Сабақ Бөлім: Тағам және сусын. 5 бөлім



Дата11.03.2024
өлшемі238.9 Kb.
#494919
түріСабақ
Бейнелеу 1 сынып




«Абай Құнанбаев атындағы №87 мектеп-гимназиясы»
Қысқа мерзімді жоспар
Бейнелеу өнері – 30 сабақ



Бөлім:

Тағам және сусын. 5 - бөлім

Мұғалімнің аты-жөні:

Досымжан Салтанат

Күні:




Сынып: 1- сынып

Қатысушылар саны: 25

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жемістер ассортиі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру.
1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды және құралдарды қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды жемістермен таныстырып, олардың суретін салып үйрету.

Сабақтың барысы.

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы.

Сергіту сәті: Шаттық шеңберін құрып, бір біріне жақсы тілектер айтады.
Шаттық шеңбері арқылы сабақты көтеріңкі, жақсы көңіл күймен бастайды. Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі тілектер мен жақсы сөздер айтады.
Мұнда әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне, өзгелерге сенім артады.

Оқушылар орындарын тұрады. Ортаға шығып шаттық шеңберін құрады. Шаттық шеңберде достарына жақсы тілектер айтады.




Тақырыпты ашу.

«Арқаға сурет салу»
Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға тақырыпқа байланысты жазылған сөздері бар қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт, жүзім, т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.
Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына
салынған заттың атын сұрап, тақтаға салуын өтінеді. Оны қағазда жазылғанмен салыстырады.
Осылай тақырыптың атын біледі.

Оқушылар екі топқа бөлінеді де, бірінің артынан бірі тұрады. Оқушының мақсаты арқаға салынған суретті алдында тұрған оқушының арқасына салу. Соңғы оқушы суретті тақтаға апарып салады. Оны қағазда жазылғанмен салыстырады.





Сабақтың ортасы.

Оқушылар, бүгін біз тәтті де, бәрімізге ұнайтын жемістер жөнінде әңгіме қозғаймыз.
Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырып өтеді.
1) Сурет арқылы жаңа сөздермен таныстыру. Сөздікпен жұмыс.
-Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
-Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландырады.
1) Мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды, оқушылар дауыстап қайталайды.
2) Мұғалім сөздерді оқиды, оқушылар тізбектеп қайталап отырады.
Жаңа сөздер:
Алма, Алмұрт, Өрік, Шие, Жүзім, Банан, Киви, Ананас, Анар, Шабдалы.

Бейнеролик арқылы оқушылар жемістердің түрімен танысаы.



Оқушылар тақырыпты түсініп, оқытушыны мұқият тыңдап отырады.


Бейнероликты мұқият тыңдап, қарап отырады.


Сілтеме:
https://youtu.be/77WhOfp0nlw?si=fS0TdGc3nr41NHgu






Фонетикалық жаттығулар:
-ма, -ма, ма, дәмді алма.
-ім, -ім, -ім, қара жүзім.
-ие, -ие, -ие, домалақ шие.



Оқушылар сурерттерге қарап, фонетикалық жаттығуларды орындайды.







Суреттермен жұмыс жүргізу.
Мысалы:
-Мынау не? -Мынау алма.
-Алманың көлемі қандай? –Алма үлкен.
-Алманың түсі қандай? –Алманың түсі қызыл.

Суреттерге қарап, мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.







Сурет салу.
Мұғалім оқушыларға себет суретін береді. Оқушылардың міндеті сол себетті өз қалаулары бойынша жемістерге толтыру.


Себеттің ішіне өзі қалаған жемістердің суретін салады. Оны түрлі түсті бояулармен бояп, өз фантазиясын қосады.




Сабақтыңсоңы.

Рефлексия. «Табыс ағашы» әдісі.
Оқушылар бүгінгі өткен тақырыпты түсінгенін не түсінбегенін бағалау үшін осы әдісті қолданады. Қызыл алма – жақсы түсіндім, сары – орташа, жасыл –түсінбедім.




Оқушылар өздеріне берілген алма пішінді стикердің белгілі бір түсін алып, тақтада ілулі тұрған ағашқа апарып жабыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет