1-оқушы: апай, неге олай? Ол
кісіге батыр атағы неге кеш берілген?
Мұғалім: Совет өкіметі тұсында шындықты айтқан адам – жаман, «халқым» деген адам – ұлтшыл болды. Бірақ, халық оны батырдан артық көрді емес пе?
(Естелікті мұғалім өзі оқиды, өлеңін оқушы оқиды)
Мұғалім: К.Мырзабековтің «Батырды еске алуы» - Баукеңнің ауыр
қазасын еске алудан туған өлең, соны тыңдаңдар.
Оқушы:
Батырды еске алу.
Кеше, кеше.
Бүгін, бүгін...бейбіт заман бабында!
Айтшы, халқым, Бауыржанның,
Бауыр етің, батырың еді ол қандай!
Жүрегіңнің төрінде ме, қарсы ала ма таңданбай?!
Қайсар, қымбат, өр тұлға ол аңыз болып қалғандай.
Соғыс – шындық кешені өткен,
Жеңіс – шындық он есе!
Ерлік жасау мүмкін емес,
Ер еліне сенбесе.
Олай болса,
Ешбір ұрпақ ұмытпайды Баукеңді.
Ерлік – шындық,
Елдік – шындық,
Тұр екеуі теңдесе!
Мұғалім: Ораз ақын Асқардың «Баукең аттас балалары» 1980 жылы, ал «Бауыржан батыр» атты өлеңі аға қайтыс болған соң жазылды.
Оқушы:
Бауыржан батыр.
Батырға
тән бетімен зор болатын,
Бүркіт қана сенше иық қамданатын.
Көргелі іздеп келгендер беттей алмай,
Бейбіт күнде-ақ сұсына таңданатын.
Қыран қабақ тұратын түйілгелі,
Отты көзің қырағы қиырда еді.
Батырлықтың
белгісі киімде емес,
Бар болмысын, бүкіл жан күйінде еді.