Тақырыбы: Бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабағын өткізу бойынша оқытудың тәсілдері мен әдістері, түрлері, мазмұны



Дата01.04.2022
өлшемі43.36 Kb.
#456564
Бастапқы әскери және технологиялық




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Бастапқы әскери және технологиялық дайындық сабағын өткізу бойынша оқытудың тәсілдері мен әдістері, түрлері, мазмұны


Орындаған:

Шарбаев Е.Е.







Тексерген:

Оспанкулов Е.Е.



Алматы – 2022 ж.
Бастапқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабаққа оқытушы-ұйымдастырушының дайындығы.
Оқыту – бұл бірінші кезекте білімі мен тәжірибесі және оны шыңдайтындар арасындағы ұйымдасқан қарым-қатынас. Оқыту әдісін осылайша сипаттау арқылы оқытудың жеке бір бөлігі емес, тұтас жүйесі құрылады. Оқытуды айқындау және сипаттау келесі жағдаяттардан тұрады: оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқыту құралдары, оқытушының жетекшілік етуі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, оқыту процесінде өзгерулері, қол жеткізген нәтиже немесе мақсат. Міне, осылайша оқыту әдісінің мән- мағынасы анықталады және оқыту процесінің ішкі немесе сыртқы жақтарын (сұрау, жаңа материалдарды мазмұндау, бекіту, оқушылардың өзбетімен жұмыстары, бақылау) қарастырмайды – оқыту процесін тұтас қамтиды [6].
Оқытуды ұйымдастыруды түсіну барлық жүйенi анықтауға мүмкiншiлiк бередi, дидактикалық аппараттың ұғымдық - категориялық құралғысы өзара байланыста олар: «оқыту» және «бiлiм беру», «ұйымдастыру түрлері» және
«оқыту әдiстері», «оқыту қағидаттары» және тағы басқалар. Бұл жаңа және дәстүрлі білім беру технологияларын қолданудың болашағы мен мақсатқа лайықтылығы туралы туындаған сұрақтарды анықтау жолдарын көрсетеді, өйткені олар оқыту түрлері мен формаларын дұрыс түсінуге байланысты, оқытудың түрлері мен әдістерінің ғылыми теориясы оқыту процесінің материалдығы мен мәніне тұтастай бағынышты.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық теориялық және практикалық сабақтарда іске асырылады:

  • теориялық сабақтарды оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып, әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;

  • практикалық сабақтар оқулық қару және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып, оқу материалын игеруге бағытталады.

Әрбір сабақты өткізу үшін мектеп директоры бекіткен сабақ жоспары құрылады. Сабақтың жоспарында төмендегілер көрсетіледі: тақырыбы, оқу және тәрбиелік мақсаттары, сабақта қарастырылатын оқу сұрақтары, оқу уақытын бөлу, жалпы білім беретін пәндермен оқу сұрақтарының байланысы, материалдық қамтамасыз ету және сабақ барысы. Қажет болған жағдайда сабақта қарастырылатын оқу сұрақтарына байланысты оқу материалдарының қысқаша мазмұнда беріледі.
Оқытушы-ұйымдастырушы білім берудің жалғыз қайнар көзі болып қалмай, оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырушы ретінде қызмет ету керек.
Білім беру бағдарламасының табысты болуы оқытушы- ұйымдастырушыдан әрбір сабаққа мұқият та, тиянақты дайындалуды және жоспарлауды талап етеді. Сонымен қатар белсенді де, командалық оқыту, сыни тұрғыдан бағалау секілді заманауи педагогикалық технологияларды қолданған дұрыс. Бағдарлама іс жүзінде орындалатын әрекеттерді және зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған.
Қазіргі заманғы сабақтарды былайша түсіндіруге болады:
1. Шындықты түсіндіру, шындықты іздеу және оның мағынасын ой елегінен өткізу. Бұл дегеніміз, мазмұны ғылыми білімнен құралған рухани қарым-қатынас және соның нәтижесінде әрбір субьект зерделеу қасиеті дамып, рухани байлыққа ие болады. Шындық оқушының иығына арта салатын жүк емес, жеке тұлға шындықтың шыңына шығуға ұмтылып, оның мән-мағынасын түсінуі керек. Мысалдар: аяқталмаған тезис, мұғалімнің «мен» түсінігін трансляциялау, ынталандыру.
2. Бала өмірінің бір бөлігі және оның өмірі жалпыадамзаттық мәдениеттің жоғары деңгейінде қалыптасуы керек. Сәлемдесу, бір-біріне түсіністікпен қарау, мейірбандылық, этикет секілді оң әрекеттерді қалыптастыру керек. Тәрбиелеу – бұл дегеніміз, баланың мұғаліммен бірге және оның көмегімен қазіргі заманғы мәдениетке қадам басуы.
3. Шынайы өмірді ізгілендіру, адамзат баласын ең басты құндылық деп мойындау, жеке тұлғаның дербес дамуына мүмкіндік беруге бағытталған еркін сабақ. Оқушы әрдайым мақсат-нысана болып табылады, ол ешқашан да тәрбиелеу құралы болмауы керек.
4. Табыстылық жағдайын, адамның жекелеген жетістіктерге қол жеткізуін сезіндіруге қажет жағдай құру. Мысалдар: қолдау көрсету, әрбір әрекетті бағалау, үрейге жол бермеу, мейірбандылық, басқалармен салыстырмау.
5. Жыныстық (гендерлік) тәрбие.
6. Топтасып әрекет етуді ұйымдастыру.
7. Үйлесімін тапқан сабақ, сабақтың мазмұнының байлығы, оның сыртқы келбеті мен шамасы. Сабақтың тиімді (оң райда) өтуі. Мысалдар: педагогикалық жағдайды түзету, ойындар, өздігінен реттеу үлгілері; шындықты анықтау, жақсылық жасау, сұлулықты анықтау секілді құндылықтарды дәріптеу.
Сабақты жүргізудің алгоритмдік жобасы:
1. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша сабақтың пәндік нәтижелері түріндегі мақсаттар мен міндеттер анықталады.
2. Мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін сәйкес келетін түрлер таңдалуы керек: оқытудың белсенді және интерактивті түрлері (олардың келбеті және мәтін бойынша сабақ тақырыбына сәйкес келуі).
3. Уақытпен, іс-әрекет түрі және ресурстармен байланысқан сабақ кезеңдері. Әр сабақтың құрылымы келесі құрам-бөліктерден тұрады:
1) оқушыға түсінікті тілде жеткізілген сабақтың мақсаттары («Нені білетін боламыз, нені үйренеміз»);
2) тапсырма/сабақта жұмыс істеуге қажет білім және біліктілікті өзектілендіру;
3) сабақтың мәтіндік және көрсетуге арналған (иллюстрациялық) материалдаран құралған жаңа мазмұндағы білім деңгейін игеруге қажет тапсырмалар жүйесі (мәтінмен және көрсету материалдарымен жұмыс жасау, сыныптағы жұмыс);
4) сабақтың мазмұны бойынша қысқаша түйіндеме («Қорытынды жасайық», сыныптағы жұмыс);
5) қорытынды бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға арналған сұрақтар мен тапсырмалар (өзіндік бақылау сұрақтары);
6) Үй тапсырмаларын беру (үй және шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар).
Құзіреттілік деңгей негізде оқытылатын мақсат пен міндеттер білім берудің инновациялық технологияларын жасау және қолдануды талап етеді. Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты оқушының өзбетімен жұмысының көлемі мен рөлін ұлғайтуды, оқытудың белсенді жолдарын, бақылау құралдарының көп болуын болжайды.
ҚР Мемлекеттік стандартына сәйкес жаңғыртылған мазмұндағы орта білім берудің 10-11-сыныптарына арналған «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқу бағдарламасын оқыған кезде келесі тұлғалық нәтижелер қалыптасады:
Оқушы көрсетуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен құқықтық тәртіптеріне құрмет;
- белсендік азаматтық ұстаным, жоғары деңгейдегі патриоттық сезім, өз Отанына қызмет етуге және оның мүддесін қорғауға деген даярлық;
- туған және мемлекеттік тілді игеру, қазақ халқының және Қазақстан аумағында өмір сүріп жатқан басқа да ұлт өкілдерінің тарихына, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген құрмет;
- өзінің және өзгелердің қауіпсіздігіне сақтау дағдыларын;
- үлкендерге құрмет, кішілерге қамқорлық көрсету, басқа адамдарға деген мейірбандылық пен қайырымдылық таныту.
Жүйелі іс-әрекеттік нәтижелер
Оқушылар қолдана білулері керек:
- ғылым негіздері бойынша білім жүйесін және адамзат қоғамына дамытуға қажет ғылыми жетістіктер аясын қолдануды;
- ғылыми ақпаратты талдай, өңдеу, жіктей білу және іс жүзінде қолдануды;
- таным, құрастыра білу және зерттеу әдістері, оларды шығармашылық тұрғыдан қолдануды;
- заманауи ақпараттық-коммуникативті технологияларды.
Әдістер түрлі белгілері бойынша жіктеледі:
• оқу іс-әрекетінің сипаты бойынша: репродуктивті, мәселе туындатушы, зерттеуші, ізденуші, түсіндіруші-бейнелеуші, эвристикалық және т.с.с.;
• ұстаз бен оқушылардың белсенділік деңгейі бойынша: белсенді емес, белсенді және интерактивті;
• оқу материалының көзідер бойынша: сөздік, көрнекі, іс жүзіндегі;
• оқу-танымды іс-әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері бойынша.

Мысал: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында


«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбын мысал ретінде келтіреміз.
Мақсаты: Әскери анттың мазмұнын зерттеп, оның әскери өмірдегі және іс-әрекет кезіндегі маңызын түйсінуге көмектесу. Ант талаптарын орындауға деген жауапкершілікті, әскери борышқа және Жауынгерлік Туға, айбындылық пен даңқа деген адалдықты тәрбиелеу.
Оқу сұрақтары: 1
1. Әскери ант. Әскери анттың маңызы.
2. Әскери антты қабылдау тәртібі.
2) Белсенді: оқушылар оқыту «субъектісі» болып табылып, шығармашылық тапсырмаларды орындайды, мұғаліммен диалог орнатады. Негізгі әдістер: шығармашылық тапсырмалар, оқушының мұғалімге және мұғалімнің оқушыға сұрақ қоюлары. Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқушының оқу материалын игеру процесіндегі белсенді ойлануы және іс жүзінде орындау ұмтылдыратын процесс. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын оқыту-үйрету материалдарын мазмұндауы, оларды есте сақтау және айтып беру емес, оқушының белсенді ой еңбегі мен іс жүзіндегі әрекеттер арқылы білім мен біліктілік деңгейде өзіндік игеруі.
Оқытудың белсенді әдістері «оқытушы=оқушы» өзара әрекеті үлгісі бойынша құрылады. Аталған ұстаным оқу процесіне оқытушы мен оқушы тең жағдайда қатысуын болжайды. Яғни, оқушылар сабақты құру және қатысу тұрғысынан оқушымен бір деңгейде.
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері мыналар:
• ойлау қабілетін жандандыру, әр оқушы мәжбүрлі түрде белсенді болу керек;
• белсенділіктің ұзақ уақытқа созылады, яғни оқушы оқу процесі барысында эпизод түрінде емес, барлық уақытта белсенді болуы керек;
• қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеу мен әзірлеуде дербестік таныту;
• оқуға деген ынталандыру.
Жалпы жіктеме жүйесіне сүйене отырып, оқытудың белсенді әдістерін екі үлкен топқа бөлуге болады: дербес (жеке) және топтық, яғни оған мынадай топтар жатады:
• Дискуссиялық.
• Ойын түріндегі.
• Тренинг.
• Рейтингтік.
Оқыту процесінде мұғалім белсенді әдістің біреуін немесе бірнешеуін қолдануы мүмкін. Алайда сабақтың табыстылығы олардың көптігінде емес, оның жүйелілігі және таңдап алған әдіс пен міндеттердің арақатынасында.
Оқытудың белсенді әдістерінің ішінде ең көп таралған белсенді оқыту әдістерін қарастырайық:
Презентациялар (таныстырылым) – сабақта жиі қолданылатын және қарапайым әдіс түрі. Бұл оқушылардың өздері дайындаған слайдтарды тақырыптар бойынша дайындайды және көрсетеді.
Мысал: Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында
«Әскери топография» тақырыбын мысал ретінде келтіреміз.
Карта бойынша жұмыс:
Топографиялық карта туралы түсінік. Картамен жұмыс істеу.
Мақсаты: оқушыларды топографиялық карта туралы түсінікпен және оның атқаратын қызметімен таныстыру.
Оқу сұрақтары:
1. Топографиялық карта және оның масштабы туралы түсінік.
2. Карта масштабының атқаратын қызметі және көлемі.
Топографиялық карталардың георгафиялық карталардан басты айырмашылығы – олардың масштабтарында. 1:25 000 – 1:100 0000 дейінгі масштабтар топографиялық карталарға жатады.
Карталар әскери істе кеңінен қолданылады. Олар жергілікті жер туралы ақпарат беретін, әскерлердің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ететін басты құрал болып табылады. Ол мотоатқыштар, артиллерияшылар, ракеташылар, танкішілер, ұшқыштар мен басқа да мамандарға қажет. Топографиялық карта бойынша жергілікті жерде бағдарлап, ұрыс жүргізуге қажет шешімдер қабылданады, марштық жорықтар іске асырылады; артиллерияның зымырандарды ұшыруларына қажет мәлімттер жинақталады; жергілікті жерде инженерлік бекіністерге қажет өлшемдер мен есептер жүргізіледі; нысан координаттары және бағыт тұсы анықталады.
Әскери топография
Әскери топография бойынша сабақ оқу орнының ауласында немесе жергілікті жерде өткізіледі. Оқытушы алдымен көкжиек тұстарын, өзінің тұрған жерін бағдарлармен салыстыра отырып анықтау тәсілдерін айтып беріп, компаспен жұмыс істеу, бағытты (азимуты) анықтау және өзінің орналасқан жері туралы мәлімдеуді іс жүзінде көрсетеді. Содан кейін аталған тәсілдерді оқушылардың өздері орындап жаттығады.
Қорытынды сабақта оқушылар «Азимут бойынша қозғалу» сұрағын қарастырады.
Тарауды оқу барысында оқушылар көкжиек тұстарын және өзінің тұрған жерін анықтап, ол туралы салыстырмалы түрдегі бағдарлар мен жергілікті заттармен салыстыра отырып мәлімдеп, сондай-ақ берілген азимут бойынша қозғалу біліктілігін игереді.
Қозғалыс бағытын (азимутты) жергілікті жерде анықтау тәртібімен танысады.
Әскери топография бойынша сабақта оқушылардың бойында тапқырлық, ізденгіштік және өзіндік әрекет ете білу қасиеттері тәрбиеленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет