жұмыс дәптерлеріне, бір оқушы тақтаға шығып жазады, сосын презентациядағы жану реакциясымен салыстырады) (слайд № 14) Бұл реакция тотығу деп аталады. Неге? (жауап: Себебі атомдарда тотығу дәрежесі өзгереді)
Оқушылар тотығу дәрежесін көрсетіп, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтайды.
Мұғалім: Тотығу реакциясына калий перманганатының алкендермен түссіздену реакциясы да жатады (слайд № 15). Бұл реакция арқылы нені анықтауға болады? (жауап: алкендердің қанықпаған қасиетін)
Мұғалім: Алкендердің химиялық қасиетін олардың қолдану аясына көшу арқылы қорытындылаймыз (слайды № 16, 17) .
Зертханалық жұмыс.
Жаңа сабақты бекіту үшін «Этиленді алу және оның қасиеттері» тақырыбында зертханалық жұмыс жүргізіледі (қосымша 2). Ол үшін ең алдымен ҚТ мен концентрлі заттармен, спиртовкамен, шыны ыдыс және ерітінділермен жұмыс жүргізу ережелерін еске түсіру.
«РЕФЛЕКСИЯ» КЕЗЕҢІ

Оқушыларға өтілген тқырып бойынша синквейн құру ұсынылады (слайд № 18). Мұғалім презентациядан мысал ретінде синквейн көрсетеді (слайд № 19).


III. Үйге тапсырма (слайд № 20).

қосымша 1

« Алкендерді алу, химиялық қасиеттері және қолданылуы» тақырыбына


___________________________ оқушының өз білімін бағалау парағы

Мен білем

Білгім келеді

Не білдім?












З е р т х а н а л ы қ ж ұ м ы с

Этиленді алу және оның қасиетімен танысу.
Жұмыс мақсаты: этиленді алу және оның қасиеттерін сипаттайтын тәжірибе жасау.
Құралдар мен реактивтер: спиртовка, сіріңке, зертханалық штатив, винт, газөткізгіштік трубкасы бар тығын, пробиркасы бар штатив, фильтр қағазы; этанол, өзен құмы, концентрлі күкірт қышқылы, калий перманганатының ерітіндісі.
Жұмыстың орындалу тәртібі.

1 т а п с ы р м а. Этиленді алу.

Қауіптілік мақсатында алдын ала концентрлі заттармен мұғалім қоспа дайындайды. Ол 2-3 мл этил спирті және 6-9 мл концентрлі күкірт қышқылнан дайындалған. Сұйықтықтың қайнау кезінде атқылауынан құтылу үшін қоспаға өзен құмы қосылады.

Пробирканы газөткізгіштік трубкасы бар тығынмен жауып, штативке бекітеді (сурет 1 қара). Абайлап қыздыр.
2 т а п с ы р м а.Этиленнің химиялық қасиеті.
1. Газөткізгіш трубканың соңын кезекпен калий перманганаты және бром ерітндісі бар пробиркаға батырады. Калий перманганаты ерітіндісінде қандай өзгеріс болады? Ал бром ерітіндісі бар пробиркада? Этиленнің қанықпаған қасиетіне қорытынды жаса.
2. Газөткізгіштік трубка соңын фильтр қағазымен сүртіңіз, трубканы жоғары қаратып бөлініп жатқан этиленді жақ. Этилен қандай жалынмен жанды? Неге?

қосымша 2

Сурет. 1. Этиленді алу және оның қасиеттерін зерттеу.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет