Тақырыбы: «Цирк аренасында»
Мақсаты: балалардың бойына өнерге деген қызығушылығын оятып, цирк өнерін тамашалату, кейіпкерлердің ролін айқын келтіріп ойнату арқылы, көркемдік, мәдениеттік тәрбие беру.
Көрнекілік: шарлар, доп, обруч, скакалка, гантель, костюмдер, «Цирк аренасының» макеті
Жүргізуші: Цирк аренасына қош келдіңіздер! «Арлекино» музыка ойнап тұрады.
Сайқымазақ: Балалар біз бүгін циркке барамыз. Сендер циркті білесіңдер ме?
Балалар: Ия білеміз
Сайқымазақ: Циркте не болады?
Балалар: Циркте неше түрлі аңдар, сайқымазақтар өнер көрсетеді.
Сайқымазақ: Кім циркке барады?
Балалар: біз барамыз.
Сайқымазақ: Жарайды. Циркке кіру үшін балалар мына жұмбақтарды шешіп алайық.
-
Өзі жап-жас мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар
тастамайды жылы үйде,
Түкті тоны шұп-шұбар.
(мысық)
-
Қорбаң-қорбаң етеді
Орман оның мекені
Тәтті балға тойып ап,
Қыста ұйқыға кетеді
(аю)
-
Құйрығымен сылаң-сылаң етеді
Барлығын алдап кетеді
(түлкі)
-
Үлкенге де кішіге де,
Үріп келе жатады
Таяқ алсаң ініне
кіріп бара жатады
(күшік)
-
Отырғанда шоқшиып,
Құманға ұқсап кетеді
(тиін)
-
Тұрағы ну қамыс.
Күн демей түн демей,
Жортады жолға алыс
(жолбарыс)
Сайқымазақ: Жарайсындар. Енді бәріміз циркке кірдік. Кәне айтындаршы жаңағы жұмбақтағы кейіпкерлер осында бар ма?
Мысық: Ақдидар
Пеш қасында мен отырмын
Аздап көзімді қысып отырмын
Тышқан етін жегім келіп
Тісім менің қышып отыр
(доппен секіру)
Аю: Мирас
Мен балқұмар аюмын
Орманды аралаймын
Аяқ-қолды жаралаймын
Балға тоймаймын
(мостик)
Түлкі:Айдана
Халық қу деп, қылған күлкі
Айласы көп бұл түлкі
(допты обручтан лақтыру)
Күшік: Бұлбұл
Күшігім менің ақ күшік
Өзі тым-ақ сақ күшік
Тілекшімнің біреуі
Үйімізде бақ күшік
(скакалкамен секіру)
Тиін: Меруерт
Мен тиінмін, тиінмін
Қысқа жылы киіндім
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің
(лентамен жаттығу)
Жолбарыс: Диас
Мен жыртқыш жолбарыс
Тұрағы ну қамыс.
күн демей түн демей,
Жортады жолға алыс
(сальто)
Музыка жіберіледі, қалған оқушылар сахнаға шығып, барлығы оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Тышқан:аяқпен басқа тигізеді
Тасбақа: шпагат
Спортшы: гири көтереді
Сайқымазақ: доппен жаттығу жасайды
Дидактикалық ойын.
1-ойын Соқырлық фотограф
Мақсаты:зейін, ес, иакимкалық сезімталдық процестерін дамыту
Ойының шарты: балаларға бірнеше затты көрсетіп, оларлдң орналасу орындарын есте қалу керек, кейін олардың көздерін жауып, заттардың орындарын аустырады. Ойыншы балалар түйсік процесі арқылы заттардың орналасу орындарын тауып көрсетеді.
2-ші ойын Шапаоақ тында.
Мақсаты: зейін процесін, қозғалыстың еркіндігін дамыту.
Ойының шарты:балалар бөлмеде еркін қозғалып жүреді, ал егер олар «шапалақтың дауысын» естігенде тоқталып ләйлекке айналу керек: бір аяқты көтеріп, қолдарын жан-жаққа созып, ал екі рет шапалақ естілсе, олар бақаға айналу керек. Үш шапалақ естілсе бөлмеде еркін жүруге болады.
Сайқымазақ:Ал, балалар цирк сендерге ұнады ма?
Балалар: Ия
Сайқымазақ:Сендер кімдердің өнерлерін тамашаладыңдар? Өскенде циркте жұмыс істегілерін келе ме? Ол үшін не істеу керек?
Балалар: Спортпен шұғылдану керек, ән айту керек,
Сайқымазақ: Жақсы. Егер сабақты жақсы оқып, мықты, епті болсаңдар өскенде сендермен цирк аренасында кездесеміз.Мен өте қуаныштымын, сендерге сыйлық ретінде ән тарту етемін Хоршат Ақдидардың орындауында.
Сайқымазақ:Қош сау болындар келесі кездескенше.
№2 Ленинград орта мектебі
Тәрбие сағаты
«Цирк аренасында»
Мектепалды даярлық тобы
Өткізген: Мукушева С.Н.
Альжапова К.Т
2009-2010 оку жылы
Достарыңызбен бөлісу: |