Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі Біліктілікті арттырудың мақсаты медицина немесе фармацевтика мамандығының жалпы және жеке бөлімдері, олардың ұқсас пәндері бойынша, біліктілік талаптарына сәйкес теориялық білімдерді жаңарту мен тереңдету және практикалық дағдыларды жетілдіру болып табылады. Біліктілікті арттыру жоғары медициналық мамандығы бар кадрлар үшін интернатурадан және (немесе) клиникалық ординатурадан (резидентурадан) және (немесе) мамандығы бойынша қайта даярлаудан, сонымен қатар жоғары фармацевтикалық мамандығы бар кадрлар үшін мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен жағдайда көзделеді. Орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік) білімі бар кадарлардың біліктілігін арттыру үшін орта кәсіптік (техникалық және кәсіптік) медициналық немесе фармацевтикалық білім және (немесе) мамандық бойынша қайта даярлау қажетті алғашқы білім деңгейі болып табылады. Кадрларды қайта даярлаудың мақсаты жаңа мамандық бойынша кәсіби іс-қимылды орындауға қажетті жаңа білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгеру болып табылады. Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың мазмұны мен мерзімдері Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың мазмұны мен мерзімдері Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың бағдарламаларын іске асыру Үлгілік оқу бағдарламасына, жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу бағдарламалары оқу мерзімінің 2/3 бөлігін аудиторлық жұмысқа (оның ішінде практикалық пәнге кемінде 50%) және оқу уақытының 1/3 бөлігін тыңдаушының пәндік бағдарламада (силлабуста) көрсетілген тапсырмалар шеңберінде өз бетімен білім алуы үшін көздеді. Бір оқу аптасының ұзақтығы 54 сағаттан 60 сағатқа дейін болады, оның ішінде 36 сағаттан 40 сағатқа дейінгі – аудиторлық жұмыстың академиялық сағаты және 18 сағаттан 20 сағатқа дейінгі – өз бетімен білім алуы. 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі қайта даярлау циклдерінде – 864 сағаттан 1080-ге дейін сағатты, біліктілікті арттыру циклдерінде – 54 сағаттан 216-ға дейін сағатты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |