Сабақтың тақырыбы: Сырбайға тағзым...
Сабақтың мақсаты: оқушыларға Сырбай Мәуленов туралы мағлұмат беріп, өлең – жырларын нақышына келтіріп оқыту, елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: гүл шоқтары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Өлең оқитын оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сабақтың барысы:
Сабақ бір минут үнсіздіктен басталады.
Сәлеметсіздер ме, мұғалімдер, қонақтар, оқушылар!
Бүгін, балалар, сыршыл, ғұлама ақын Сырбай Мәуленовтың туған күні. Біздің мектебіміз сол кісінің атымен аталатынын өздерің білесіңдер. Сондықтан Сырбай атамыздың құрметіне 5 «Д» сынып оқушылары өздері дайындап келген өлең – жырларын сый ғып тартпақшы. Қабыл алыңыздар!
1. Ерсұлтан:
Сырбай Мауленов из рода певцов. Он пришел в мир сентябрьсим днем 1922 года. Место рождения – аул на берегу тихой реки Тургай. Здесь, на берегу Тургая, Сырбай жадно вслушивался в изменчивые и гибкие ритмы кюя, исполняемых жирау. И детскую душу будущего поэта обжигал огонь поэзии.
Из рода акынов,
Я весь на виду...
С домброю отцов,
Я из рода певцов, –
говорит о себе Сырбай Мауленов.
2. Карина: «Туған жерім»
Ыстықсың сен бір түрлі.
Бәрі таныс,
Бәрі маған сүйкімді.
Өзеніңмен бердің маған күлкіңді,
Өлеңіңді бердің маған мың тілді.
Туған жерім ыстықсың сен бір түрлі.
3. Рената:
Аспанда ала бұлттар,
Аспанда күн көзі тұр.
Ақ жауын құяды
Ашылмай бір мезгіл.
Ақ жауын артынан
Ақ гүлдер шығады.
Жапырақта тамшыдай
Түйіндер туады.
Жаңбыр ақ нұр секілді,
Жапырақ ақ гүл секілді.
Жетпей жатқан бір нәрсе бар,
Ол шат жыр секілді
4. Алмас: «Сабыр»
Ұшты оқтар
Оққа бірақ ұшпадым.
Жанды оттар
Бірақ жалын құшпадым.
Қызыққы да
Құмартпадым мен тегін.
Күттім оймен
Өмірімнің ертеңін.
Қызбалыққа
Қызып ермей, алқынбай.
СабырымдыСақтап қалдым алтындай.
5. Даниал:
Когтями впившись в землю снова,
Похожа ночь на хищных птиц,
Упали тени сна ночного
На пики сомкнутых ресниц.
Согнулись ивы от печали,
И ветерок притих, грустя...
А ночь,
Как бабушка, качает
Мир – ненаглядное дитя!
6. Ерсұлтан: «Туған күнім»
Жаңбырлы қыркүйектің таңы алдында,
Өзеннің қара пардай қабағында,
Көп күткен арманының жұлдызындай
Анамның жарқ етіппін жанарында.
Дүниеге қуанып күн келгеніме,
Орапты шұғыласының шеңберіне.
Түсіппін күзгі аспаннан жаңбыр болып,
Жабысып қараша үйдің белдеуіне.
Шомылып ала тозаң таң нұрына,
Қараппын жерге түсіп тағдырыма.
Жаныма жақындығы бар секілді,
Құмармын күздің қара жаңбырына.
7. Тамерлан:
Сырбай Мәуленов – өмірі өлең болған ақын. Сыршыл лирик. Қазақ халқы үшін аяулы да ардақты есім. Өлең Сырбай ақынның өміріне айналды. Қан майданда да ол қолынан қаламын тастамады. Соғыстан оралған соң да барлық саналы ғұмырын өлеңге арнады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп
С.Мәуленовтың туған күніне арналған
-
атты 5 «Д» сынып оқушыларының қатысуымен өткізілген мерекелік іс – шара
Дайындаған: Шапиева Ж.Ж.
Астана
Достарыңызбен бөлісу: |