Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері



бет1/13
Дата19.05.2022
өлшемі110.5 Kb.
#457552
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері


Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері

Мазмұны

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………. 3
1 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ……………………………………… 5
1.1 Баланың гендерлік әлеуметтенуі жөнінде теориялық тұжырымдар …… 5
1.2 Дамудың әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық дамудың гендерлік сипаттамасы ………………………………………………………….13
1.3 Ер балалар мен қыздар тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық
ерекшеліктері ……………………………………………………………….. 15
1.4 Гендерлік білім беру және қазіргі заманғы ақиқат …………………….. 28
1.5 Баланың гендерлік дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау …… 31
2 БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ…………………………………………… 39
2.1. Зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері, зерттеу жүргізілген орын мен зерттелушілер сипаттамасы ………………………………………. 39
2.2 Зерттеуде қолданылған әдістемелердің сипаттамасы ……………. 40
2.3 Зерттеу нәтижелерінің сандық және сапалық талда…………. 45
ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………. 55
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………….. 57

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер тұлғалардың гендерлік сипаттамаларын өзгертуде. Бұрын әдетті болған дәстүрлі еркектік қасиеттер мен әйелдік қасиеттердің өзгеріп, аралас типтегі андрогинді тұлғалардың қалыптасуы орын алуда. Бұл қазіргі заман талаптарына, адамның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты еркектерде феминдік қасиеттер мен әйелдерде маскулиндік қасиеттердің байқалуынан көрініс табады.
Ең алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты зерттеу мәселелерінің бірі – гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс – адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз – әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықтарды және ортаның адамдардың биологиялық және жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендер – ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қытыеасты айқындайтын, олардың әлеуметтік психологиялық және мәдени нормалары мен рольдерінің жиынтығы. GENDER сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жағы, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік, яғни, еркектік басымдық, ал феминдік, яғни, әйелдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурындардың (стереотиптердің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмі, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рольдер мен мәдениеттік мөлшерді псиологиялық көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін бағдарламалар саясатты және психологиялық білім беру жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік психологтардың тәрбие жөніндегі әдебиет талдауы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелік сипаттамаларының тұрғысында гендерлік білім беруді оқушылардың, студенттердің, ересектердің білім алуы ретінде қарастыруға болиды. Оқушылардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл бала немесе қыз бала ретінде өзін-өзі сәйкестендіруі, демек, осылайша нақты әлеуметтік рольді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады. Студенттерге гендерлік білім беру мәселесі жастардың ересектік өмірге аяқ басуда кездесетін гендерлік таптауырындарды түсіндіруде және сол таптауырындарды жеңудің құралдарын бірігіп іздестіруде. Ересек адамдар білім беру қорған әлемде жүріп жатқан өзгерістерге ыңғайлануға және туындап отырған қиыншылықтармен күресуге көмектесіп, адаптациялық сипатқа ие.
Көп елдерде гендерлік білім беру жүйесі гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағыттылған кемісітушулікті жою сияқты істерде үлкен нәтижеге жетті. Бұл тәсіл гендерлік принциптерін барлық білім беру жүйесі бағдарламалармен саясаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз дер кезінде оырындалып отырған көкейкесті мәселе екендігі күмән тудырмайды.
Зерттеудің мақсаты: білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Зерттеудің міндеттері:
– «гендрология» ұғымының мән-мағынасын ашып көрсету;
– Қазақстан мектептерінде гендерлік тәрбиенің ену мәселесін зерттеу;
– мектептегі ер балалар мен қыздар тәрбиесін психологиялық тұрғыдан зерттеу;
– гендерлік білім берудің қазіргі жағдайын анықтау.
Зерттеу әдiстерi:
1. Р.Б. Кеттелл және Р.Д. Хаон бойынша бастауыш мектеп жасындағылардың жекедаралық ерекшелігін зерттеуге арналған тест.
2. Филлипстің мектептегі мазасыздық тесті;
3. Әлеуметтік-психологиялық бейімделу шкаласы.
4. Бастауыш сынып оқушыларының гендерлік-психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған авторлық сауалнама.
Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу жұмысының пәні: бастауыш сынып оқушыларының гендерлік психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы облысы Сархан ауданы Лепсі ауылы №54 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы.
Зерттеудің жаңалығы:
– «Гендрология» ұғымының мән-мағынасы ашып көрсетілді;
– Қазақстан мектептеріне гендерлік тәрбиенің ену мәселесі зерттелді;
– Мектептегі ер балалар мен қыздар тәрбиесі психологиялық тұрғыдан зерттеліп, гендерлік білім берудің қазіргі жағдайы анықталды.
Бітіру жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшадан тұрады.
Кiрiспеде зерттеу тақырыбының көкейтестiлiгi, зерттелу дәрежесi, мақсаты мен мiндеттерi, нысаны мен пәнi айқындалып, әдiстерi негiзделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет